Полисемия ежелгi гректiң (роlu - көп және сema – белгi деген сөздерiнен алынған термин. Полисемия құбылысы әр түрлi мағыналарда қолданылып, негiзгi мағынасын да, туынды мағынасын да жоймайды. М:
Көз - I - адамның көру мүшесi,
II - күннiң сәулесi,
III - сусынның қайнар бұлағы.
Тiл-тiлдiң сөздiк құрамында бiр емес бiрнеше лексикалық мағынасы бар сөздер жиi кездеседi. Сөздiң лексикалық мағыналарының әрқайсысының өзiне тән ерекшелiктерi болады.
Түсiнiктi болу үшiн мына мысалға назар аударамыз:
Ананың сүтi – бал,
Баланың тiлi – бал.
(Мақал)
2. Сүйемiн туған тiлдi – анам тiлiн,
Бесiкте жатқанымда-ақ берген бiлiм. (С.Торайғыров)
Алғашқы мысалда ана деген сөз «шеше» деген мағынаны бiлдiрсе, екiншi мысалда басқа бiр мағына «туған » дегендi бiлдiредi.
Сонымен сөз негiзгi мағынасынан басқа туынды мағыналарға ие болып, әр түрлi мағыналарда қолданылуға икем келедi. Әр түрлi мағынасы бар сөздi полисемантизм(көп мағыналы)дi сөз деп аталады. Ал, жалпы көп мағыналық құбылысы полисемия құбылысы деп аталады.
Полисемия күллi тiлдердiң бәрiнде де бар. Дүние жүзiндегi әр түрлi тiлдердiң сөздiктерiн алып қарасақ, барлығында да полисемантизмдi сөздердi жиi кездестiремiз.
Сөздің көп мағыналарын полисемия (гректің көп мағына деген сөзі) деп атайды. Дәлдеңкірей түссек, бір сөздің әр түрлі контексте әр түрлі мағына беруін полисемия деп атайды. Мәселен, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (I том) бас деген зат есімнің бірнеше мағынасы келтіріледі: 1) адам мен айуан дүниесінің көз, мұрын, ауыз, құлақ т. б. орналасқан мүшесі; 2) шөптің, ағаштың, түрлі өсімдіктің ең жоғарғы жағы, төбесі, ұшы; 3) таудың, қырдың, мұнараның т. б. төбесі, биік жері, ұшы, ең үсті; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері, жоғарғы жағы; 5) таяқтың т. б. сондай нәрселердің жуандау, жұмырлау жағы (таяқтың басы); 6) балтаның, шоттың т. б. саймандардың жүзі бар жағы (айбалтаның басы); 7) бір нәрсенің айналасы, қасы (от басы, ток басы); 8) кісінің жеке дара өзі, адам (Басы аманның — малы түгел); 9) сан мөлшерін есептеу амалы, дана (қой саны— бір мың бас); 10) қызметі жоғары адам, басқару ісін жүргізуші; 11) негізгі, үлкен (бұл жиынның бас дауы); 12) бір нәрсенің бастамасы, алғашқы көзі (істің басы, қыстың басы); 13) басқарушы, жетекші. (Бұл іске Мейрам бас болып келді) т. т.
Әдетте, тіл-тілде ертеден, ежелден қолданылып келе жатқан байырғы сөздер, сол негізгі түбірлерден өрбігендер көп мағыналы болып келеді.
Мәселен, Абай алу етістігін толып жатқан мағынада қолданады: 1) бір затты қабылдау, ие болу. (Қалбалақтап түн бойы, алып бақты бұл сорлы.); 2) бір затты қолмен ұстау. (Орамалды қуанып қолына алды, сый алдым деп халқына қайта барды.); 3) жұбайлы болу, үйлену. (Ата-ананың қызметін, Алған жардың қарызын, Өтемей кеткен бейнетін.); 4) аңды қолқа түсіру, ұстау.(Құсы да иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда.); 5) бір елді шауып өзіне қарату, бағындыру. (жердің жүзін алуға талап етті.); 6) о дүниеге әкету, өлтіру, 7) күрделі сөз құрамында жұмсалып, қосымша мағына үстейтін көмекші етістік. (Сілкіне алмас жапырақ т. б.)
Алу етістігі бұл келтірілгендерден басқа да сөз тіркестері ішінде толып жатқан ауыспалы мағынада қолданылады: асырап алу, атақ алу, басты бұлт алу, бойды алу, ғибрат алу, есеп алу, еске алу, жазды алу — жазды өткізу, жау жағадан алу, көзге жас алу, көңілін алу, ләззат алу, сәлем алу, шен алу т. т.
Полисемияны сөздің семантикалық варианты деп те атайды. Полисемияға жататын сөздердің, мағыналары арасында мағыналық, байланыс, жақындық болады. Мәселен, жоғарыда келтірілген ауыз, бас, алу сөздері мағыналарының арасында үзілмеген желі, мағыналық жақындық, ортақтық бар. Ондай жақындық, ортақтық, сайып келгенде, ауыз, бас, алу сөздерінің негізгі, тура, номинативті мағынасынан шығады; басқа мағыналарының, сыры бұл сөздерді бастапқы, негізгі мағыналарымен салыстыра қарағанда айқындала, дәлдене түсіп, түсінікті болады. Мағыналық жақындық, ортақтықтың болу-болмауы — бір сөзді полисемияға жатқызу немесе жатқызбау үшін басты шарт (критерий). (Мейрам бұл іске бас болып келді.) Аяғыңды бас дегендегі бас — мағынасы жағынан басқа-басқа құбылыс. Олай болса, бұлар да полисемия емес, лингвистикалық басқа-басқа құбылыстар (бұл жөнінде омонимдер туралы бөлімде толығырақ түсінік беріледі).
Достарыңызбен бөлісу: |