437
«Сыртқы» және «ішкі» қан ұю жолдары.
Қан ұю процесі екі механизм көмегімен жүзеге асады, олар бір-
бірімен, басқаша айтқанда сыртқы және ішкі ұю жолдарымен тығыз
байланыста болады. Зақымдануға қарсы ұйындының түзілуі сыртқы
ұю жолдары арқылы жүзеге асады, ал «ішкі» ұю жолдарына
жарақаттанған тіннің аймағында, қан ағымы баяулаған жерлерде
немесе анимальді қантамырлары мен қызыл тромбтың түзілуі
жатады. (11.6). [167] .
Х-шы факторының
активтену этапында екі жолдың бірігуі
жүреді, сонымен қан ұюдың соңғы жолы түзіледі. Әр жолда, бірінен
кейін бірі түзілетін ферменттер сәйкес фимогендерді белсендіреді.
Ерігіш белок плазмадағы фибриногенді, ерімейтін - фибринге
айналдырады,
осылайша, ұйынды түзіледі. Бұл айналуды
протеолитикалық фермент- тромбин катализдейді.
Қалыпты жағдайда тромбин қанда болмайды, ол өзіндік
белсенді зимогені – протромбин плазмасының белогынан түзіледі.
Бұл процесс протеолитикалық ферментпен жүзеге
асырылады, оны
Ха факторы деп атайды, бұл фактор қалыпты жағдайда қанның
құрамында болмайды. Қан жоғалту жағдайында өзіндік зимогеннен
(Ха фактор) түзіледі. Ха факторы протромбинді тромбинге тек Са
2+
иондарының және басқа ұю факторының қатысуымен айналдырады.
Белсенді фактор V-ші акцелерин
кейбір жағдайларда жеке V
-
шы фактор ретінде қарастырылады. Тіндердің зақымдануында қан
плазмасына өтетін
-ші фактор және тромбоциттердің 3 факторы
тромбиннің минимальді мөлшерін түзуге дағдыланады. Түзілген
тромбиннің мөлшері фибриногеннің
фибринге айналуына, яғни қан
ұюына жеткіліксіз. [2].
Түзілген тромбин іздері проакцелеринің және проконвертиннің
акцелеринге, конвертинге айналуын катализдейді. Осы келтірілген
факторлардың күрделі өзара қарым қатынасы мен Са
2+
иондарының
қатысуының нәтижесінде Х-шы белсенді фактордың түзілуі жүреді
( Ха факторы). Ха, Х, З және Са
2+
ионы (VI-шы фактор) – факторлар
комплексінің әсерінен протромбиннен тромбиннің түзілуі жүреді.
Фибриногеннен тромбин ферментінің әсерінен 2 пептид А және 2
пептид В ажырайды. Тромбин аргинин мен лизин арасындағы
пептидті байланысты үзеді. Фибрин
табиғаты жағынан пептид
болып табылады. Пептидтердің бөлінуінен кейін фибриноген қан
плазмасмында жақсы еритін фибриномономерге, кейіннен, ол
ерімейтін фибрин – полимеріне айналады.