Кинетопластидалар отряды - Kinetoplastida
Бұл отрядтың ерекшелігі - талшықтың түбінде,
яғни кинетосоманың
жанында кинетопласт деп аталатын арнайы органоидтың болуында.
Кинетопласт ұсақ денелік, митохондрияға ұқсас, іші ДНК-ға толы. Бір немесе
екі талшығы болады. Өз еркінше қозғалатын Bodo туысының өкілдері тұщы
суларда көп кездеседі. Басым көпшілігі жануарларда және адамдарда
паразиттік тіршілік етіп (Costia,
Trypanosoma, Leischmania туыстарының
өкілдері) қауіпті ауруларды туғызады.
Трипаносома (Trypanosoma) туысының өкілдері 20-70 мкм-ді сопақша,
ұшы сүйірленіп келген талшықтылар (8,Г-сурет). Талшығы ұзын, артқы
жағынан басталып денесінің алдыңғы жағына келіп бос бітеді. Талшық пен
клетка мембранасының арасында толқын тәрізді
жұқа жарғақ мембрана
түзіледі, сол арқылы жылжиды. Трипаносомалар омыртқалы жануарлар мен
адамның қан клеткалары мен тканьдерінде паразиттік тіршілік етеді.
Trypanosoma rhodesiense адамда болатын "ұйқы ауруын" қоздырушы. Бұл
ауру Африкада көп тараған. Трипаносоманы ауру адамнан сау адамға тасушы
це-це шыбыны (Glossina palpalis және Gl. morsitans) (9-сурет). Tr. rhodesiense
ак бөкендердің қан клеткаларында кездеседі, бірақ оларға оншалық зақым
келтірмейді. Сөйтіп бөкендер аурудың табиғи резервуары болады,
олардан
це-це шыбыны трипаносомаларды адамға жұқтырады.
Tr. evansi, Tr. brucei ipi қара мал мен түйені өлімге әкеп соғатын "су
ауру" деген ауруға шалдықтырады. Ауруды жұқтыратын - соналар және
Glossina туысындағы шыбындар. Tr. equiperdum жылқыларда болатын
"шағылыс ауруын" қоздырушы. Ауру бір жылқыдан екінші жылқыға
шағылысу кезінде таралады. Трипаносома жылқының орталық нерв жүйесін
зақымдайды, жылқы арықтайды және терісі қатпарланып кетеді.
Лейшмания (Leischmania)
туысының өкілдері ұсақ, көлемі 2-4 мкм,
адамның клеткаларының ішінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты
олардың талшықтары жойылған, ал қолдан жасаған қоректік ортада және
лейшманияларды тасымалдаушы насекомдардың
ішегінде олар өздерінің
ұзын талшықтарын қайтадан шығарады (10-сурет). Лейшмания ауруларын
жұқтырушы - флеботомус (Phlebotomus) туысына жататын ұсақ насекомдар -
москиттер болады (10,Г-сурет). Лейшманиоз аурулары Кавказда және Орта
Азияда көп тараған. Адамды осы ауруға шалдықтыратын негізгі өкілдері:
Leischmania tropica және L. donovani (10,А,Б-сурет). L. tropica (10,В-сурет)
адамның тері ауруын немесе пендинканы туғызады. Бұл ауруға шалдыққан
адамның терісінде терең ойық жаралар пайда болады, олар баяу жазылып,
орнында кетпейтін тыртық қалдырады.
Leischmania donovani адамның ішкі лейшманиоз немесе висцеральдық
лейшманиоз деген ауруын қоздырушы. Бұл ауруға ұшыраған адамның
бауыры мен талағы ісінеді және теріге қан құйылады. Лейшманиоз
ауруларымен иттер және құмды шөлейттердегі әр түрлі
кемірушілер
ауырады. Олардың да ауруларын тасымалдаушы - москиттер.