10.2. Бүйректің атқаратын қызметі Бүйректің атқаратын негізгі қызметінің бірі организмнен суды
және онда еріген заттарды ( зат алмасудың соңғы өнімдерін) бөліп
шығару және зәр түзу болып табылады.
Бүйрек - зәр түзу және оны бөліп шығару мен қоса бірқатар
өте маңызды қызметтер атқарады. [26].
1.
реттеушілік қызметі
- гемостазды, сулы -тұзды алмасуды,
қышқылдық – сілтілік тұрақтылықты реттейді;
2.
усыздандыру - бүйректе глицин, сірке, глюкурон қышқылы
улы заттарды усыздандырады.
3
. Ішкі секреторлық қызметі- бүйректің дәнекер тіні
клеткаларында гормон тәрізді заттар, простагландиндер бөледі.
Қан мен жақсы жабдықталуының арқасында, бүйрек организмнің
барлық тіндері, органдары мен үнемі қарым - қатынаста болып,
организмнің ішкі орта жағдайына әсер етуге қабілетті келеді.
4.
Зәр түзу және
экскреторлы қызметі
- бүйрек катаболизмнің
соңғы өнімдерін және усыздандырылған өнімдерді, сонымен қатар
ішекте сіңірілген немесе метаболизм процесінде түзілген қажет емес
заттарды, ксенобиотиктерді, организмнен шығарады.
5.
Гомеостатикалық қызметіне -
бүйректің осмолялдылық
(барлық еріген бөлшектердің жалпы концентрациясын сақтау )
және клетка аралық сұйықтықтар, сулы-тұзды гомеостаз,
қышқылдық-сілтілік тепе-теңділікті реттеуі біріктіріледі.
6.
Эндокриндік қызметі - бүйректе простогландиндер,
эритропоэтин, Д
3 -
дәруменінің гормональды активті формасы және
протеолитикалық фермент - ренин синтезделеді, соңғысы
қанға
түседі. Ренин ангиотензиноген молекуласынан N-соңындағы
пептидті бөліп тастап антиотензин І-ге айналдырады. Ангиотензин І-
ге карбоксидипептидилпептидаза әсер етіп С-соңынан дипептид
бөлінеді де, ангиотензин ІІ түзіледі. Ангиотензин ІІ- күшті қан
тамырын тарылтушы және альдостерон секрециясының активаторы
болып табылады.
7.
Метаболикалық: бүйректе фибринолиз комплемент жүйесі,
қан ұю жүйесінің кейбір реттеуші факторларлары (урокиназа)
синтезделеді. Бүйрек – кейбір молекулалық массасы төмен
пептидтер мен белоктардың катаболизміне қатысады. Оларға,
гормондар және басқа биологиялық активті заттар жатады. Өзекше
клеткаларында лизосомальды протеолитикалық ферменттердің
382
әсерінен аталған белоктар мен пептидтер амин қышқылдарына
гидролизденеді, олар қанға түседі және басқа тіндер клеткаларында
реутилизацияланады.
8