Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет111/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

3.10. Эйкозаноидтар.
Эйкозаноидтар құрамында 20 көміртегі атомдары («эйкоза» 
грекше 20 деген мағына береді) бар көптеген клеткаларда 
қанықпаған 
полиен 
май 
қышқылдарынан 
синтезделетін 
биологиялық активті заттар болып табылады. 
Эйкозаноидтар 
– 
простагландиндер, 
тромбоксандар, 
лейкотриендер және тағы бір қатар заттармен бірге клеткада 
белсенділігі өте жоғары реттеушілер қызметін атқарады. Мысалы, 
Эйкозатриенді 20:3; Эйкозатетраенді 20:4 ώ- май қышқылдары;
Эйкозапентаенді 20:5 ώ – 3 май қышқылдары; [2]. 
Эйкозаноидтардың 
басым 
көпшілігі 
эйкозатетраенді 
(арахидонды) май қышқылдарынан түзіледі.
Бұл май қышқылдары ағзаға тамақпен түседі немесе 
эссенциальды май қышқылдары – линолен (18:2) май қышқылынан 
түзіледі.


155 
Арахидон қышқылы клеткада мембрана фосфолипидтерінің 
құрамына кіреді. Сигналды молекула аденилатциплазды жүйенің 
рецепторымен әрекеттесіп фосфолипаза А
2
-ні активтендіреді. 
Клетка цитозолінде арахидон қышқылы құрылысы жағынан әртүрлі 
болатын эйкозаноидтарға айнала алады. Әрбір клетканың түріне 
байланысты олардың бір түрі басымдау синтезделеді.
Эйкозаноидтар клетка аралық кеңістікке секрецияланады 
және жақын орналасқан фенотипі басқаша бірдей немесе фенотипі 
клетканың рецепторларымен әрекеттеседі. (1. паракринді реттелу, 2. 
аутокринді реттелу). (3.9). [73].
(3.9) 
Аутокринді реттелу кезінде рецепторлар осы эйкозаноидтарды 
секрециялайтын клетканың мембранасында орналасқан болуы 
мүмкін. 
Эйкозаноидтар 
нысана 
– 
клеткаларына 
арнайы 
мембраналық рецепторлар арқылы әсер етеді және өз сигналдарын 
аденилатциклазды, гуанилатциклазды немесе инозитолфосфатты 
жүйелерді активтендіру арқылы береді. [2].
Сондықтан сигналдың қай жүйе арқылы берілуіне байланысты
нысана-клеткаларда
ц 
АМФ, 
ц
ГМФ, ИФ
3
және Са
2+ 
-ң деңгейі өзгеруі 
мүмкін. Қалыпты жағдайда эйкозаноидтардың саны рецепторлармен 


156 
және сигналды жүйесімен байланысуға жеткіліксіз. Бірақ, 
патологиялық жағдайларда фосфолипаза А
2
активтенуі мүмкін. 
Бұл эйкозаноидтардың синтезін арттырады және клетка аралық 
кеңістікке бөлінуін күшейтеді. 
Эйкзоноидтар - тегіс бұлшықет клеткаларының тонуысын 
реттейді, сондықтан артериалды қысымға әсер етеді. Ішектерге және 
бронхтардың жұмысын реттейді. Қабыну реакцияларының дамуын 
стимульдейтін макрофагтардың қызметіне әсер етеді. Қанның ұю 
процесіне 
қатысатын 
тромбоциттердің 
активтілігін 
және 
лейкоцитдің хемотаксисін, мен агрегациялануын реттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет