кетонурия
деп аталады.
Көбінесе
анемия, ұзақ аштық кезінде жүкті әйелдерде
гипогликемия
көп байқалады. Кейде, қантты диабет кезінде
инсулинді көп мөлшерде қабылдағанда пайда болады. Зәрде
глюкозаның пайда болуы г
люкозурия
деп аталады. Глюкозурия -
қант диабеті, жедел панкреатит, жедел инфекциялық аурулар, нерв
аурулары, эпилепсия ұстамасы және мидың шайқалуы кезінде
уақытша пайда болады.
Гликоген алмасуының бұзылуы.
Гликоген синтезін және
ыдырауын катализдейтін ферментер активтілігінің болмауы немесе
төмендеуі негізінде пайда болатын, бір топ тұқым қуалайтын
бұзылыстар белгілі. Бұл бұзылыстарға:
гликогеноздар
және
агликогеноздар
жатады
Гликогенннің ыдырауына қатысатын ферменттің ақауына
байланысты пайда болған аурулар
гликогеноздар
деп аталады. Бұл
аурулар пайда болғанда жүрек, қаңқа бұлшықеттерінде, бауырда т.б
органдарда гликоген артық мөлшерде жиналады. Кейде гликогеннің
құрылымында өзгешеліктер байқалады. Соңғы кезде, гликогенозды
бауыр гликогенозы, бұлшықет гликогенозы деп екі топқа бөліп,
қарастырады: Бауыр гликогенозының салдарынан гликоген қандағы
глюкозаның мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру қызметін атқара
алмайды. Аурудың бұл формасының ортақ белгісі постабсорбтивті
кезеңде (ас қорыту кезінде гликоген синтезі) гипогликемия пайда
болады. Бауыр гликогенозы І, ІІІ, ІV, VI, IX, X типтері деп Кори рет
санымен белгіленеді,
гликогеноз
терминін алғаш енгізген К.Ф.
Кори және Г.Т.Кори болатын.
Глюкозо-6-фосфатаза
ақауынан:1-ші типтегі
-Гирке ауруы
,
пайда болады, байқалуы: гипогликемия, гиперацилглицеролемия,
ацидоз ( лактаттың жиналу салдарынан), аурудың жүзі (қытайлық
қуыршақтың бет әлпетіне ұқсайды.
Достарыңызбен бөлісу: |