Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп



бет2/2
Дата23.05.2017
өлшемі308,78 Kb.
#16690
1   2

Жаңа материалдың таныстырылымын «Жигсо» әдісін қолданып сабақты оқушылар өз беттерімен меңгерді. Бұл әдісті пайдалануда мүлдем күтпеген әсер алдым. Оқушылар топтық ережені қаперлерінен шығармай, бір-бірін тыңдай отырып, мәтіндермен танысып болған соң топта тақылап, содан соң жұп болып және әр топта талқылай отырып бір-біріне мәтіннің мазмұнын түсіндірді. Формативті бағалау «екі жұлдыз бір тілек» айтуда да оқушылар еш кідірместен бір – біріне ұсыныс пікірлерін айтты. Осы әдіс бойынша оқушылардың дағдыларына риза болып, сәтті шыққаны көңілімді бір тойғызып салды. Сабаққа қатысқан бақылаушыларымда бұрын –соңды өткен сабақтан балалар еш кідіріс танытпады осындай сәтті әдістен кейін балалардың да бойында көңіл қуаныштары көрініп, жүздері бал-бұл жайнап тұрды. Сабақ басталғанда бақылаушы мұғалімдерге үрке қараған оқушылар сыныпта емін – еркін сөзбен жеткізе алмайтындай атмосферада жұмыс жасады. Ең бір сәтті сәттерімнің үзіндісі іспетті жадымнан мәңгі орын алды. Оқушылар сыни ойлау тұрғысында оқытудың жаңа тәсілін меңгерумен қоса қалай оқу керектігін үйрену, өзін-өзі реттеу үдерісін сезінумен қатар бірін – бірі бағалап, жас ерекшеліктеріне байланысты оқудағы әлеуметтік – жағдаяттық тәсілді меңгере отырып сабаққа араласты.

Осы әдістен кейін оқушылардың көңілін тағы бір серпілтіп, «Эврика» тестін өткіздім. Тестті берген бойда лезде оқушылардан – «Апай, айтуға болама?» деген сұрақ естідім. Бұл тесттің мазмұны бойынша оқушы «Эврика!» деп орнынан тұрып айқаулауы керек болатын. Бүгінгі өткен тақырыбымыздың да мазмұнында Архимедтің өз жаңалығын тапқандағы сөзі әсер етті ме, оқушылар бұл тестті бірден шешімін тапты. «Болады» деген сөзді айтқанда оқушылар барлығы бірге «Эврика!» деп жауап берді. Осы көтеріңкі көңіл күймен сабағымыздың келесі әдісіне ауыстық. Бұл әдіс «Көшбасшылық ойыны» деп аталатын. Ойынның шарты бойынша оқушылар:



  • Сіз нағыз көшбасшысыз. Сіз әрқашанда дұрыс шешім қабылдай аласыз.

  • Сіз ылғида күмәнданып, бәріне де сенімсіздікпен қарайтын адамсыз.

  • Сіз қандай да бір идеяны жоққа шығаратын сыншылсыз.

  • Сіз еш келісімге келе алмайтын адамдарды татуластыра білетін бітімгерсіз.

  • Сіз қорытындылауды жақсы білетін аналитиксіз – атты сөйлемдерді пайдаланып рөлге бөлінді және тақтада берілген есеп бойынша талдай отырып есеп шығарды. Бүгінгі сабақтағы оқушылардың зейіні ерекше болды ма, әлде сабақтың жоспарлауы сәтті болдыма бұл жоспарда сәтті болып аяқталды. Бұл әдісте бір – бірімен үнемі қарама – қайшы пікір ұстанатын оқушылар үшін өте тиімді әдіс болды. Оқушылар екі жақты ойлап, сыни тұрғыдан ойлаудың мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация дағдыларды дамыттым. Сонымен қоса, «мұғалім - дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігін негізге ала отырып сабақтың құрылымы мен мақсатқа жетуді қадағалап отырдым.

«Төрт сөйлем» әдісі әрі қарай оқушылардың түсінік және жұмыс жасау деңгейлерін бағалау үшін орындалды. Оқушылар алдымен бір пікір яғни сабақ теориясы бойынша туындаған өз пікірлерін бір сөйлеммен келтірді. Екінші, келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп шықты. Үшінші өмірмен байланыстыра отырып бір есеп құрастырып, сол есепті шешіп бір сөйлеммен ең соңында қорытынды келтірді.

Есеп құрастыруда «А» деген үздік оқушым тапсырманы өзі меңгере алды. Ал, «Б» оқушым есеп құрастыруда жолдастарының көмегімен, «С» оқушымада Выготскийдің «Жақын арада даму аймағы» арқылы қолдау көрсететін - көпіршелер арқылы орындауға мүмкіндік жасадым.



Оқыту мен оқуды жиынтық бағалау мақсатында «Интервью» парағы арқылы кері байланыс орнаттым. Оқушылар сабақ соңында парақтарды толтырып, сабақ жөніндегі өз пікірлерін қалдырып, өзін-өзі бағалау экранына сабақ соңындағы көңіл – күйлерімен сабақтан алған білім қоржындарының жемісін үш түрлі жасыл, сары, көк алмалар арқылы жеміс ағашына салып отырды.

Сабағымның құрылымы бойынша сәтті өткен тұстарым: ең сәтті өткені «Жигсо» әдісі. Оқушылардың іс – әрекеті өте әсерлі болды. Оқушылар тек қана білім алып қана қоймай, білімді түзетін әдістерге қатысу арқылы оқуда балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген және оқуы тиімдірек, зияткерлік жетістіктері жоғары бағаланатын зерттеу болды. Тағыда сергіту сәті, тренинг, бағалаудың түрлері сәтті өтті. Сыныпта оқушылар екі жұлдыз, бір тілек айтуды өзге сабақтарда қолдану нәтижесінде сәтті өтсе, көшбасшының бағалауы анық, нақты қолжетімді болды.

Сабағымның сонымен қатар сәтсіз тұсыда болды. Ол уақыттың шектеулі болуы. Әр әдіске уақыт бөліп сол уақытты шекпен қолдану көптеген шығармашылықпен ізденіс жолындағы оқушылардың пікірін қысқартуға, және сабақ соңында оқушыларға үй тапсырмасын беруге уақыттың толық жетпей қалғаны сәтсіз болды. Бірақ оқушылар сандық технология көмегімен ұялы телефондарына интерактивті тақтадағы үй тапсырмасын суретке түсіріп алып, бір – біріне байланыс желілері көмегімен толық қамтамасыз етуін қадағаладым.

Жалпы сабақ құрылымы толық қамтылды. Жоспарымның ішінде орындалмай қалған тұстары болмады.

Болашақта нені дамытамын: келесі сабақтарымда біріншіден уақытты үнемді пайдалануды қатты қадағалаймын. Өйткені сабақ үрдісінің нәтижелі болуы үшін әр секундтың маңызы бар екеніне толық көзім жетті. Әрі қарай сабақтарымда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін іздене жүріп бағдарламаның жеті модулін әрі қарай зерделеймін.

Оқушы бойында сыни көзқарас қалыптастыру, сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдыларын жүзеге асырамын.



Талантты және дарынды балаларды оқытуда кейс-стади әдістерін терең зерттеймін. Маслоу мен Роджерс негізін қалаған оқытудың гуманистік тәсіліне ерекше назар аударып қана қоймай оқушылардың жеке жұмысын одан әрі дамытып, әр оқушының жеке мүддесін ескере отырып бағалауды оданда ізгілендіруді жолға қоямын.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2012ж
2.Курс бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған таратпа материалдар
3.Ғаламтор ресурстары


Каталог: uploads -> doc -> 0b56
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b56 -> Тақырып: Театр және кино өнерінің тарихынан Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет