Қан айналымының рөлі. Қан айналысының рөлі (микроциркуляцияны реттеудің кейбір
механизмдері). Осы деңгейде гемодинамиканың өзгеруі тіндердің
метаболизміне айтарлықтай әсер ететіні белгілі. Алмасатын
тамырлардың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуына ықпал ететін және
сол
арқылы
қан
айналымы
жүйесіндегі
газдар
мен
биомолекулалардың
қан
↔
тіндер
жүйесінде
алмасудың
қарқындылығын өзгертетін кейбір факторларды қарастырсақ, Кинин
жүйесі: каллидин, брадикинин және метионил-лизилбрадикининнен
тұрады. Олар жергілікті және жалпы қан айналымының реттейді,
тамырлардың тегіс бұлшықеттерін босаңсытады. Капиллярлық
мембрана, тамыр қабырғалары және басқа мембраналардың
өткізгіштігін арттырады, сонымен қатар қабынуға қарсы әсер етеді.
Бірқатар факторлардың (Хагеман факторы) әсерінен тіндерде
және
қанда
активсіз
ізашары
активтеніп
калликреиноген
калликреинге айналады. Калликреиндер трипсин типті протеназалар
болып табылады. Олар аргинин немесе лизиндегі карбоксил тобының
қатысуымен түзілген пептидті байланыстарды үзеді (кең мағынада
белоктардың протеолизі, бұл ферменттерге тән емес).
Бұл
ферменттер қан плазмасының 2-α-глобулиндерімен
байланысқан ізашарларынан активті кининдер- каллидин және
брадикининді ажыратады. Брадикинин тоғыз амин қышқылы
қалдығынан құралған пептид, каллидин-лизил- брадикинин (10 амин
қышқылы
қалдығынан
құралған). Брадикининнің
бір
бөлігі
каллидиннен аминопептидазаның қатысуымен лизинді бөліп алғанда
түзіледі. Қан сарысуында кининдердің мөлшері төмен (мысалы,
брадикинин 1-18 ммоль/л). Олар қысқа уақыт әсер етеді
Барлық тіндерде және қан плазмасында іс-жүзінде кездесетін
барлық
кининдер
ферменттер
тобы
–
кининазалармен
инактивацияланады. [25].