152
қанықтыруды жатқызады. Бұл тромбы түзілу мүмкіндігін азайтып,
ХСН-ді организмнен шығаруға көмектеседі.
Антиоксидантты қаксиеті бар дәрумендер; С, Е, А липидтердің
пероксидті тотығуын ингибирлейді, осылайша ТТЛП құрылымының
қалыпты болуына және олардың метаболизміне оң әсер етіп, қолдау
көрсетеді. Айқын атеросклероз бен гиперхолестеролемияны емдеуде
тек диетаны коррекциялау шаралары арқылы жүргізу жеткіліксіз.
Мұндай жағдайда емдеу комплексті болуы қажет.
Емдеу
принциптерінің
бірі-
өт
қышқылдарының
энтерогепатикалық циклі айналымының ашылуы. Бұл үшін
холистерамин сияқты дәрілер қолданылады.
Бұл полимерлер ішекте өт қышқылдарын адсорбирлеп, оларды
фекалимен сыртқа шығарады,
осылайша өт қышқылдарының
бауырға қайта оралуын азайтады. Сонымен бірге бауыр қан арқылы
келген холестеринді жаңа өт қышқылдарын синтездеуге жұмсауы
жоғарылайды. Атеросклерозды емдеуге қолданылатын тиімді
препараттар – ГМГ-КоА редуктаза ингибиторы болып табылады.
Мұндай препараттар организмнің
өз ХСН-ін синтездеуін
толық тоқтатады, осы жағдайда бауырдың қан құрамындағы ХСН-ді
ұстап алып жаңа өт қышқылдарының синтезіне пайдалануы артады.
дәрілік препараттар – фибраттар – ЛПЛ- азаны активтендіру арқылы,
ӨТТЛП-ың катаболизмін жылдамдатады және бауырдағы май
қышқылдарының тотығуын арттырады, ТАГ,
ХСН эфирлерінің
синтезін азайтады, нәтижесінде бауырда ӨТТЛП-ің секрециялануы
төмендейді. Клофибрат май қышқылдарын тотықтыруға қабілетті
Достарыңызбен бөлісу: