268
қабырғалары, синцития эндотелиалды клеткалары, Купфердің
жұлдызша клеткалары, РЭЖ клеткаларының басым көпшілігі,
Купфер клеткаларынан тұрады, олар адам бауырындағы барлық
клеткалардың
30%
-ын
құрайды. Бауыр
артериясы
интралобулярлы артериолдарға тармақталады, олар, әрі қарай
бауыр бөліктерінің шетіндегі немесе орталығындағы синусоидтарға
құйылады. Сондықтан, әр синусоидтарда әрі порталды, әрі
артериалды қан болады. [9].
Бауыр клеткалары мен синусоид эндотелилерінің арасында,
қалыпты жағдайда пішінін өзгерткен саңылаулар болмайды.
Гипоксия кезінде синусоид эндотелиінің өткізгіштігі артады
және синусоидтар мен бауыр клеткаларының арасында белоктары
бар « Диссе кеңістіктері » пайда болады. Өт капиллярлары бауыр
клеткаларының аралықтарында тығыз анастомозды желі түзе,
орналасқан. Сонымен қатар, бауыр құрылымының тұрақтылығын
дәнекер тіндерінің талшықты қаңқасы қамтамасыз етеді.
Кейбір патология кездерінде мысалы, циррозда дәнекер
тіндерінің элементтері салыстырмалы түрде коллагеннің үлесінен
ұлғаяды. Мұндай жағдайлар қан тамырларының қысылуына әкеледі.
Оған қоса, өттің ағып шығуы бұзылады. Цирроз кезінде әсіресе,
портальды қан айналым зардап шегеді, мөлшері азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: