270
спецификалы метаболитикалық айналымдарына дейін маңызды рөл
атқарады. Атап айтатын болсақ: Өт қышқылдарының синтезі және
өттің түзілуі; Май қышқылдарының β- тотығуы; Май
қышқылдарының
биосинтезі;
Кетон
денелердің
түзілуі;
Фосфолипидтердің синтезі мен ыдырауы; Холестеролдың синтезі
және ХСН эфирлерінің түзілуі;
Холестерин эфирлері мен бос
холестериннің ара қатынасы
қалыпты жағдайда 0,5-0,7%-ды
құрайды. Бұл коэффицценттің
0,3-0,4%-ға төмендеуі бауыр
зақымдануында байқалады және жағымсыз белгілер болып
табылады. Өте төменгі тығыздықтағы және төменгі тығыздықтағы
липопротеидтердің негізгі синтезделетін орны. Д
3
дәруменінің 25-
ші көміртегі атомына гидроксиль тобының жалғасуы арқылы,
алмасатын активті формасына айналуы бауырда жүреді. [1].
7.4. Бауырдың белоктар алмасуындағы рөлі.
Бауыр белок және басқада, азотты заттардың алмасуында
орталық қызметтерді атқарады: Плазманың спецификалы
белоктарын синтездейді: Бауырда: 100% альбуминдер синтезделеді;
75-90% δ-глобулиндер, 50% β-глобулиндер;
Тек,
бауырда
қанның ұю жүйесінің белоктары: протромбин, фибриноген,
проконвертин, проакцелерин синтезделеді. Аминқышқылдардың
трансаминдену және дезаминдену реакциялары өте белсенді жүреді;
Тек, бауырда ғана мочевинаның синтезі жүреді; Зәр қышқылының
синтезі негізінен, бауырда жүреді, себебі мұнда ксантиноксидаза
ферменті көп кездеседі, осылардың қатысуымен пуриндік
негіздердің ыдырау өнімдерінен (гипоксантин және ксантин) зәр
қышқылы түзіледі; Креатин мен холиннің синтезі жүреді; Бауырда
метаболизмнің улы аралық, соңғы өнімдері, т.б. заттардың
детоксикациясы өтеді. Бауыр гормондарды инактивациялайды. [1].
Достарыңызбен бөлісу: