Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Бүйректің қарсы ағымдық жүйесінің механизмдері



Pdf көрінісі
бет287/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

. Бүйректің қарсы ағымдық жүйесінің механизмдері. 
Адам организмнің барлық бөлімдерінде клетка аралық
сұйықтықтардың осмолярлығы шамамен 300 мосм/л-ді құрайды, 
бұл қан плазмасының осмолярлығына сәйкес келеді. Бүйректің милы 
қабатындағы клетка аралық сұйықтықтың осмолярлығы жоғары:
осы жерде, біртіндеп жоғарылап,
лоханкадағыдай
, 1200-1400 
мосм/л деңгейге жақындайды. Бұл бүйректің милы қабатындағы 
клетка аралық сұйықтықтарда, еріген заттар өте көп шоғырланған 
дегенді білдіреді. Милы қабаттағы заттардың концентрациясы 
жоғары дәрежеге жеткеннен кейін, әрі қарай келіп және шығып 
жатқан сұйықтықтар мен еріген заттардың арасындағы баланс 
арқылы қолдау көрсетіледі. [9]. 
Бүйректің милы қабатындағы, заттар концентрациясын 
жоғарылатуға ықпал етуші, негізгі себептерге: 
1. Натрий ионының активті тасымалдануы, калий мен хлордың 
котраyспорты және милы қабат паренхимасына Генле ілгегінің жуан 
жоғары шығаратын аймағынан басқа иондарды тасымалдануы. 
2. Милы қабатқа жинау түтігінен иондардың активті
тасымалдануы; 
3. Бүйректің 
милы қабатына жинау арнасының терең 
учаскелерінен 
көп 
мөлшерде 
мочевинаның 
жеңілдетілген 
диффузиясы; 
- Бүйректің милы қабатына Генле ілгегі арқылы судың диффузиясы 
аз мөлшерде жүруі жатады. Генле ілгегінің ерекше қасиеттерінің 
арқасында еріген заттар бүйректің милы қабатында кідіреді. 
10.3. Бүйректегі биохимиялық процестің ерекшелігі. 
 
1. Энергетикалық алмасу өте қарқынды жүреді. Бүйректе 
реабсорбция, активті тасмалдану, секрециялану, белок биосинтезі 
және т.б. процестер кезінде АТФ энергиясы көп жұмсалады. 
АТФ алудың негізгі жолы тотығудан фосфорлану, сондықтан 
бүйрек тіндері оттегіге айтарлықтай мөлшерде мұқтаж болады.
Бүйрек массасы жалпы дене массасының 0,5 %-н, ал бүйректің 
кірістегі барлық оттегін тұтынуы 10 %-ды құрайды. 


383 
2. Энергия көзі ретінде май қышқылдары, кетон денелері, 
пайдаланады (май қышқылдарын тотықтыруға, бүйрекке түскен 
оттегінің 80%-ын пайдаланады.). 
3. Энергия көзі ретінде глюкозаны пайдалану бүйректің энергияға 
қажеттілігінің 10% қамтамасыз етеді. 
4. Глюконеогенез активті жүреді (ашығу кезінде қажетті 
глюкозаның 75% бүйректе түзіледі). 
5. Бүйрек инозитолдың тотығу метаболизмі жүретін негізгі орган 
болып табылады. 
6. Бүйректе белок биосинтезі жоғары жылдамдықпен жүреді. 
7. Молекулалық массасы 5-6 кДа шамасындай плазма 
белоктарының катаболизмі бүйректе өтеді, (инсулин пептидті 
гормондар)
 
протеолитикалық ферменттер жоғары активтілік
көрсетеді. 
8. Бүйрек глутаминнің аммиак бөле ыдырауын катализдейтін, 
глутаминазаның жоғарғы активтілігі арқылы, қышқылдық-сілтілік 
тепе-теңдікті ұстап тұрады. 
9. Креатин синтезінің бастапқы реакциясы бүйректе жүреді. 
10. Бүйрек аммониогенезге қабілетті болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет