ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚҚА
БIЛIМ БЕРУ МИНИСТIРЛIГI
РЕСПУБЛИКА БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ
ФИЛОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БЛОК МОДУЛЫ
БОЙЫНША ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМНІҢ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(XI СЫНЫП)
ӘДЕБИЕТ
ТАШКЕНТ - 2018
ТҮСІНІК ХАТЫ
«Әдебиет» пәнінің оқу бағдарламасы XI сынып оқушылары үшін мемлекеттік білім беру стандартының талаптары негізінде құрастырылған. Мемлекеттік білім беру стандарты XI сыныптары үшін мөлшер болып есептеледі. Аталмыш сыныптар бітірушілері мемлекеттік білім беру стандартының бұл дәреже үшін қойылған талаптарға жауап беруі шарт.
Әдебиет пәнінің негізгі мақсаты мен міндеттері оқушылардың дүниеқарасын кеңейтіру және ойлауды дамыту, сөз өнеріне, Отанға, ұлттық дәстүрмен бай руханиятымызды мейір-шапағат рухында тәрбилеу болып табылады. Жалпы орта білімнің оқу жоспарындағы әдебиет пәні оқушыларда кітапсүйер мен оқу мәдениетін және шығармашылықпен сыни тұрғыдан пікірлеу қабілетін қалыптастыруға қызмет етеді.
Пәнді оқытудың мақсаты - қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері – әдебиет бағдарламасына сай ауыз әдебиеті үлгілерінен ежелгі әдеби мұралар, жазба ескерткіштер жайлы мағлұматтар береді. Әрі, жазба әдебиетіміздің ірі тұлғаларының өмірін бір жөн көркем шығармаларын оқытып, оны да жан-жақты игерту. Олардың әрбірін жүйелі де мақсатты түрде меңгерту. Оқушылардың ауызекі сөйлеу әдеби тіл мөлшерлері негізінде қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету, сөйлеу компентенциясын құрастыру болып табылады.
Жазбаша тілде жоғары сауаттылық, әдеби тіл мөлшерлеріне мойынсұну, стилистикалық эмоционалды реңктерден пайдалана алу дағды мен біліктерін дамыту және әдебиет пәнінің мазмұнынан келіп шығып, оқушыларда тірек компетенцияларын қалыптастырудан тұрады.
Жалпы орта білім мектептерінде әдеби білім таза ғылыми мағлұматтарды емес, рухани-ақылақтық бағыттар биіктігін көздейді. Оқушылар ұлттық әдебиеттің, сондай-ақ, әлем әдебиетінің ең жақсы үлгілерін оқу мен талдау жасау негізінде ізгілік пен жауыздық, жақсылық пен жамандық жөніндегі әр түрлі сындарға душар болады, оларға саналы қатынас білдіреді, солар негізінде өздеріндегі ақылақтық-рухани қасиеттер кешенінің қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жаратады. Оларға қарағанда ашық өмірлік қатынастарды көрсету қажеттілігі болса, оқушылардың ауызекі және жазбаша тіл дамуындағы маңызды фактор міндетін өтейді.
Жалпы орта білім жүйесінде оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерінен келіп шығып әдеби шығарманы сыныпта оқу, үйренумен бірге, шығармаларды еркін үйрену және сыныптан тыс оқуға да айрықша көңіл бөлу қаратылады. Оқушыларда әдеби шығарманы талдау, әдеби-теориялық түсініктерді үйрену біліктілігі қалыптастырылады. Әдеби шығармалардың әр бірін үйренуде тарихи-эстетикалық қағидаттарға толық таянғанда да, оларды тығыз хронологиялық тәртіпте немесе белгілі бір тақырыптар (айдарлар) көлемінде үйреніледі.
туған әдебиеттің ұлттық сипатын жан-жақты аңғарып, ондағы жанрлық ерекшеліктері мен әрбір дарынды ақын-жазушының стильдік даралықтарын анық таныту. Әрбір көрініске шығарманың идеялық-эстетикалық адамгершілікке баулитын сырларын жан-жақты ұғындыру;
көркем әдебиетке деген ынтымақтығын оятып, аса жоғары эстетикалық талғам таразысын биіктете түсіп, олардың ой-өрісін жан-жақты қалыптастыру;
сөз өнерінің қадір-қасиетін дұрыс тануға, оны өз ой елегінен еркін өткізе білетін, білімді де білікті жастарды тәрбиелеп, олардың дағдыларын жетілдіре түсу;
шығарманың толық мазмұнын игере білуге талпындыра түсіп, жалпы көркемөнердің өзіндік ерекшеліктерін тұтастай қабылдауға жұмылдыру;
оқушыда ой дербестігін кең өріс алдырумен бірге, өздерінің де шығармашылығын жетілдіріп, оларға педагогикалық тұрғыдан әсер ету. Әрі, образды ойлай білуге, кейіпкерлердің күрес-тартыстарын қайта көз алдарына елестете алу қасиеттерін дамыту;
өз ойын аса сауатты жеткізе білуге, тіл байлығын арттыра білуге қалыптастыру.
Әдебиет пәнінің XI сынып оқу бағдарламасы мемлекеттік білім стандартының талабы негізінде дайындалды. Мемлекеттік білім стандартының XI сыныптар үшін негізгі мөлшер есептеледі. Осы сыныпты бітірушілер мемлекеттік білім стандартының жоғарыдағы дәреже үшін қойылған талаптарына жауап беруі шарт. Сол негізде әрбір білім басқышы үшін білім беру мазмұны бірыңғай үздіксіз оқыту негізінде жіктелген.
Бағдарламада оқушылар меңгеруі тиіс болған ауыз әдебиеті үлгілерінен ежелгі әдеби мұралар, жазба ескерткіштер жайлы мағлұматтар оқушылардың білімі мен өмірге деген көзқарасы көлемінде, қоғамдық өмір мен мемлекеттік саясат негізінде тәлім-тәрбиелік міндеттерге негізделген.
Оқу бағдарламасы бойынша оқытушылар күнтізбелік тақырыптық жоспар істесе 1 бақылау жұмысы үшін 1 сағаттан 2 сағатқа дейін белгілеу, қайталау үшін ажыратылған сағаттарды оқушыларға күрделірек болған тақырыптар үшін ажыратылуы мақсатқа сай болады.
Аталмыш оқу бағдарламасы 2018 – 2019 оқу жылында X сынып, 2019-2020 оқу жылында VIII- IX сыныптар, 2020-2021 оқу жылында V сынып, 2022-2023 оқу жылында VI,VII,X сыныптарда басқышпа-басқыш іс жүзіне асырылады.
Жалпы орта білім мектептерінің V-XI сыныптарының әрбірінде жыл бойына: Әдебиет V сыныпта 68 сағат, VI сыныпта – 68 сағат, VII сыныпта - 68 сағат, VIII сыныпта – 68-сағат, IX сыныпта – 68 сағат, X сыныпта – 68-сағат, XI сыныпта – 68 сағат оқытылады.
ӘДЕБИЕТ
(68 сағат, аптасына 2 сағат)
Оқушылардың оқу әрекеті нәтижелеріне қойылатын талаптар:
ежелгі түркі, классикалық, тәуелсіздік әдебиетін ажыратады;
шығармада бейнеленген адамилық сезім-әсерлері негізінде пікірлей алады;
шығарманың тіл ерекшеліктерін талдайды, қатынас білдіреді;
түрлі жанр мен көлемдегі 6-8 өлеңді мәтін немесе оның үзіндісін жатқа мәнерелеп оқи алады ;
көркем-шығармашылық және еркін тақырыптардағы шығармаларға тән ерекшеліктерді біледі де тиісті бағытта шығарма (5-6 бет) жаза алады;
әдеби тіл нормаларына мойынсұнған жағдайда түрлі тақырыптарда эссе, реферат пен шығармашылық мәтін жаза алады, онда халық мақалдар мен мәтелдер, қанатты сөз, көркем шығармалардан орынды пайдалана алады;
түрлі жанрдағы әдебиеттерді еркін таңдап, оқиды, ондағы оқиға-жағдайлар, образдар жүйесіне қатынас білдіре алады.
Оқушылардың оқу әрекеті нәтижелеріне қойылатын талаптар:
(тереңдетілген сынытар үшін)
көркем әдебиеттің тіл ерекшеліктеріне қатынас жасайды;
поэзиялық және прозалық шығармаларды мәнерлі жатқа айта алады;
оқыған шығарма бойынша образдарға мінзедеме береді, еркін шығарма, пікір жазады.
КІРІСПЕ (1 сағат)
Әдебиет майданына жаңа ой, жаңа леп кіріп келумен бірге, онда жаңа-жаңа ақын-жазушылар легінің пайда болуы. Жаңа заманды, жарқын болашақты жырлаудағы әрбірінің өзіндік ерекшеліктері. Әсіресе, әдебиет майданына Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин секілді т.б. тарлан таланттардың әр түрлі жанрларда қалам тебірентіп, әдебиетімізді биікке көтере түскендігі. Сондай-ақ, «Туысқан халықтар әдебиеті үлгілерінен»: Абдулла Қадыри, Берді Кербабаев, Самед Вургун, Шыңғыс Айтматовтар және «Әлем әдебиеті үлгілерінен»: М.Ю.Лермонтов, Т.Г.Шевченко, Вальтер Скотт секілді сөз шеберлері әр түрлі жанрларда қалам тебірентіп, өмірдің өзекті мәселелерін көтере білгендіктері оқулықта өз орнын алған.
XX ҒАСЫР ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
1920-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘДЕБИЕТ
(20 сағат)
Сәкен Сейфуллин (1894-1938). Өмір жолы, шығармашылығы, жеке тұлғасы. Өлеңдерінің реалистік сипаты, демократтық-ағартушылық бағытта және Қазан төңкерісі туралы жазған шығармалары. Ақынның табиғат лирикасы. Суреткерлік шеберлігі. Ақынның «Өткен күндер» өлеңдер жинағындағы «Мұра», «Түс», «Қазақ сабағы», «Надан бай», «Жетімге», «Інішегіме», «Айт күні», «Жайлауда қымыз ішу» секілді т.б. өлеңдерінің идеясы. Сондай-ақ, ақынның «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағын үш жүйеге бөле отырып, онда сыр шерткен «Жазғы түнде», «Көңіл», «Сәулем», «Өткен күн», «Далада» секілді өлеңдерінде әділдік, теңдік іздеген ақын арынына айрықша мән беруі.
Сәкеннің «Көкшетау», «Альбатрос» секілді поэмаларының көркемдік ерекшеліктері. Оларда сыр шерткен негізгі оқиғалардың мәнін таныту. Жазушының «Жұбату» секілді қысқа лирикалық әңгімесі мен «Бандыны қуған Хамит» сияқты оқыс оқиғалы новелласын, «Жер қазғандар» хикаяты «Тар жол, тайғақ кешу» романының идеялық мәні, көркемдік ерекшелігі, тілі.
Драмалық шығармаларынан «Бақыт жолында» шығармасының дәуір сырын ұғындырудағы ерекшелігі. Сондай-ақ Сәкеннің Ташкентте болған жылдары. Дөрменде жазған «Домбыра», «Надежда, Умид, Умила», «Сұлу терек» секілді өлеңдерінің идеялық мәні.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938). Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Қазақ әдебиетінің аса ірі жарқын жұлдызы екендігі. Мағжан өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық әуен, ағартушылық-демократтық сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы. Мағжан лирикасындағы ақындық «мен». Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік. Метафоралық қолданыстар. Ақын поэзиясының романтикалық, реалистік сипаты «Жазғытұрым», «Жас келін», «Жас қыз», «Тілегім» сияқты т.б. өлеңдерінің идеялық мәні.
Ақын тағдыры, өлеңдерінің өзара іштей тұтастығы. «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы» секілді поэмаларының идеялық мәні көркемдік ерекшеліктері.
Бейімбет Майлин (1894-1938). Жазушының өмірі мен шығармашылығы. Лирикасы мен поэмалары. Ақын поэзиясының тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктері. Ақынның «Жазғы қалып», «Ауылда», «Мырқымбай», «Дүниенің тұтқасымын», «Бер, Мырқымбай қолыңды», «Зәйкүл», «Маржан», «Кемпірдің ертегісі», «Өтірікке бәйге» секілді т.б. өлеңдерінің тақырыбы мен негізгі көтерген идеялары.
Б.Майлиннің прозасы. Шығармашылығының басты тақырыбы – қарапайым еңбек адамы, қазақтың қалың бұқарасының қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі жаңалықтарға байланысты сана-сезімдегі өзгерістері. Майлин – әңгіме жанрының шебері. Қаламгердің «Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шеше», «Қос қақпан» секілді бір перделі скетчтері. «Амангелді», «Біздің жігіттер», «Көзілдірік», «Талтаңбайдың тәртібі» сияқты т.б. көп актілі комедиялары, драмаларының идеялық мәні.
Жазушының «Шұғаның белгісі» прозалық шығармасының көркемдік ерекшеліктері, тілі.
Ілияс Жансүгіров (1894-1938). Өмірі мен әдеби-шығармашылық әрекеті. Ақын поэзиясы. Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары. Табиғат лирикасы. Ақын лирикасындағы суреттілік, бейнелілік. Қазақ әдебиетінде Абай қалыптастырған табиғат лирикаларын дамытудағы «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу суреттері», «Бұлт», «Желді күн», «Жазғы таң», «Жауында», «Жел» т.б. өлеңдеріндегі ақындық арыны.
Жазушының «Жолдастар» атты романы, «Кек», «Түркісиб», «Исатай-Махамбет» секілді пъессаларының қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған аса құнды шығармалар екендігі.
Кең тынысты, кемел «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сияқты поэмаларының негізгі тақырыбы. «Құлагер» поэмасының тақырыбы, сюжеті, көркемдігі, тіл айшығы. Поэмадағы Ақан мен Құлагер бейнесі. Күреңбай сыншы мен Батыраш образы. Ақынның мінез сомдау шеберлігі. Поэманың композициялық құрылымы. Идеясы. Автордың көркемдік шешімі.
Ақынның қазақ поэзиясы мен прозасын, драматургиясын дамытуға қосқан үлестерінің мәнін жан-жақты аша түсу.
Әдебиеттер : 27, 28, 29.
СОҒЫС ЖӘНЕ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ
ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘДЕБИЕТ (25 сағат)
Соғыс жылдарында поэзия, проза, драматургия, оның ұсақ жанрлары – өлең, ән, лирикалық толғаулар аса кең өріс алған. Сұрапыл соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінде, еңбек адамдарының еңбектері, ерлігі мен бірлігін көрсетуге арналған шығармалар, бейбітшілік тағырыбы, азаматтық лирика, тарихи тақырыптар жан-жақты суреттелген.
Жамбыл Жабаев (1846-1945). Өмірінен мәлімет. Қазақ поэзиясының алыбы екендігі. Жамбылдың эпикалық жырларының тақырыбы мен идеясы. Жамбылдың дастандарындағы жаңашылдық пен дәстүр жалғастығы. Батырлар жырына ұқсастығы мен ерекшеліктері. «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды», «Менің бақытым» секілді өлеңдерінің мәнін аша келіп, «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты тарихи тақырыпқа арналған поэмаларының идеялық мәні, көркемдік ерекшеліктерін аша түсу. Әсіресе, ақынның «Отанды сүю», «Тарас», «Екі дүние айқасты» секілді өлеңдерінің тақырыбы, негізгі көтерген мәселелері.
Сәбит Мұқанов (1900-1973). Жазушының өмірбаяны, шығармашылығы. Оның қазақ поэзиясы, прозасы, драматургиясын дамытудағы үлестері. 1919 жылда жазған «Бостандық» өлеңінен бастап, «Кедей баласы», «Майға сәлем», «Ауыл осындай», «Мен де аттандым майданға», «Фашизмнің ажалы», «Шоқпыттың шаруасы», «Малшының мақтанышы» сияқты т.б. лирикалық шығармаларының негізгі тақырыптары.
Жазушының «Сұлушаш» атты поэмасы, «Менің мектептерім», «Өмір мектебі», «Есею жылдары», «Адасқандар» секілді прозалық шығармаларының негізгі тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері.
Сондай-ақ, «Алтын аймақ», «Каспийге саяхат» сияқты ірі очерктері, «Балуан Шолақ», «Сырдария» секілді роман-повесть, «Ботакөз» романын жазғандығы. «Аққан жұлдыз» романының көркемдік, композициялық ерекшеліктері, кейіпкерлерді даралау, адам мінезін сомдау шеберлігі. «Аққан жұлдыз» - тарихи роман. Шоқан образы. Айғаным мен Шыңғыс бейнелері.
Сәбит Мұқановтың Ғафур Ғұламмен болған достық қарым қатынастары. Шығармашылық байланыстары, сырластық, сыйластықтары. Сол негізде Сәбит Мұқановтың өзбек өміріне, өзбек тақырыбына жазылған шығармаларын да оқырманға жеткізу.
Мұхтар Әуезов (1897-1961). Жазушының өмірі мен шығармашылығы. Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. Әдебиет зерттеушісі – ірі ғалым ретінеде Абайтану ғылымының негізін салғандығы, Ташкентте өткен жылдардағы жемісті еңбектері.
Жазушының әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Көксерек», т.б. Тақырыптық және идеялық ерекшелігі. Адам мінезін ашудағы психологиялық ізденістері. Пьесаларындағы тартыс пен мінез. Монолог пен диалог.
Қаламгердің «Еңлік-Кебек», «Қаракөз», «Айман-Шолпан», «Түнгі сарын», «Абай», «Қарақыпшақ Қобыланды» секілді пъессаларының күні бүгінге дейін қазақ сахнасынан түспей келе жатқан өміршеңдік сырлары. Пьессаларының көтерген мәселелері, көркемдік ерекшеліктері.
Әсіресе, «Абай жолы» роман-эпопеясының әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма екендігі. Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі. Абай образының өсу, даму динамикасы. Абай жолындағы әйелдер бейнесі. Сөз өнерінде сәтті сомдалған образдың бірі - Құнанбай образы екендігі. Тарихи шындық және көркемдік шешім. Романның композициясы.
Сондай-ақ өзбек халқының аса талантты қаламгері Айбекпен болған достық қарым-қатынастары, сыйластық та, сырластық сырлары. Мұхтар Әуезовтің өзбек әдебиеті жайлы оның қаламгерлергі туралы ой айтып, шығармаларын талдай оқып, пікір негіздер білдіруі, оқырмандар бойына достық пен ынтымақ, бірліктің дәнін еге түсуі.
Ғабит Мүсірепов (1902-1985). Өмірінен мәлімет. Ғ.Мүсірепов – көркемсөз зергері. Ана туралы әңгімелеріне шолу. Өзінің жазушылық жолын шағын-шағын әңгімелерден бастап, әңгіме жанрының шеберіне айналу сырлары. Қаламагердің «Ашынған ана», «Ананың анасы», «Ер ана», «Ақлима», «Тарландар», «Этнографиялық әңгіме», «Талпақ танау» сияқты т.б. әңгімелерінің негізгі тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері.
Жазушының драматург ретінде «Қыз Жібек», «Амангелді», «Ақан сері - Ақтоты», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» шығармаларының өзіндік сипаттары. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясындағы Қозы Көрпеш, Қарабай, Қодар, Жантық сияқты бейнелердің өзіндік ерекшеліктері.
Жазушының «Қазақ солдаты», «Оянған өлке» романдарының идеялық мәні, көркемдік ерекшеліктері. Қаламгердің соғыс тақырыбын меңгеру жолындағы ізденістері. Жазушының адам портретін жасау шеберлігі, тіл көркемдігі, стилі. Шығарманың өн бойындағы халқымыздың адамгершілік, азаматтық, батырлық, ерлік болмысының жарқын көріністері.
Ғабиден Мұстафин (1902-1985). Жазушының өмірі мен шығармашылығы. Қазақ әдебиетін биікке көтерген аса талантты суреткер екендігі. Тарихи тақырыптағы және өндіріс тақырыбындағы шығармаларына шолу. Романдарындағы еңбек адамының образы. Алғашқы «Өмір мен өлім» атты романынан соң «Шығанақ«, «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көз көрген» секілді кең тынысты кемел прозалық шығармалар жазғандығы.
«Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы тартыстың әлеуметтік тартысқа ұласуы. Жазушының стилі, сөз қолдану ерекшелігі.
Әдебиеттер : 13, 14, 16, 18, 19, 30
ХХ ҒАСЫРДЫҢ 60-90 – ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘДЕБИЕТ
(2 сағат)
ХХ ғасырдың 60-90-жылдарында, қазақ әдебиеті ерекше қарқынмен қанатын кең жайып, жан-жақты дами түсті. Көркем шығарманың азаматтық әуені артып, көркемдік сапасы да қуаты көркейе түскендігі. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың 60-90-жылдарында проза жанрының жетекші орын иелегені, тарихи тақырыпқа жазылған шығармалар, қазақ поэзиясы, драматургиясының жедел дамып, аса бай жанрдың біріне айналғандығы.
РУХАНИ БАЙЛАНЫС
ҚАЗАҚ-ӨЗБЕК ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАРЫ (2сағат )
Қазақ-өзбек халықтарының достығын, ынтымақ-бірлігін ерекше серпінді әуенмен биікке көтереді. Өзбек әдебиетінде қазақ тақырыбы, өзбек-қазақ халықтарының достығы, қазақ ұл-қыздарының тамаша бейнелері көрініс тапса, қазақ әдебиетінде өзбек өмірі, екі халықтың тарихи тамырластығы мен дәстүрлі достығы, өзбек ұлдары мен қыздарының образдары дүниеге келді. Қазақ-өзбек әдебиетінде, оның ішінде поэзия, проза және драматургия жанрларында да, бір - бірінің өмірі сыр шертіп, олардың дәстүрлі достығы мен туысқандығы жан-жақты сипатталуы – жылдар өткен сайын кең өріс ала түсуде.
ТУЫСҚАН ХАЛЫҚТАР ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІНЕН
(4 сағат)
Абдулла Қадыри ( 1894-1940 ). Абдулла Қадыри, ХХ ғасырдың 20-30-жылдардағы өзбек прозасының туып, қалыптасуына, ерен еңбек сіңірген, аса талантты романист ретінде, өзбек әдебиетінің төрінен бекем орын алғандығы.
Берді Кербабаев ( 1894-1974 ). Берді Кербабаев, ХХ ғасыр түрікмен әдебиетінде поэзия, проза және драматургия жанрларында өнімді қалам тебірентіп, бүкіл түрікмен әдебиетінің даму тарихына аса мол үлес қоса алған, шынайы талант иесі дәрежесіне көтерілген, кең тынысты кемел қаламгер талант иесі екендігі.
Шыңғыс Айтматов (1928-2009). Қырғыз бен қазақтың ұлы құндылықтарынан рухани нәр алған кемеңгер суреткер, бір өмір тау мен даланың жыршысына айналған Шыңғыс Айтматов әдебиет әлемінде, тіптен адамзат өркениеті мен әлем әдебиетінің даму тарихына өзінің сүбелі үлесін қосқан кемел суреткер екендігі.
ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІНЕН (2 сағат)
М.Ю.Лермонтов (1814- 1841). М.Ю.Лермонтов – орыс әдебиетінің даму тарихына аса мол үлес қосқан, ерен ойлы прозашы, белгілі драматург, тамаша музыкант, шебер суретші, білгір математик және кең тынысты драмалық шығармалар қалдырып, орыс әдебиетінің, тіптен әлем әдебиетінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан кемеңгер ақын екендігі.
Вальтер Скотт (1771-1832). Вальтер Скотт, өзінің таңдай қағып, тамсандыратын көркем романдарымен, дүние жүзі әдебиетінің даму тарихына аса мол сүбелі үлес қосқан, аса талантты қаламгер. Өйткені ол, бүкіл Еуропа мен Америка әдебиетінің дамуында, ерен орын иелейтін шын мәніндегі сырлы сөздің хас шебері. Ол - ағылшын әдебиетінің даму тарихында – поэзия, проза жанрларында өнімді қалам тебіренткен, аса дарында сөз зергерлерінің бірі екендігі.
Әдебиеттер : 19, 22, 27, 28, 29.
Қорытынды. XX ғасыр қазақ әдебиетінің эстетикалық сабақтары, қолжеткізген жетістіктері мен кемшіліктер жақтары. Екі мың жылдық қазақ әдебиетінің XX ғасырында әлем әдеби процесінің құрамды бір бөлігіне айналғандығы және өзге халықтардың көркем тәжірибелерімен байланыста өркендету. Ғасыр соңында тәуелсіз дәуір әдебиетінің өмірге келуі және оның тарихи-эстетикалық маңызы.
Шығарма – 8 . Бақылау-тест – 4
Әдебиет пәнінен тақырыптық жоспарлар
№
|
Тақырыптар аты
|
Сағаттар саны
|
Жалпы
|
Теориялық
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
1
|
2
|
XX ғасыр қазақ әдебиеті 1920-1930 жылдардағы әдебиет
|
20
|
20
|
3
|
Соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет
|
25
|
25
|
4
|
ХХ ғасырдың 60-90 жылдардағы әдебиет
|
2
|
2
|
5
|
Рухани байланыс
Қазақ-өзбек әдеби байланыстары
|
2
|
2
|
6
|
Туысқан халықтар әдебиеті үлгілерінен
|
4
|
4
|
7
|
Әлем әдебиеті үлгілерінен
|
2
|
2
|
8
| Шығарма |
8
|
8
|
9
| Бақылау-тест |
4
|
4
|
|
Жалпы
|
68
|
68
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
O‘zbekiston Respublikasining 1997- yil 29- avgustdagi “Ta’lim to‘g‘risida” gi Qonuni.
O‘zbekiston Respublikasining 1997-yil 29-avgustdagi “Kadrlar tayyorlash milliy dasturi to‘g‘risida” gi Qonuni.
O‘zbekiston Respublikasi Vazirlar Mahkamasining 1999- yil 16 -avgustdagi “Umumiy o‘rta ta’limning davlat ta’lim standartlarini tasdiqlash to‘g‘risida” gi 390-sonli qarori.
O‘zbekiston Respublikasi Vazirlar Mahkamasining 2017 yil 6 apreldagi “Umumiy o‘rta ta’lim va o‘rta maxsus, kasb-hunar ta’limining davlat ta’lim standartlarini tasdiqlash to‘g‘risida” gi 187-son qarori.
O‘zbekiston Respublikasi Vazirlar Mahkamasining 2017 yil 15 martdagi “Umumiy o‘rta ta’lim to‘g‘risidagi Nizomni tasdiqlash haqida” gi 140-sonli qarori.
Каримов И.А. Жоғары руханият жеңілмес күш. T.: Маънавият. 2008.-17 б.
Abdulla Qodiriy. “O‘tkan kunlar”. – T.: G‘afur G‘ulom. 2015.
Alisher Navoiyning 10 tomlik “To‘la asarlar to‘plami”. – T.: G‘afur G‘ulom.2016
Адамбаев Б. Қазақ тың шешендік сөздері. А.: 2006.
Абайдың қара сөздері. А.: 2010
Аманжолов С. Қазақ жұмбақтары. А.: 2006.
Ахметов З. Асыл Ұ. Қазақ әдебиеті. 10-сынып (хрестоматия). А.:2006.
Әуезов М. Абай жолы роман эпопеясы. 1-2 том. А.: 2001.
Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дереккөздері. А.: 1997.
Әбдібаев Х. ҚабдоловЗ. НұрғалиевР. Қазақ әдебиеті. 11-сыныпқа арналған оқулық. А.: 1998.
Бердібаев Р. Мұхтар шыңы. А.: 1997.
Жұмалиев Қ., Ақшолақов Т. Қазақ әдебиеті. 9-сынып оқулық. А.: 2003.
Zahiriddin Muhammad Bobur. “Boburnoma”. – T.: G‘afur G‘ulom. 2016.
Мырзахметов М. Әуезов және Абай. А.: 1997.
Мақал-мәтелдер жинағы. А.: 2010.
Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. А.: 2008.
Қабдолов З., Қирабаев С., Әдібаев Х. Қазақ әдебиеті. 11-сынып
оқулық. А.: 2011.
Ісләмжанұлы К., Тілешова., Әрінова., Әдебиет. 6-сынып. А.: 2006.
Рустемов А. Абай олами. Т.: 2015.
Сейданов Қ. Түбір бірге туысқан. Т.: 2011
Сейданов Қ. Туысқандар (қазақ-өзбек әдебиетінің байланыстарының даму сипаттары). Т.: 2018.
Сыздықов К. Мұхтартанудың беймәлім беттері. А.: 1997.
To‘xliev B., Ashurova G. “Ta’lim bosqichlarida Alisher Navoiy hayoti va
ijodini o‘rganish” – T.: 2017.
Достарыңызбен бөлісу: |