Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


- тарау Бүйрек және зәрдің биохимиясы



Pdf көрінісі
бет285/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

10- тарау Бүйрек және зәрдің биохимиясы
 
10.1. Бүйректің құрамы мен құрылысы 
 
Ересектерде екі бүйректің массасы 300 гр. құрайды, бұл дене 
массасының шамамен 0,5%-н құрайды. Тыныштық жағдайында
бүйрек барлық қанның 25%-ын, организмге түскен оттегінің 10%-
ын пайдаланады. Бүйрек арқылы сағатына бір литрдей қан өтеді.
Бүйректің құрылымдық - функционалдық бірлігі
- нефрон
болып 
табылады. Әрбір бүйрек шамамен, бір миллиондай нефрондардан 
құралған, яғни бүйрек құрылымы нефрондардан тұратын жұп орган 
болып табылады. [1].
Нефронның құрамында: бүйрек денелері (мальпиги денелері,
бүйрек шумақтары), проксимальды бұралған түтікше, Генле
ілгектері және дистальды бұралған түтікшеден тұратын бөлімдер 
болады. Мальпиги денелері түтікшелі шумақтардан құралған және
Шумлянский - Баумен капсуласымен қоршалған.
Әрбір мальпиги денесіне артериола деп аталатын, қан тамыры 
келіп, жалғасқан. Бұл тамырдан капиллярлар тармақталып таралған
ілгектер – түтікшелі шумақтар түзеді. 
Әрі қарай капиллярлар бірігіп, шығаратын тамыр артериола 
түзеді. Бұл тамыр арқылы қан бүйрек шумағынан шығарылады. 
Шумлянский- Баумен капсуласының ішкі, және сыртқы 
жапырақшасы бар. Ішкі жапырақ капиллярлардың ілмектеріне
тығыз жабысып орналасқан, ал капсуланың сыртқы жапырағы 
бүкіл тамырлы шумақты қоршап тұрады.
Бүйрек капсуласының сыртқы және ішкі жапырақтарының 
арасында қуыс орналасқан, ол келешекте бүйрек түтікшелерінің 
қуысына айналады. Бүйрек денесінен тікелей проксимальды иілген 
түтікше кетеді, ол әрі қарай Генле ілгегіне және дистальды иілген 
түтікшеге айналады. Иілген түтікшелер мен Генле ілгегі
артериолланың тамыр шумақтарынан шыққан капиллярлық тормен 
тығыз өрілген. [1]. 
Бүйрек түтікшелерін қоршап тұрған капиллярлардан бүйрек 
венасына келіп жалғасатын венулалар түзіледі. Дистальды иілген 
түтікшелер жинақтайтын түтікшелермен қосылған, олардың 
барлығы бірігіп, бүйрек лоханкасына барып ашылатын бүйрек
түтікшелерін түзеді. [159]. 


381 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет