Оқулықтар: 2020-2021 оқу жылы сабақ кестесі және үзілістер І жарты жылдық



бет6/7
Дата06.02.2022
өлшемі79,69 Kb.
#79223
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-4 жылдық

Түсінік хат
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
√ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты,
√ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің
үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген),
√ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы
білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген),
√ ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім
беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары,
√ «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық
жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217
бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары,
√ 2019-2020 оқу жылында ҚР-ң Жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудығң ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау
хатты басшылыққа ала отырып жасалынды.
Пәннің негізгі базалық мазмұны 3 сынып оқушыларының төмендегі тарауларда ашылады:
1) «Ғасырлар даналығы»;
2) «Тату отбасы»;
3) «Адам болам десеңіз»;
4) «Қандай ғажап бұл әлем!»
«Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі мақсаты:

  • Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгерту, өзіне жағымды қарым-қатынасының, өзін-өзі жүзеге асыруының,сондай-ақ әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие іс-әрекеттерде өзін-өзі дамытуға сұрасының дамуы.

  • «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті:

1) әрбір адамның табиғатына қаланған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау;
2) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
3) адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысы ескерілген оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық негіздерін қалыптастыру.

  • «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жалпы мақсаттарға қол жеткізу арқылы жүзеге асырылады, яғни:

1) әрбір оқушының өз рухани-адамгершілік табиғаты мен өмірлік мұратын ұғынуына ықпал ету;
2) өскелең адамның үйлесімді қалыптасуына көмектесу.

  • Бұл келесі міндеттерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі:

1) өзіне, адамдарға және қоршаған ақиқатқа құндылықты қатынасын; айналасындағыларға риясыз сүйіспеншілік пен тілектестік қабілеттілік танытуын, оларға қамқорлық жасауын ашып көрсету;
2) өзін-өзі тану, өмірлік мақсаты мен өзінің мұратын түсіну уәждемелерін дамыту;
3) өзіндік қадір-қасиет сезімін, өз-өзіне сенімділік, өз ойына, сөзіне және әрекеттеріне жауапкершілікті дамыту;
4) адамның ішкі және сыртқы әлемінің өзара байланысын, оның табиғатпен тұтастығын, физикалық, психикалық және рухани денсаулығының
өзара тәуелділігін түсіну қабілетін; салауатты өмір салтын жүргізудің негізі ретінде өзінің физикалық және психикалық күйін реттеуді дамыту;
5) әлеуметтік ұстанымдар мен рөлдердің көптүрлілігі тұрғысынан позитивті ойлау және өз әрекеттері мен мінез-құлқын реттеу мүмкіндіктерін
ұғыну қабілетін дамыту;
6) дұрыс өмір сүру үшін білім, білік және дағдыларын қолдану қабілеттерін ашу, әртүрлі өмірлік жағдаяттарды бағалау кезінде өзінің ар-ұжданына
жүгіну, жалпыадамзаттық құндылықтарға қайшы келмейтін шешімдер қабылдау;
7) адамгершілік нормаларына сәйкес келетін міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда қызмет ету, сондай-ақ топта, командада жұмыс істеу
біліктерін дамытуда өзіне және басқаларға жәбір көрсетпеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет