85
аталады. Сахарозаның лактозадан айырмашылығы, оның аномерлі
көміртегілерінің
екеуі де, бос емес, сондықтан тотықсыздана алады
және мутаротациялана алады.
Мальтозаның метаболизмі.
Мальтоза (α-Д-глюкопиронозил-
(1-4) – α-Д-глюкопироноза организмге көбіне, сыра, азық- түлік
құрамындағы крахмалдың амилаза әсерінен
гидролизденуі кезінде
түседі. Бұл тотықсыздандырғыш көмірсу мутаротацияланады.
Изомальтоза – басқа көмірсу, ол екі молекула глюкозадан тұрады.
Крахмал молекуласының бір тармағы ыдырағанда пайда болады.
Изомальтозадағы бір глюкозаның 1-ші позициясындағы көміртегі
мен 2-ші глюкозаның 6-шы позициясындағы көміртегі атомдарының
арасында пайда болады. [38].
Көмірсулар ыдырауның соңғы
өнімдері СО
2
және Н
2
О
болып табылады. СО
2
-ің бір бөлігі мочевинаның, май
қышқылдарының (карбоксильдену реакциясы арқылы) синтезіне
жұмсалады. СО
2
–ның басым көпшілігі өкпеден дем арқылы сыртқа
шығарылады. [40].
Судың
бір бөлігі гидролиз, гидратация реакцияларына
жұмсалады, екінші бөлігі бүйрек және тер бездері арқылы
шығарылады. Аз бөлігі өкпеден (су буымен),
тоқ ішектен нәжіс
массасымен бірге бөлінеді.
2.11. Көмірсулар алмасуының бұзылыстары
Көмірсу алмасуы бұзылыстарының бірнеше типтік формалары
белгілі: гипогликемия, гипергликемия,
гликогеноздар, гексоз және
пентоземия, агликогеноздар.
Достарыңызбен бөлісу: