Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Бауырдың көмірсу алмасуындағы рөлі



Pdf көрінісі
бет195/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

7.2.
Бауырдың көмірсу алмасуындағы рөлі.
Үлкен қан айналымына түсіп жатқан, бірқатар заттар 
метаболизмінің реттелуін қамтамасыз ету (аминқышқылы,
глюкоза,т.б.) бауырдың негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. 
Бауыр кейбір қосылыстардың қорын түзеді, гомеостаздың 
реттелуіне қатысады, аралық, соңғы улы өнімдерді детоксикациялау 
мен шығарылуын қамтамасыз етеді және кейбір активті 
қосылыстарды инактивациялайды. [1]. 
Қандағы 
глюкоза 
мөлшерін 
қалыпты 
ұстап 
тұру-
нормогликемияны реттеу, бауырдың органоспецификалық қызметі 
болып табылады. Бұл бірнеше механизмдер арқылы орындалады: 
1. Бауырда глюкокиназа ферментінің болуы. 
Глюкокиназа, гексокиназа сияқты глюкозаны глюкоза-6-фосфатқа 
дейін 
фосфорлайды. 
Атап 
өту 
керек, 
глюкокиназаның 
гексокиназадан айырмашылығы, ол тек бауырда және Лангерганс 
аралшықтары клеткаларында кездеседі. 


269 
Глюкокиназаның 
активтілігі 
бауырда 
гексокиназамен 
салыстырғанда 10 есе жоғары, сонымен қатар, глюкокиназа 
гексокиназаға қарама-қарсы глюкоза үшін К
м 
көрсеткіші жоғары 
болады (глюкозаға бейімділігі төмен). Тамақ қабылдағаннан кейін, 
қақпа венасында глюкозаның мөлшері жоғарылайды және 10 
ммоль/л-ден артады. Бауырда глюкоза концентрациясының 
жоғарылауы глюкокиназа активтілігінің едәуір жоғарылауын 
шақырады және бауырдың глюкозаны сіңіруін арттырады. 
Гексокиназа 
мен 
глюкокиназаның 
синхронды 
жұмыс 
жүргізуіне байланысты, бауыр глюкозаны эффективті фосфорлау 
арқылы глюкоза-6-фосфатқа айналдырады, осылайша жалпы қан 
айналу жүйесінде нормогликемияны қайтымсыз етеді. Әрі қарай,
глюкоза-6-фосфат бірнеше бағытта метаболизмге түсуі мүмкін. 
2. Гликогеннің ыдырауы және синтезі. 
Бауыр гликогені организмде глюкозаның қоры болып 
табылады. Тағам қабылдағаннан кейін көмірсулардың артық
мөлшері гликоген түрінде жиналады. Оның деңгейі шамамен бауыр 
массасының (100-150г) 6%-н құрайды. Тамақ ішу аралығында, 
сонымен қатар "түнгі ашығу" барысында қандағы глюкоза қорын
толтыру ішектен сіңіру арқылы жүрмейді. Мұндай жағдайларда
гликогеннің глюкозаға дейін ыдырауы активтенгендіктен гликемия 
деңгейі тиісті дәрежеде сақталады. Гликоген қоры ашығудың 1-ші 
тәулігі соңында азаяды. [30]. 
3. Бауырда глюконеогенез

белсенді жүреді. 


Глюкозаның табиғаты көмірсу емес заттардан синтезделуі
(лактат, 
пируват, 
глицерол, 
гликогенді 
аминқышқылдар), 
глюконеогенез деп аталады. Глюконеогенездің арқасында ересек 
адамның организміне шамамен, тәулігіне 70 гр. глюкоза түзіледі. 
Глюконеогенез активтілігі ашығудың 2-ші тәулігінде бауырда 
гликоген қоры таусылғанда бірден артады. Глюконеогенездің
арқасында бауыр Кори цикліне қатысады, бұл кезде бұлшықетте
түзілетін глюкоза сүт қышқылына айналу процесіне түседі.
Бауырда фруктоза, галактоза- глюкозаға изомерленеді және 
глюкурон қышқылы синтезделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет