Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет75/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

гипогликемия
пайда болады. Бұл 
клеткалардың энергиямен қамтамасыз етілуін бұзады. 
Эндокринді жүйенің
зақымдануына байланысты организмде 
көмірсу алмасуының бұзылуы байқалады. Көмірсу алмасуының 
бұзылуы кезінде қанның құрамында глюкоза жоғарылайды, бұл 
гипергликемия
деп аталады. Ал қанның құрамында глюкозаның 
мөлшері төмендесе 
гипогликемия
деп аталады. Қанның 
құрамындағы глюкоза қалыпты мөлшерден артса, зәрмен бірге көп 
мөлшерде сыртқа шығарылады, бұл
глюкозурия
деп аталады. 
Қан сарысуынан амилаза активтілігін анықтаудың
клиникалық маңызы.
α- Амилаза [ α-(1,4 ) –глюкан-4- 
глюканогидролаза, КФ 3.2.1.1] – крахмал, гликоген, т.б. глюкоза 
полимерлерінің ішкі 1,4 – α – гликозидті байланыстарын 
гидролиздейтін фермент, сілекей және ұйқы бездерінде түзіледі.
Түзілетін жеріне сәйкес- сілекей сөлі амилазасы (С) және ұйқы 
безі сөлі амилазасы ( П) деп аталады. C- амилаза жатыр 
түтіктерінде, аналық безі кистасында, әйелдің жыныс мүшелері 
тіндерінде жоғары активтілік көрсетеді. Бірақ изоамилазалардың 
белгілі бір тобы қан сары суында және зәрде анықталмайды. [6]. 
Қан сары суынан α- амилаза активтілігін анықтау жедел 
панкреатиттің
ең кең таралған диагностикалық сынамасы болып 
табылады. Жедел панкреатит кезінде қан сары суындағы ферменттің 


90 
активтілігі ауырсыну шабуылынан кейін 3-12 сағаттан кейін 
жоғарылап, 20-30 сағатта ең жоғары көрсеткішке жетеді. Осыдан 6-
10 сағат өткенде зәрде пайда болады. Кейбір ауруларда: ішектің 
бітелуі, апендицит, паротит, жатырдан тыс жүктілік, өт жолы ауруы 
кезінде α- амилаза активтілігін клиникалық зерттеуде анықтайды. 
Созылмалы панкреатит диагностикалауда α-амилаза активтілігін 
анықтау қолданылмайды, себебі нәтиже болмайды. Амилаза 
активтілігін анықтаудың бірнеше әдістері бар.
 
Қазіргі таңда фермент 
активтілігін анықтаудың 200-ден аса әдістері сипатталған. [6]. 
Ұсынылған әдістердің осыншалықты көп болуына қарамастан, олар 
үш топқа біріктірілген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет