Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Қан плазмасының факторлары



Pdf көрінісі
бет333/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1
21-24 мат ондеу, 2 тест, 2, 2сын, матем, казак т 2кл, байланыстар, bioorganic-chemistry-p2-M, psikh detskogo vozrasta, Қоғам және мәдениет (копия)
11.14. Қан плазмасының факторлары 
 
Фибриндік тробтардың түзілуі қан плазмасы құрамындағы 
еритін белок фибриногеннің ерімейтін фибринге айналуынан 
басталады. [2]. 
I-ші фактор - фибриноген
еритін
 
белок фибриннің негізін 
салушы, қан ұю жүйесінің маңызды компоненті, қан ұю процесінің 
биологиялық негізі ретінде, фибринді гельдің түзілуінде маңызды
рөл атқарады. Фибриноген біркелкі емес 3 жұп полипептидті 
тізбектерден тұрады. Олар, өзара дисульфидті байланыспен 
жалғасқан. Әр тізбектің олигосахаридті тобы бар. Белокты бөлігінің 
сулы компоненттермен өзара байланысуы аспарагин қалдығымен 
N-ацетилглюкозамин арқылы байланысу салдарынан болады. 
Реакция ағымында тромбинмен катализденетін алғашқы 2 зат 
өзара байланысып фибрин түзеді. Қан арнасындағы қанның ұйымау 
себебі, құрамында тромбиннің жоқтығынан болады. 
Фибриннің түзілуі, өзінің негізін салушы - фибриногеннің 
әсерінен жүретін күрделі процесс. Фибриноген молекуласының 
жалпы ұзындығы 46 нм, молекулалық массасы 330 000 – 340 000 
дальтон. Бұл белок бауырда синтезделеді, адамның қан плазмасында 
оның концентрациясы 8,2-12,9 мкмоль/л. 
II-ші фактор - протромбин
қан плазмасының маңызды 
белоктарының бірі. Протромбин - профермент құрамында 
карбоксиглутамин қышқылының қалдықтары болады, бұлар қан 
ұюының прокоагулянтты жолының мембрандық ферментті 
комплекстердің 
түзілуі 
үшін 
қажет. 
Протромбиннің 
гидролитикалық ыдырауы кезінде, қан ұюының активті ферменті – 
тромбин түзіледі. 


433 
Қан плазмасындағы протромбин концентрациясы 1,4-2,1 
мкмоль/л. Протромбин құрамына 11-14% көмірсутек, гексоза, 
гексозамин және нейроамин қышқылы кіретін гликопротеин. 
Электрофоретикалық жылжымалылығы жағынан протромбин 

2
-
глобулиндерге жатады, молекулалық массасы 68 000 – 70 000 
дальтон. Оның молекуласындағы үлкен және кіші осінің өлшемдері 
11,9 және 3,4 нм. рН 4,2 – 4,4 тең. Бауырда синтезделеді, бұл 
реакцияға К дәрумені қатысады. Протромбин молекуласының 
ерекше қабілетінің бірі - 10-12 Са
2+
иондарын байланыстырудың, 
осы мезетінде, белок молекуласында конформациялық өзгерістер 
туындайды. 
Протромбиннің 
тромбинге 
айналуы, 
белоктың 
молекулалық массасының тез арада өзгеруі салдарынан болады. (70 
000-нан 35 000-ға дейін). Тромбинді протромбин молекуласының ірі 
фрагменттері деп есептеуге негіз бар. (11.5). [ 166]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет