97
жылуды сақтап тұруға мүмкіндік береді. ТАГ-тар бірқатар
дәрумендер үшін, еріткіштер ретінде қолданылылады және көптеген
органдарды астарлап, қаптау арқылы қорғап тұрады, сонымен қатар
жақпа заттар ретінде пайдаланылады. [37].
Адам ағзасы липидтері
. Қан құрамында май ұлпасында және
бауырда кездесетін липидтердің құрамы мен мөлшері толық
зерттелген.
Қандағы липидттердің құрамы, олардың мөлшерінің
әсіресе қандағы мөлшерінің өзгеруі жануар организмінде, атап
айтатын болсақ, бауырда жүретін
липид алмасуының көрсеткіші
болып табылады. Қан плазмасындағы липидтердің құрамы ағзадағы
липид алмасуларға едәуір әсер етеді. Мысалы, қалыпты жағдайда
бауырда холестерин синтезінің қарқындылығы оның қан
плазмасындағы деңгейімен анықталады.
Эритроциттердің мөлшері
ағзаның функциональды күйіне тәуелді болмайды. Қандағы липид
мөлшерінің өзгеруі тағам қабылдағаннан кейін айқын байқалады,
3-4 сағаттан кейін қан плазмасында триглицеридтер мен бос
май қышқылдары артады, 6-7 сағаттан кейін олардың мөлшері қайта
қалпына келеді. Қанда тәулік барысында
липид мөлшерінің өзгеруі
көмірсу мен белокқа қарағанда басымырақ жүреді. Әсіресе, ұзақ
уақыт ашыққанда липидтердің мөлшері ғана емес, сапасы да
өзгереді. Қандағы липидтермен
олардың ағзадағы алмасу
процесстерінің ара-қатынасы динамикалық тепе-теңдікте болады
және эндокринді жүйемен реттеледі
Достарыңызбен бөлісу: