Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет256/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   342
Байланысты:
анатомия

16— 210
229


Сүтқоректілерде одан жеке бөлік ретінде төс-бұғана-емізіктәрізді 
бұлшықет бөлініп шығады. Кезбе нервтің трапециятәрізді бұлшықетті 
нервтендіретін артқы тармағы күрделі омыртқалыларда жеке бассүйек 
нервісіне - n. accesorius айналады. Ми сауыты барлық бөліктері 
қозғалмайтын түзіліс болғандықтан, онда бұлшықет дамуын күтуге 
болмайды. Сондықтан баста тек бас сомиттерінен түзілген бұлшықеттің 
кейбір қалдықтары ғана кездеседі. Олардың қатарына құлақалды 
миотомдары деп аталатындардан пайда болатын көз бұлшықеттерін 
жатқызуға болады (бассүйек нервтерінің III, IV және VI жұптарынан 
нервтендіріледі).
Шүйде миотомдары алдыңғы тұлға миотомдарымен бірге әдетте 
вентралды өсінділер арқылы висцералды қаңқа астында жататын 
ерекше желбезекасты немесе тіласты бұлшықеттерін түзеді. Алдыңғы 
жағында төменгі жақсүйекке өтетін осы бұлшықеттен құрлықта 
тіршілік ететін омыртқалыларда тіл бұлшықеттері пайда болады. Олар 
шүйде сомиттерінен пайда болуы себепті тек күрделі омыртқалыларда 
ғана нағыз бассүйек нервіне айналған тіласты нервін түзетін нерв 
талшықтары комплексімен нервтендіріледі. Тіласты бұлшықетінің 
қалған бөлігі (тіласты сүйегінен томен) жұлын нервтерінің алдыңғы 
тармақтарынан нервтендірілетін вентралды тұлға бұлшықетінің жал- 
ғасы болып табылады. Сонымен, бұлшықеттердің орналасуы мен бекуін 
түсіну үшін олардың қызметін басқа дамуын да ескеру керек.
Бұлш ы қет - мүше ретінде. Бұлшықет көлденең жолақты бұлшықет 
талшықтарынан тұрады. Бір-біріне параллелді жүретін бұл талшықтар 
борпылдақ дәнекер тін (endomysium) арқылы бірінші ретті шоғырға 
байланысады. Осындай бірнеше бірінші шоғырлар бірігіп, екінші ретті 
шоғыр, және т.с.с. түзеді. Жалпы барлық ретті бұлшықет шоғырлары 
бұлшықет қарыншасын түзе, дәнекер-тінді қабықпен - perimysium 
бірігеді. Бұлшықет будалары арасындағы, бұлшықет қарыншасы 
ұштарындағы дәнекер тінді қабатшалар бұлшықетінің сіңір бөлігіне 
айналады.
Бұлшықет орталық нерв жүйесінен келетін импульстардың әсерінен 
жиырылатындықтан, әрбір бұлшықет онымен нервтер арқылы бай- 
ланысқан: “бұлшықет сезімінің” өткізгіші (И. П. Павлов бойынша, 
қозғалыс анализаторы) болып табылатын афферентті нервтермен және 
оған нерв қозуын әкелетін эфферентті нервтермен байланысқан. Одан 
басқа, бұлшықеттерге симпатикалық нервтер келеді, солардың әсерінен 
тірі организмдердегі бұлшықет үнемі тонус деп аталатын біршама 
жиырылу күйінде болады. Бұлшықеттерде өте күшті зат алмасу жүреді, 
сонымен байланысты олар қан тамырлармен бай жабдықталған. Қан 
тамырлары бұлшықетке оның ішкі бетінен бұлшықет қақпалары деп 
аталатын бір немесе бірнеше пунктен өтеді. Бұлшықет қақпаларына қан 
тамырларымен бірге нервтер де еніп, олармен бірге бұлшықет
230


кабатында оның шоғырларына сәйкестене (үзына бойына және 
көлденең)тарамдалады.
Бүлшықетте белсенді жиырылатын бөлігін 
карыншаны және 
пассивті, сонын көмегімен сүйекке бекитін бөлігін - сіңірді ажыратады. 
Сіңір тығыз дәнекер тіннен түрады және кызыл-коңыр түсті бүлшыкет 
карыншасынан тым өзгеше келетін жылтыр акшыл-алтын түсті. Көбіне 
сіңірлер бүлшыкеттің екі шетінде орналасады. Ол өте қысқа болса, 
бүлшықет сүйектен басталатын немесе оған тікелей карыншасымен 
бекитін сияқты көрінеді. Зат алмасу аздау жүретін сіңір бүлшыкет 
карыншасына қарағанда кан тамырларымен кемдеу жабдыкталады. 
Сойтіп қаңқа бүлшықеті тск көлденең жолақты бүлшыкет тінінен ғана 
емес, сонымен бірге дәнекер тіннің әр түрінен (perimysium) (сіңір), нерв 
тінінен (бүлшықет нервтері), эндотелийден және бірыңғай салалы 
бүлшықет талшықтарынан (кантамырлары) түрады. Алайда көлденең 
салалы бүлшықет тіні басым келеді, оның касиеті (жиырылғыштығы) 
бүлшықеттің жиырылу ағзасы ретіндегі қызметін анықтайды. Әрбір 
бүлшықет белгілі бір өзіне тән пішіні, күрылысы, қызметі, дамуы және 
организмдегі өзіндік жағдайы бар жеке ағза, яғни түтас түзіліс болып 
табылады.
Бүлш ықеттердің 
жүмысы. 
Бүлшықеттері 
жүмысына 
негіз 
болатын бүлшықет тінінің негізгі қасиеті оның жиырылғыштығы болып 
табылады.
Бүлшықет жиырылғыштығында қысқарып, бекіген екі нүкте өзара 
жақындайды. Бұл екі нүктеден жылжымалы беку пункті, punctum mobile 
қозғалмайтын нүктеге, punctum fixum, тартылып, нәтижесінде дененің 
сол бөлігі қозғалады.
Осылай әрекет ете, бұлшыкет белгілі бір күшпен тартады да, жүкті 
(мысалы, сүйек салмағын) қозғап, белгілі мөлшердегі механикалық 
жүмысты атқарады. Бүлшықеттің күші оның күрамына кіретін 
бүлшықет талшықтарының санына байланысты және физиологиялық 
көлденеңі деп аталатынның ауданымен, яғни бүлшықеттің барлық 
талшықтары өтетін жердің кесіндісінің ауданымен анықталады. 
Жиырылу шамасы бүлшықеттің үзындығына байланысты. Буындарда 
бүлшықеттердің әсерінен қозғалатын сүйектер механикалық түрғыдан 
рычагтар, яғни ауырлықты қозғалтуға арналған карапайым машиналар 
түзетін сияқты.
Бүлшықеттер тірек жерден неғұрлым алыстау бекісе, соғырлым 
пайдалы, өйткені рычаг иінінің үзаруы арқасында олардың күші 
толығырақ пайдаланылады (1 16-сурет.). Осы түрғыдан П.Ф. Лесгафт 
тірек нүктесінен алыстау бекитін күшті бұлшықеттерді және оған 
жакын бекитін етті бүлшықеттерді ажыратады. Әрбір бұлшықеттің 
басталатын жері - origo, және бекитін жері - insertio, болады. Дененің 
брта сызығы бойымен орналасқан омыртқа бағанасы бүкіл денеге тірек 
болатындықтан, бүлшықеттің әдетте қозғалмайтын нүктеге сәйкес
231


I - тепе-теңдік рычагы. II - күш рычагы. ІІІ - жылдамдық рычагы.
A - тірек нүктесі, Б - күш түсу нүктесі, В - қарсы күш нүктесі.
келетін басталатын жері ортаңғы жазықтыққа жақындау, ал қол- 
аяқтарда тұлғаға жақын орналасқан; бұлшықеттің қозғалмайтын 
нүктеге сәйкес келетін бекитін жері ортаңғы сызықтан әрірек, ал 
қол-аяқтарда тұлғадан әрірек, дисталды жатады. Punctum fixum мен 
punctum mobile қозғалмалы нүкте бекітіліп, бекіген нүкте босатылған 
жағдайда бір-бірімен орын ауыстыра алады. Мысалы, тік тұрған кезде 
іштің тік бұлшықеттерінің қозғалмалы нүктесі оның жоғарғы шеті 
(тұлғаның жоғарғы бөлігін бүгу), ал қолмен көлденең жұмыр білекте 
(перекладинада) бүкіл дене асылып тұрғанда төменгі шеті қозғалмалы 
нүктесі болады (тұлғаның төменгі бөлігін бүгу). Қимыл екі 
қарама-қарсы бағытта жасалатындықтан (бүгу-жазу, қашықтату- 
жақындату, және т.б.), қайсыбір білік байланысындағы қозғалыс үшін
232


қарама-карсы жақтарда орналасқан ең кемі екі бүлшыкет керек. Өзара 
карама-қарсы бағытта кимылдайтын мүндай бүлшыкеттер анта- 
гонистер деп аталады. Әрбір бүгілу кезінде бүккіш бүлшыкет кана емес, 
міндстті түрдс жазғыш бұлшыкет те кимылдайды, ол біртіндеп бүккіш 
бүлшықетінің ыңғайына көшіп, оны тым катты жиырылудан сактайды. 
Сондыктан бүлшықеттердің антагонизмі (карама-карсылығы) қимыл- 
дың бірқалыпты және үйлесімділігін камтамасыз етеді. Сөйтіп, әрбір 
қозғалыс антагонистер әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Антагонистерден өзгеше, теңдестірушілері бір багытта өтетін 
бүлшыкеттер агонистер немесе синергистер деп аталады. Қозғалыс 
сипатына және оған қатысатын бүлшықеттердің функционалдык 
комбинациясына қарай, бір бүлшыкеттің өзі бірде антагонист, бірде 
синергист ретінде қимылдауы мүмкін.
Бұлшықеттердің нақты буынының айналу білігіне анатомиялык 
қатынасымен анықталатын олардың қарапайым кызметінен басқа тірі 
организмде байқалатын бүлшықеттердің функционалдык күйінің 
өзгеріп отыратынын ескеру кажет. Ол өзгерістер дене мен оның 
бөліктерінің қалпын сақтауға және қозғалғыш аппаратына түсетін 
статикалық 
жүктеменің 
үнемі 
өзгеріп 
отыруына 
байланысты. 
Сондықтан бір бұлшықеттің өзі дененің немесе қасына әрекет ететін 
дене бөлігінің қалпына және тиісті қозғалыс актісінің фазасына карай өз 
қызметін өзгертіп отырады. Мысалы, трапециятәрізді бүлшықет колды 
горизонталды қалыптан жоғары көтергенде жоғары және төменгі 
шеттерімен оған түрліше қатысады. Мәселен, колды көтергенде 
трапеция тәрізді бұлшықеттің аталған екі бөлігі бүл қимылға белсене 
қатысады, содан кейін (120°-тан жоғары қарай көтергенде) оның 
төменгі белсенділігі тоқталады да, ал жоғарғы бөлігінің белсенділігі 
қолды вертикалды қалыпқа көтергенше жалғаса береді. Қолды 
бүккенде, яғни оны алға қарай көтергенде, трапециятәрізді бұлшық- 
еттің төменгі бөлігі онша белсенділік көрсетпейді, ал 120°-тан жоғары 
көтергенде белсенділігі едәуір артады.
Тірі организмнің жекелеген бұлшықеттерінің функционалдык күйі 
туралы мүндай тереңдеу және дәлдеу деректер электромиография 
әдісінің көмегімен алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет