Жүрек – тамыр және лимфа жүйелері
коммуникативті
жұптарымен қатаң ағзадағы барлық химиялық қоспаларды
тасымалдауға қатысады.
Олардың көмегімен газдар, пластикалық және энергетикалық
молекулалар, минералды заттар қоршаған ортадағы тіндердің
клеткаларына және тіндер мен клеткалар арасында тасымалданады,
сонымен
қатар
организмге
түскен
микроорганизмдерді
ксенобиотиктерді, метаболизмнің соңғы
өнімдерін бөліп шығару жүзеге асырылады.
263
Қорытынды
Тірі организм тіршілік етуі барысында өзін қоршаған ортаға
әрдайым тәуелді болады. Организмнің тіршілік ету тәсілі,
негізінен олардың химиялық құрам бөліктерінің үздіксіз жаңарып
отыруына негізделген. Адам организмінде зат алмасу, қалай
болса, солай жүрмейді, керісінше өте жақсы ұйымдастырылып,
бағыттаған. Органикалық заттардың түгелдей алмасулары, яғни
анаболизм мен катаболизм процестері бір-бірімен тығыз
байланысты. Соның ішінде, биосинтез және ыдырау процестері
өзара байланысты үйлестірілген және химиялық пороцестерге
дұрыс бағыт беретін, нейрогуморальды механизмдер арқылы
реттеледі. Адам организмінде белок, липид, көмірсу және нуклеин
қышқылының алмасулары өздігінен жүрмейді. Олардың барлығы
метаболизм процесіне біріктірілген және диалектиканың өзара
тәуелділік заңдылықтарына бағынады және органикалық
қослыстардың жеке кластары арсындағы өзара алмасулардың
жүруіне мүмкіндіктер тудырады.
Алмасулардың байланыстылығы әсіресе, олардың бір-біріне
айналу процестерінде жақсы байқалады, мысалы ретінде, дене
массасының өсуін қарастыруға болады. Метаболизм алмасуының
негізгі, универсалды метаболиттері мен шешуші рөл атқаратын
ортақ аралық өнімдері: пирожүзім қышқылдары (ПЖҚ),
глицерофосфаттар, ацетил – S-КоА және үшкарбон қышқылы
цикліның кейбір метаболиттері, қымыздық сірке қышқылы ( ҚСҚ),
болып табылады. Кейбір аминқышқылдарынан дезаминдену,
трансаминдену реакциялары арқылы ПЖҚ, ҚСҚ түзіледі. Олар
глюконеогенез жолымен глюкозаға айналуы мүмкін:
Амин қышқылы
ПЖҚ
глюконеогенез
глюкоза
Көмірсулардан белоктардың түзілуі мүмкін, бірақ шектелген, себебі
организмде көмірсулардан алмастырылатын амин қышқылдары
түзіледі, ал құнды белоктар синтезделуі үшін алмастырылмайтын
амин қышқылдары қажет болады.
Көмірсулардан липидтер, активті сірке қышқылы (АСҚ),
арқылы оңай түзіледі, ал керісінше липидтерден көмірсулар түзілуі
шектелген. Глицерин
ФГА
глюкоза.
Липидтердің белоктарға айналуы шектелген. Глицерин
ФГА
ПЖҚ
аланин трансаминден Липидтерден кейбір амин
қышќылдары ғана түзілуі мүмкін
264
Достарыңызбен бөлісу: |