275
билирубиннің үлесінен артады. Зәрмен шығарылады, ол сыраның
түсін береді және нәжістің түсі ақшыл-күл реңге өзгереді.
Зәрдің түсі қою қоңыр түсті, нәжіс түссіз болады..
Гемолитикалық сарғыштану
э
ритроциттердің көп мөлшерде
гемолизге ұшырауынан туындайды. Бұл құбылыс әртүрлі жұқпалы
аурулар кезінде және тобы сәйкес келмейтін қан құйғанда орын
алады. Тікелей емес билирубин көп мөлшерде түзіледі, себебі,
бауыр улы билирубинді усыздандырып үлгермейді, сондықтан
қандағы жалпы билирубиннің мөлшері тікелей емес билирубиннің
үлесінен көбейеді.
Стеркобилиннің артық мөлшерде түзілуінен нәжістің түсі
қара-қоңыр, ал зәрге билирубин өтпегендіктен оның түсі
өзгермейді
. [1].
Паренхиматозды сарғыштану бауыр клеткалары вирустармен
зақымданған жағдайда пайда болады және бауырға токсиндік әсер
ететін препараттар қабылдағанда гепатоциттер мембранасының
өткізгіштігі жоғарылағанда, қанда тікелей билирубиннің мөлшері
артады. Бауыр клеткаларының зақымдануынан тікелей емес
билирубинді усыздандыру қабілеті төмендейді, сондықтан, қан
құрамында тікелей және тікелей емес билирубиндердің мөлшері
жоғарылайды. Десекте, тікелей емес билирубиннің мөлшері
гемолитикалық сарғыштанудағы мөлшермен салыстырғанда едәуір
төмен дәреже көрсетеді.
Нәжіс әлсіз боялады, оның түсі гепатоциттердің зақымдану
дәрежесіне тікелей байланысты болады. Зәрде тікелей билирубин
пайда болғандықтан оның түсі тоқшыл қызыл-қоңыр түс көрсетеді.
Бауыр аурулары кезінде зәрде
Достарыңызбен бөлісу: