I тоқсан
Сабақтың нөмірі: №8
Сабақтың тақырыбы: Бензолдың қолданылуы.
Мақсаты (оқушыға бағытталған):
Оқу мақсаттары 11.4.2.17 органикалық қосылыстар синтезі үшін бензол реакциясының маңыздылығын түсіндіру.
Сабақтың мақсаты - Білім алушылар:
Бензолдың қолданылуын түсіндіреді.
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Жаңа сабақты түсіну үшін мына видеоны көреміз.
1. Бензолдың қолданылуы туралы видeоны көріңіздер https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/arender
Бензол С6Н6 түссіз сұйық, улы зат, өзіне тән иісі бар, судан жеңіл және суда ерімейді. Бояғыш заттар, дәрі-дәрмектер, қопарылғыш заттар, синтездік талшықтар алу үшін және органикалық заттардың еріткіші ретінде кеңінен қолданылады. Бөлме температурасында бензол тез буланады: ауамен араласып қопарылғыш қауіпті затқа айналады. Буының массасы ауа массасынан 2,7 есе көп (жерге жақын орналасып, үлкен концентрацияда жиналуға ықтималдылығы жоғары). жанғанда басқа көмірсутектер сияқты, бензол көп күйе бөледі. Бензолдың тұрмыста қолдану аясы кең. Бұл химиялық өндіріс өнімінің ең кең тараған өнімдерінің бірі. Бензол негізінде аромат көмірсутектер алады, олардан кейін синтетикалық талшықтар, пластмассалар, каучуктер және резиналар, сол сияқты медициналық препараттар, қопарылғыш заттар, таскөмір бояуларын, жасанды тері, бояулар алады. Бензолды зауыттарда таскөмір смолаларын айдау үшін және коксобензольды зауыттарда қолданады. Бензолдың ароматты қасиетті әр түрлі парфюмерия және анилин өндірісінде қолдануға мүмкіндік береді. Тіптен кәдімгі парафин свечаларының да құрамында бензол бар. Кейде суда ерімейтін заттарды еріту керек болғанда көмекке бензол келеді. Ол йодпен, алкалоидтармен (өсімдік тұқымы құрамының бөлігі), фосформен, майлармен (сүйектің, еттің қалдығының, балық, жаңғақ құрамында), смола, каучук және синтетикалық резина (клей алу өдірісінде), клей т.б. жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сусорғыш маталар, сол сияқты клеёнкалар және линолеум бензол бар ерітіндімен сіңіріледі. Химиялық тазарту кезінде киімнен күрделі дақтарды кетіру үшін де бензол ерітіндісі қолданылады. Сол сияқты автотранспорт жанғыш отындары өндірісінде де (октан санын арттыру үшін) бензол пайдаланылады. Сонымен, адамзат бензолға бензин, жарық беретін шамдар, су газы, спирт, автогендік балқытуға арналған заттары үшін алғыс айтса болатын сияқты. Автомобилдер – атмосфераға бензол қалдықтарын тастайтын негізгі заттар. Дегенмен, бензолға алғыс айтуға асығудың қажеті жоқ сияқты. Өйткені бұл заттың практикалық пайдасынан басқа адам организмі үшін үлкен, улы болғандықтан зияны да бар екенін білгеніміз жөн. Халықаралық рак ауруын зерттейтін агенттілік оның канцерогендік заттардың қатарына кіретінін арнайы айтты. Ал 1971 жылы Женевада тіпті «Бензол туралы конвенция» да қабылданды: сол уақыттан бастап әлем экологтары мен дәрігерлері адамдарды осы аса қауіпті улы канцерогенді қолдану мен өндіруді азайтуды талап етті. Бірақ бұл ескертулерге қарамастан өндірістік елдерде, соның ішінде Ресейде де бензолды өндіру көлемі жылдан жылға артуда. Бензол адам организміне улы бу түрінде тыныс алу органдары арқылы енеді, бірақ оның қауіптілігі сондай тіпті ашық жаралар, немесе тері арқылы да еніп кетуі мүмкін. Сондықтан бензол өндіретін өндірістерде жұмыс жасайтын адамдар үнемі улы бумен дем ала отырып, өз өмірлерін қатерге тігеді. Үнемі организмге аз мөлшерде бензол түссе, адамдар лейкемия (қан рагі) немесе анемия (қанда гемоглобиннің жетіспеушілігі), үнемі бас айналу, әлсіздік, ұйқының бұзылуы болуы мүмкін. Сол сияқты бензолмен үнемі уланса, бүйрекке, бауыр, сүйек, қан, нерв жүйелеріне зақым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |