Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


  5-тарау. Күрделі белоктардың алмасуы



Pdf көрінісі
бет156/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 


212 
5-тарау. Күрделі белоктардың алмасуы 
 
5.1
.
 Гликопротеидтердің алмасуы 
 
Гликопротеидтер (ГП) 
– екі компонентті күрделі белоктар. 
Молекуласы жай белоктан және простетикалық топтан құралған.
Белок емес бөлігі әртүрлі көмірсулар мен олардың туындыларынан
құралған. Гликопротеидтер құрамындағы көмірсулардың және 
белоктың мөлшеріне және сапасына қарай 
нағыз гликопротеид 
және
 протеогликан 
деп бөлінеді.
 
Нағыз гликопротеидтерде белоктың мөлшері 80-90%-ға дейін 
жетсе, ал протеогликандарда көмірсулардың мөлшері көп болады 
(0-90%). ГП –ің молекулалық массасы өте үлкен, бірнеше миллион 
дальтон, қышқылдық қасиеті бар, жоғары температураға, қоршаған 
ортаның және химиялық әсерлерге төзімді келеді. Олардың бұл 
қасиеттері, 
ерекшеліктері, 
арнайылықтары 
құрамындағы 
көмірсуларға байланысты. Яғни көмірсулар ГП-ің биологиялық 
қызметтерін анықтайды. ГП-ің құрамындағы олигосахаридті 
тізбектердің ұзындықтары әр түрлі болады және олар полипептидті 
тізбектерге ковалентті байланысқан. Нағыз гликопротеидтердің 
простетикалық тобының құрамында түрлі моносахаридтер және 
олардың амин туындылары, нейрамин, сиал қышқылдары әр түрлі 
мөлшерде болады, белгілі бір жүйелілік байқалмайды, яғни жүйесіз 
көмірсулардан тұрады. [16]. 
Нативті ГП-ің простетикалық тобының химиялық табиғатын
анықтау үшін гидролиз жүргізеді. Гидролизатта амин қышқылдары,
гексозаминдер (глюкозамин, галактозамин ) және глюкоза, манноза 
галактоза, ксилоза, арабиноза, глюкурон қышқылдары, сонымен 
қатар күкірт қышқылы, нейрамин, сиал қышқылдары гиалурон 
қышқылы, хондроитинкүкірт қышқылдары кездеседі. 
Нағыз гликопротеидтердің өкілдеріне иммуноглобулиндер; 
муциндер; сиалопротеидтер; гормондар: гонадотропты (ІТГ), 
тиреотропты (ТТГ), фолликула стимулдеуші гормон (ФСГ), 
лютеотропты; қан тобын анықтайтын белоктар; протромбин, 
холинэстераза; транскортин; церулоплазмин; гаптоглобин жатады. 
Гликопротеидтер қан плазмасында, сілекейде, цитозольде, 
мембраналардың құрамында көп мөлшерде болады әсіресе, дәнекер 
тінінің клеткааралық затында көп кездеседі. Гликопротеидтердің 
рөлі алуан түрлі. Олар гидрофобты заттар мен металл иондарын 


213 
тасымалдайды; мембрана рецепторларының құрамына кіре отыра, 
арнайы жанасуды (контакт) қамтамасыз етеді (клеткалардың бірін-
бірі, гормондарды тануға қатысады). 
Тіндердің 
жіктелуіне 
әсерін 
тигізеді, 
иммунологиялық 
реакцияларда маңызы өте зор, сонымен қатар кілегейлі, шырышты 
қабаттың құрамында, олар қорғаныс кызметін атқарады
Нағыз гликопротеидтер мен протеогликандар бір-бірінен тек 
белок пен көмірсулардың мөлшерімен ғана емес, сонымен қатар 
простетикалык топ түзетін көмірсулардың сапасымен де, 
ерекшеленеді. Кейбір ГП құрамында гликозаминогликандар: 
гиалурон қышқылы, хондроитинкүкірт қышқылдары кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет