Әр мұғалім күнделікті өз сабақтарында оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылығын, функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларды ықпалдастырып отырса, оқушылар бойында мынадай дағдылар қалыптасады:
Өз бетінше ізденіп, талдап, оны таңдай біліп, қызығушылығы артады,
Түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істей білу дағдылары қалыптасады.
Жаратылыстану – ғылыми сауаттылығы құзіреттіліктерін қалыптастырудың бірден бір жолы теорияны практикаға негіздей отырып оқыту.
Функционалдық сауаттылық(ФС) кең анықтамасында білім берудің (ең алдымен жалпы) адамның көп қырлы қызметімен байланысын біріктіретін жеке тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде көрсетіледі. Қазіргі қарқынды дамып жатқан әлемде
функционалдық сауаттылық адамдардың
әлеуметтік,
мәдени,
саяси,
экономикалық
қызметке белсенді қатысуына, сондай-ақ
өмір бойы білім алуына ықпал ететін негізгі факторлардың біріне айналуда.