Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет78/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

3-тарау. Липидтер алмасуы 
 
3.1. Адам организмінің липидтері, қасиеттері мен 
қызметтері. 
 
Липидтер суда ерімейтін, тек органикалық еріткіштерде еритін 
органикалық қосылыстардың түрлі тобының өкілдері, олар 
химиялық 
құрамы 
және 
құрылысы 
жағынан 
бір-бірінен
ерекшеленеді. Липидтер барлық жануар ағзаларының, өсімдік және 
микроорганизмдердің құрамында болып, әртүрлі физиологиялық 
қызметтер атқарады. Олар функционалдық қасиеттері бойынша 
құрылымдық және қосымша липидтер болып екі маңызды топқа 
біріктірілген және ішкі органдарда, тері асты клеткаларда, жануар 
ағзасының перитонеальды қуысында орналасқан. 
Құрамында спирт, май қышқылдары, азотты қосылыстар, 
көмірсулар, фосфор қышқылдары, т.б компоненттер кіретін көптеген 
липидтер - күрделі эфирлер болып табылады. 
Химиялық құрамы бойынша, күрделі және жай липидтер 
болып, негізгі екі топқа жіктеледі. Жай липидтер спирт, глицерин 
және май қышқылдарынан тұрады. Липидтердің бұл тобына 
триглицеридтер, стериндер, олардың эфирлері және балауыздар 
кіреді. Күрделі липидтерге спирттер, глицерин, сфингозинозит және 
жоғары молекулалы май қышқылдары, азотты негіздер, көміртегі 
және оның туындылары, фосфорлы және күкіртті қышқылдар 
сияқты өзге де компоненттер кіретін, органикалық қосылыстардың 
кең көлемдегі тобы жатады. [16]. 
Липидтердің құрамы.
Липидтердің элементарлық құрамы 
көмірсу және белоктармен салыстырғанда әлдеқайда өзгеше болады, 
мысалы: 
Липидтерде (ТАГ): С=76-78%; О
2
=10-12%; Н
2
=11-13%. 
Белоктарда: С=50-55%; О
2
=19-21%; Н
2
=6,5-7,5%. 
Көмірсуларда : С=40-44%; О
2
=46-54%; Н
2
=6,0-7,0%. 
ТАГ-ың энергетикалық құндылығы өте жоғары. Бұлай болу 
себебі, липидтердің құрамындағы көміртегі мен сутегі атомының 
саны көп болуына байланысты. Олардың құрамындағы осы 
көміртегілер мен сутегілер тотыққанда өте көп энергия бөлінеді, ол 
энергия АТФ-тің синтезіне жұмсалады. 


94 
Липидтер дене массасының 10-12%-ын құрайды. Ересек 
адамның денесінде 10-12 кг липидтер болады, олардың 2-3 кг 
құрылымдық липидтер, ал қалған 9-10 кг қор ретіндегі липидтерден 
тұрады. Қор ретіндегі липидтердің 98% май тіндерінде жиналады . 
Адам тіндерінде липидтердің орналасуы біркелкі емес. Май 
тіндерінде олар құрғақ массаның 75%-ын құрайды. 
Адам бауырындағы липидтердің құрамы 4,5-6,0%-ға жуық 
болады. Бауыр құрамындағы жалпы фракциялар: триглицеридтер 
30-40%; фосфолипидтер 55-56%; холестерин және тағы басқа 
фракциялар 5-10% құрайды. 
Жүйке тіндеріндегі липидтер 50%-ға тең, олардың негізгі бөлігі 
фосфолипидтерден тұрады. 
Сфинголипидтер (30%), холестерол (10%), ганглиозидтер және 
цереброзидтер (7%). Бауырда липидтердің жалпы мөлшері қалыпты 
жағдайда 10-14%. Адам организміндегі май қышқылдары (көміртегі 
атомдары жұп, көбінесе 16-20) негізінен қаныққан болады. 
Пальмитин қышқылы 30-35% қанықпаған май қышқылдары 
моноен және полиен түрінде болады. Қанықпаған май 
қышқылдарының қос байланыстары адам ағзасында цис-
конфигурацияда кездеседі, олар мөлшері жағынан қаныққандарға 
қарағанда көп болады. [18]. 
Ересек адамға тәулігіне 70-145 гр липид түсуі қажет. 
Липидтердің қажеттілігі адамның қызметіне, жынысына, жасына 
және ауа-райы жағдайына байланысты болады. Липидтер ағзаға 
керекті калорияның 30%-ын қамтамасыз етуі қажет.
 
Липидтер организмнің өзінде бар және тағам арқылы түсіп 
отырады. Адам ағзасында липидтер – өсмдіктер мен жануарлар 
майлары, жұмыртқа, бауыр, ми, бұлшықет т.б қоректік өнімдердің 
құрамында түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет