Оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы формативті бағалаудың маңызы. «Сабақ беру үйреншікті, жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»



бет2/12
Дата11.01.2022
өлшемі52,58 Kb.
#110818
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы формативті бағалаудың маңызы

р/с

Критерийлер

Баға

1

Тақырыппен байланыстылығы




2

Сенімді және сендіре алу шеберлігі




3

Идеяның ерекшелігі




4

Нақты дәлелдер келтіруі




5

Мәтінді жоспарлау дұрыстығы, қателігі







Жалпы баға:




«Қазақстан қалалары» тақырыбында әр топ суреттен бір көрікті жерді таңдап алып, топта талқылап презентация жасады (презентациялар түрлі формада орындалады, әр топ бірін – бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды). Презентацияны бағалау критерийлері әр топқа ұсынылды. Олар кестені толтыра отырып, бағалады.

Критерийі, яғни айтылым бойынша презентация бағалау

Дескрипторлар

I топ

II топ

III топ

Тақырыптың ашылуы

2 балл

1 балл

2 балл

Мәліметтің толықтығы









Көрнекілігі, дизайны










Регламент сақтау










Критериалды бағалау әдісі арқылы оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландырамыз, соңғысы жинаған түрлі бағалау балдары арқылы өзін – өзі бағалайды. Мұндағы жетістіктің артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз. Бірақ оқушыларды бағалау үшін критерийлердің жеңіл түрлерін алған дұрыс. Оларға өздері түсінетіндей, өзін – өзі бағалай алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай талдай алатындай дескрипторларды құрастыру керек деп ойлаймын.

Боранбаева Малике Жақсылыққызы. Тарих пәні мұғалімі

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы. № 116 орта мектеп.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны өз іс – әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыру қажет. Себебі, бүгінгі заман талабы – жан – жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.

Сонымен бағалаудың ең маңыздысы мұғалімнің әділ болуы. Сондықтан, мұғаліммен қатар оқушының да баға қою мәселесінен тыс қалмай, жауапкершілігін арта түскенін қалаймын. Бағалауда оқушылардың пікіріне құлақ салған жөн. Бұл жұптардың, топтардың өзара және өз- өздеріне баға беру арқылы жүзеге асады. Қорыта келгенде, баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға – бала өміріндегі ең маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайта түседі. Сондықтан мұғалім баға қоюға мұқият болуы керек.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет