Оқушылардың
анатомиясы,физиологиясы және гигиенасы.
1.
“Оқушылардың анатомиясы,физиологиясы және гигиенасы”- ағзаның
дамуының түрлі кезеңдеріндегі тіршілік әрекеті үдерістерінің
ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.Бұл пән оқушылар ағзасының
анатомиясы,физиологиясы,жас ерекшеліктері,оқу үрдісі кезінде
балалар
мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайту
заңдылықтары,сабақ жүргізуге қойылатын гигиеналық талаптармен
таныстырады.
“Оқушылардың анатомиясы,физиологиясы және гигиенасы”- адам
физиологиясының үлкен бір саласы.Физиология ғылымы ағзаның
тіршілігін,оның барлық мүшелерін зерттейтін
және реттеу жолдарын
анықтайтын ғылым.Физиология ғылымы ағзаның жеке мүшелерін
белгілі бір жүйеге келтіріп,олардың қызметтерінің бір-бірімен қарым-
қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады.Оқушылардың даму
физиологиясы пәні педагогика ғылымымен де байланысты,себебі
пкдагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып,оқу
тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.Оқушылардың даму
физиологиясы балалар мен жасөспірімдердің өсу даму
заңдылықтарын,олардың денесінің
құрылысына,яғни анатомиялық
ерекшеліктеріне сай қарастырады.Бұл пәннің негіздері жалпы гигиена
мен медициналық гигиена,биохимия,биофизика,психология,педагогика,
генетика және т.б биологиялық табиғат тану ғылымдарының
табыстарына сүйенеді.Оқушылардың даму физиологиясы-жас
ұрпақтарды тәрбиелеудің,оларға жасына лайық білім берудің,ақыл ойын
дамытудың,дені сау,сымбатты,сұлу етіп өсірудің негізі.Ол балалар мен
жастардың денесінің
дұрыс өсіп дамуын,ақыл ойының жетілуін
қамтамасыз етіп,оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі
аурулардың алдын алады,еңбек қабілетін күшейтеді.Бұл пән
мұғалімдерге психология мен педагогика
пәндерінің негізін дұрыс
түсінуге жол ашады,медициналық және санитарлық салауаттық
мәселелерді шешеді.
2.
Басқа ғылымдармен байланысы:
Оқушылардың анатомиясы,физиологиясы және гигиенасы пәні 2
саламен тығыз байланысты.
1.Биологиялық ғылым саласы
(эмбриология,цитология,гистология,генетика,биохимия)
2.Педагогикалық ғылым саласы
(Педагогика және психология)
3.
Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде
шеңбері.
Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму – сапалық көрсеткіш.
Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің
сапалық көрсеткіштерге
айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға
бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің
қызметінң артуын,
баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмінің дамуы екі
түрлі: 1) физикалық, 2) функциялық.
Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:
1) дамып жетілу, 2) кемелдену, 3) қартаю.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:
1) өсу мен даму гетерохронды болады.
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі
келеді.
3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты.
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің
биологиялық беріктігі немесе
мықты болуы;
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның
жағдайларына тәуелділігі
6) өсу мен дамудың акселерациясы (балалар мен жасөспірімдердің өсуі
мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ
болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп аталады).