сысы анатомиялык жағынан бірыңғай болып, кызметі жағынан әртүрлі
косылыстардан түзіледі.
Пішіні және қызметі бойынша былай жіктеледі:
Буынның кызметі айнала козғалыс жасалатын біліктер санымен
анықталады. Айнала қозғалыс жасалатын
біліктер мөлшері берілген
буында оның буындасқан беттерінің пішініне байланысты. Мәселен,
буынның цилиндр пішіні тек бір айналу білігі бойында қозғалыс жасауға
мүмкіндік береді. Соның өзінде осы біліктің бағыты цилиндрдің
орналасу білігіне сәйкес келеді,
егер цилиндр вертикалді тұрса, онда
қозғалыс та вертикалды білікті айнала жасалады (цилиндртәрізді буын),
егер цилиндр горизонталды жатса, онда қозғалыс цилиндрдің орналасу
білігіне сәйкес келетін горизонталды біліктердің бірін айнала жасалады,
мысалы, фронталды (шығыршықтәрізді буын).
Бүған қарама-қарсы буын басының
шар тәрізді пішіні шардың
радиустарына сәйкес келетін көптеген біліктерді айнала козғалыс
жасауға мүмкіндік береді (шартәрізді буын).
Демек, біліктердің саны мен буындасқан беттердің пішіні арасында
толық сәйкестік бар: буындық беттердің пішіні буын козғалыстарының
сипатын белгілейді және,
керісінше, берілген буын қозғалыстарының
сипаты оның пішінін белгілейді (П. Ф. Лесгафт).
Біз бүл жерде пішін мен қызметтің бірлігі - диалектикалық
принципін көріп отырмыз.
Осы принципке сүйеніп, буындардың
мынадай бірыңғай анатомия-
лық-физиологиялық жіктелуін белгілеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: