Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


 Бауырдың улы заттарды усыздандыруы, бөлуі



Pdf көрінісі
бет197/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

7.5. Бауырдың улы заттарды усыздандыруы, бөлуі.
 
Бауыр табиғи метаболиттер (билирубин, гормондар, NH
3
) мен 
бөгде заттарды усыздандыратын негізгі басты орган болып 
табылады. Бөгде денелер немесе ксенобиотиктер организмге 
қоршаған ортадан түседі және олар тіндерге құрылым 
материалдары мен энергия көзі ретінде пайдаланылмайды. 


271 
Мұндай заттарға - дәрілік препараттар, адам тіршілігінің 
шаруашылық өнімдері, тамақ өнеркәсібінің (консерванттар, бояғыш 
заттар) және тұрмыстық химиялық заттары жатады. [4]. 
Қалыпты метаболиттердің усыздандырылуы: 
1. Пигменттердің усыздандырылуы
. Бауырдың РЭЖ 
клеткаларында гемнің катаболизмі жүреді. Гем билирубинге
тотығады, билирубин гепатоциттерде глюкурон қышқылдарымен 
коньюгацияланады және ішектен түскен уробилирубиноген 
гепатоциттерде пигмент емес өнімдерге ыдырайды.
2. Аммиактың усыздандыралуы
. Аммиак - күшті токсиндік 
қосылыс, әсіресе ми үшін өте қауіпті. Организмде аммиакты 
усыздандырудың негізгі механизмдері бауырда мочевинаның 
синтезделуі болып табылады. Мочевина - токсиндік әсері 
мардымсыз қосылыс, организмнен зәр арқылы шығарылады. 
3. Гормондардың инактивациялануы
. Гормондарды 
инактивациялауда бауыр маңызды рөл атқарады. Көптеген 
пептидті гормондар протеолитикалық ферменттердің қатысуымен 
бауырда гидролизденеді. Мысалы, инсулиназа ферменті инсулиннің
А және В тізбегіндегі пептидті байланысты гидролиздейді. 
Адреналин 
және 
норадреналиннің 
катаболизмі 
моноаминооксидазаның қатысуымен дезаминденуі, метилденуі, 
күкірт және глюкурон қышқылдарымен коньюгациялануы бауырда
жүреді. Метаболизмнің өнімдері зәрмен шығарылады. 
4. Ксенобиотиктердің усыздандырылуы

Ксенобиотиктер көпшілігінің усыздануы 2 фазада өтеді. 
1-ші фазада химиялық модификацияланады; 
2-ші фазада коньюгацияланады. 
Химиялық модификация – ферментативті процесс, 
ксенобиотиктердің бастапқы құрылымы модификациялануынан:
- молекула ішілік байланыстар үзіледі 
- молекулаға қосымша функциональдық топтар жалғасады, 
(-СН
3
, -ОН, -NH
3
). [30]. 
- гидролиз жолымен функциональдық топтар алынып тасталынады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет