Бақылау сұрақтары 1. Қалыпты асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттерін атаңыз.
2. Асқазан сөлінің қышқылдылығы, түрлері, қалыпты мөлшері, тұз
қышқылының дебит-сағаты және “Сағаттық зорлану” секрециясы
туралы түсінік беріңіз.
3. Патология кезінде асқазан сөлінің қышқылдығы қалай өзгереді
(гипер-, гипо-, ахлоргидрия және ахилия) ?
4. Асқазан сөлінің органикалық, бейорганикуалық құрамын атаңыз.
5. Асқазан сөлінде патология жағдайларында түзілетін өнімдер,
олардың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
6. Ас қорыту жолдарында белоктардың қорытылуын және осы
процестерді катализдейтін ферменттерге сипаттама беріңіз.
7. Белоктардың қорытылуынан түзілген өнімдердің сіңірілуі және
кейбір қорытылмаған белоктардың ішекте шіруі қалай жүреді ?
8. Белоктың шіру өнімдері қалай усыздандырылады?
9. Организмде амин қышқылының дезаминденуі қалай өтеді?
10. Амидтену және дезаминдену, процесстердің маңызы неде ?
11. Аммиактың усыздану жолдары, мочевинаның синтезі, оны
анықтаудың клиникалық маңызын түсіндіріңіз.
12. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарына түсінік беріңіз.
13. Азотты баланс, оң және теріс азотты баланс дегеніміз не?
14. Креатин және креатинфосфаттың синтезін жазып көрсетіңіз,
олардың түзілетін жерін атаңыз, және маңызын түсіндіріңіз.
15. Амин қышқылы катаболизмінің жүру жолдарын түсіндіріңіз .
16. Амин қышқылдарының трансаминденуіне, зат алмасудағы
маңызына,
аминотрансферазалардың
простетикалық
тобына
сипаттама беріңіз, реакцияларын жазып көрсетіңіз.
17. Амин қышқылдарының декарбоксилденуінің маңызы неде?
18. Биогенді аминдердің түзілуі және физиологиялық процестерді
реттеудегі биологиялық рөлін түсіндіріңіз.
19. Белок алмасуындағы бауырдың рөлі, АсТ, АлТ, креатинин
активтілігін анықтаудың клиникалық маңызы неде?
20. Бауыр мен бүйректің белок алмасудағы маңызын түсіндіріңіз.
21. Жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дегеніміз не, оны
анықтау әдістері қандай?
22. Мочевина синтезі мен бөлінуі бұзылыстарын атаңыз
23.
Амин қышқылдары алмасуының бұзылыстары неге әкеледі?