142
Аурудың мұндай күйін аузынан жемістің иісі сияқты иістің
шығуынан
анықтауға болады,
қант диабетімен ауыратын
адамдардың аузынан шіріген алмұрт иісінің пайда болуы диабеттік
команың алдында пайда болатын жағдай.
Иістің құрамында ацетон болады, ол кетонемия кезінде көп
мөлшерде ацетосірке қышқылынан түзіледі. Ацетон синтезінің орын
алуы сипаты жағынан бейімделгендік болып табылады.
Ацетон
ацетосірке қышқылымен салыстырғанда қанның РН-ын аз дәрежеде
өзгертеді. Ашығудан өлімге ұшыраудың негізінде кетоацидоз
механизмінің пайда болуы жатыр.
Сондықтан, қышқылдық-сілтілік күйді бақылауда ұстамай, ем
үшін ашығуға рұқсат берілмейді.
Кетон денелері биосинтезі
жылдамдығының артуынан басқа,
бауырда гликоген мөлшерінің азаюы БМҚ-ның жиналып, көбеюіне
әкеледі. Бұл кезде
липогенез артады, бауырды май басады.
3.6
.
Триацилглицеридтер алмасуы және реттелуі
Кейде адамдардың тағамды қабылдау интервалы ұзаққа
созылып, сирек қоректенеді. Соған байланысты,
энергияны деполау
механизмдері қалыптасқан. ТАГ (нейтралды майлар) энергияны
деполаудың негізгі және тиімді формасы болып табылады.
Деполанған майлар ұзақ уақыт (7-8 аптаға дейін) ашығу
барысында организмді энергиямен қамтамасыз етеді. ТАГ-ң синтезі
бауыр мен май тіндерінде абсорбтивті кезеңінде жүреді.
Егер май
тіндері тек, майларды деполайтын орын болса, онда бауыр тағаммен
келіп түскен көмірсулардың бір бөлігінен майларды синтездер еді.
Бауыр өз кезегінде ӨТТЛП-ң құрамында ТАГ-ды басқа
тіндерге жеткізеді. Майлардың синтезіне пайдаланылатын бірден-
бір субстрат Ацил-КоА және глицерол-3-фосфат болып табылады.
Бауырда гликолиз өнімдерінен май қышқылдары синтезделеді.
Гепатоциттердің тегіс эндоплазматикалық
ретикулумында май
қышқылдары активтенеді және бірден глицерол-3-фосфатпен
әрекеттесіп, ТАГ-ң синтезіне жұмсалады. Синтезделген майлар
ӨТТЛП-ң құрамында қанға секретирленеді.
Майлы тіндерде ТАГ-ң синтезіне ӨТТЛП мен ХМ гидролизі
кезінде босап шыққан май қышқылдары пайдаланылады. Май
қышқылдары адипоцитке түскеннен кейін,
КоА-ң туындыларына
айналады
және
глицерол-3-фосфатпен
әрекеттеседі.
ТАГ
143
молекулалары бірігіп ірі май тамшыларына айналады. Осылайша,
энергия көзі ретінде сақтауға өте ыңғайлы, ықшам форма түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: