154
жетіспеушілігі) тас түзілу ықтималдығының артуына ықпал етеді.
Мұндай өттас ауруын сәтті емдеу үшін, хенодезоксихоль қышқылын
қолдану арқылы холат-холестерол
индексін жоғарылату, ГMГ-
редуктаза активтілігін тежеу және ХСН синтезін төмендету қажет.
1г қышқыл ХСН синтезін 2 есе төмендетеді.
Өт құрамында холестеролдан басқа,
пигментті тастар болуы
мүмкін, осындай тастардың түзілуі шамамен 10-27%-н құрайды.
Тұнбада бос билирубиннің кальцийлі тұздары және гемоглобиннің
ыдырау өнімдері кездеседі. Бос билирубин (тікелей емес) суда
нашар ериді, улы, бауырда
глюкурон қышқылымен усызданады,
осылай байланысқан күйінде бауырдан бөлініп, өт қабына түседі
және тек аш ішекке келгенде
глюкурон қышқылынан бөлініп
шығады.
Патология
кезінде
бауырда
түзілген
немесе
бактериялардың β-глюкорунизадасы өт шығаружолдарында немесе
өт қабында байланысқан билирубин гидролизденіп, улы, суда
ерімейтін бос билирубинге айналады.
Соңғысы кальций мен
байланысып, тұнбаға түседі. Демек, пигменттік тастардың түзілуі,
тек бауыр ауруларында ғана байқалмайды, сонымен қатар өт шығару
жолдарының аурулары: өт тоқырауы,
қабыну аурулары және
гемоглобиннің қарқынды ыдырауы, гемолитикалық ауруларда, қайта
қан құйғанда және сәйкес келмейтін үйлесімсіз қан құйғанда орын
алады.
Достарыңызбен бөлісу: