Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет39/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   190
Семасиологияның заңдары
Тіл білімінде сөздер мен сөз тіркестер мағыналарын және ол мағыналардың, өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін сала - семасиология. Семасиология — лексикологияның үлкен бір саласы. Грек (sеmа, sеmаsіа— белгі) және латын (Іоgоs — ілім) тілдері сөздерінен құралған бұл терминнің, дәл мағынасы — белгі, белгілеу туралы ілім. Лингвистикада семасиология бірнеше мағынада қолданыла береді. Семасиология, бірер сөзбен айтсақ, мағына туралы ілім; Семасиология — тіл білімінде тілдік единицалардың мағынасын (мазмұнын, ішкі жақтарын) тексеретін ілім; Сөз мағынасын сөздің семантикасы деп те атайды; семантика мен мағына дегендер — бір-бірімен синоним.
Сөз мағыналарының көпшiлiгi семасиологияның белгiлi бiр зандары бойынша жасалады. Семасиологияның мынадай заңдары бар: функционалдық семантика заңы, ұқсату заңы (метафоризация), бөлшектiң бүтiнге айналу заңы, сөз мағынасының кеңеюi мен тараюы заңы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет