Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


 Эндокриндік жүйенің рөлі, зат алмасудыңинтеграциясы



Pdf көрінісі
бет187/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

6.5. Эндокриндік жүйенің рөлі, зат алмасудыңинтеграциясы
 
Адам организміндегі барлық реттелетін процестердің негізінде 
жүйке жүйесі мен ішкі секркция бездері орналасқан. Олар өз 
қызметтерін сәйкес нейромедияторлар мен гормондарды секрециялау 
арқылы іске асырады. Гормондар эндокринді бездерде синтезделіп, 


258 
тіндердегі арналары арқылы көбінесе венозды қан тамырларына
немесе лимфа жүйесіне шығарылады. Нейромедиаторлар нейрон 
денесінде немесе жүйке ұштарында синтезделіп, синаптикалық 
көпіршіктерде жиналады. Адамның барлық физиологиялық және 
метаболикалық процестерінің жүйелілігін, бірізділігін сақтауға 100 
шақты гормондар мен нейромедиаторлар қатысады. [6]. 
Олар химиялық табиғаты жағынан алуан түрлі: белоктар, 
полипептидтер, 
пептидтер, 
кейбір 
аминқышқылдары, 
аминқышқылдар туындылары, стероидты, май қышқылдарының 
туындылары, кейбір нуклеотидтер, эфирлер және т.б.
 
Инсулин
– гипогликемиялық әсер ететін жалғыз гормон.
Инсулин мембраналық рецепторлармен байланысқаннан кейін, 
анаболизмнің үшінші сатысына қажетті мономерлі молекулалардың 
клеткаға түсуі артады. Инсулин клетка ішіне заттарды енгізгеннен 
кейін оның екі топ ферменттерді активтендіруші әсері пайда 
болады: глюкоза-6-фосфаттың түзілуі және оның арнайы жолдармен 
пируватқа, одан әрі қарай АТФ түзілуімен аяқталатын соңғы 
өнімдердің түзілуіне дейін жүретін реакцияларды катализдейтін
ферменттерге әсер етеді. цАМФ-ің клеткаішілік концентрациясының 
төмендеуіне әкелетін фосфодиэстеразаға әсер етеді. (бұл кезде 
ферменттердің дефосфорланған түрлері, сонымен қатар гликоген 
тізбектерінің ұзаруын катализдейтін гликогенсинтетаза артады.) 
Инсулиннің анаболикалық әсерін бес фактор қамтамасыз етеді: 
1. клеткаға метаболиттер ағынының жоғарылауы (қалыпты 
жағдайда, тағамның қорытылған өнімдерін сіңіргеннен кейін); 
2. әр түрлі алмасулардың өзара қатынасын қамтамасыз ететін 
метаболизм жолдарының ауысу нүктелерінің тиімді жұмыс. жасауы; 
3. клетканың АТФ өндіретін энергетикалық ресурстарын
сақтауды (гликогеногенез, липогенез) орынды үйлестіру.
4. Көмірсулар тотығуының пентозофосфатты жолын күшейту,
нуклеотидтердің биосинтезіне қажетті пентозофостаттардың көп өнім 
беруі, сонымен қатар тотықсыздандырғыш ретінде биосинтезге 
қажетті НАДФН
2
-нің көп түзілуі 
(холестерол, май қышқылдары)
бос радикалдардың деструктивті әсерлерін жоюға септігін тигізеді. 
5. ДНҚ-ның репликациясын (клетканың бөлінуі), транскрипция 
және трансляция (белок биосинтезі) процестерін стимульдейді. [34]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет