2-тақырып. Бастауыш сыныпта ӛлеңді оқыту
Кӛркем сӛзді мәнерлеп, ӛлеңді мәнерлеп оқып, жатңа айтудың, оқушылардың шығармашылық тҥйсігін қалыптастыруда маңызы зор.
Ӛлең сӛздің тыңдаушыларын ӛзіне баурайтын сазды, әуезді ӛрнекнақышы, эмоциялық бояуы, ҥні, дыбыс ӛуені, мәні, табиғаты ауызекі естілгенде ғана ашылмақ. Осындай сиқырлы кҥшінен де болар, ҧлы Абай "Ӛлең сӛздің патшасы, сӛз сарасы" деген. Ӛлең сӛздің қҧдыретті қасиетін бала бойына ерте бастан сіңіру, зердесіне жеткізу - оқу-тәрбие ісінде ҥлкен мәнге ие.
Жақсы ӛлең жақсы оқылмаса, оның ӛңі қашады, мазмҧны сҥреңсіз, әсерсіз шығады.
Ӛлең сӛздің ырғақ, ҧйқас, бунақ, тармақ, шумақ кідірістері - қара сӛзбен жазылған шығармалардан даралап тҧратын белгісі. Осы ерекшеліктер ӛлеңді ауызша оқығанда, жатқа айтқанда арнайы ескертіледі.
Бастауыш сынып оқушыларына берілген ӛлеңдер алуан тҥрлі болып келеді. Кейбір ӛлеңдер белгілі бір оқиғаға қҧрылса, ал енді бір тобы автордың кӛңіл-кҥйіне, асқақ ойының мағынасын білдіреді.
Ӛлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша кӛрсетуге болады:
Ӛлең оқылмас бҧрын оның мазмҧнына қарай оқушымен әңгіме ӛткізіледі. Бҧл әңгімеде ӛлең ішіндегі оқушылардың ҧғымына ауыр-ау деген бейнелі сӛздер мен сӛз тіркестерінің мағынасы тҥсіндіріледі.
Ӛлеңді ырғағына келтіре, мәнерлеп алдымен мҧғалімнің ӛзі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарын жауып, тыңдап отырады.
Оқушылар ӛлеңге әуелі іштерінен кӛз жҥгіртіп ӛтеді де, сонан кейін оны дҧрыстап оқиды.
Ӛлең мазмҧны талданады. Кейбір кӛлемдірек ӛлеңдер бӛлім-бӛлімге бӛлініп, ал қысқа ӛлеңдер тҧтас талданады.
Ӛлеңді 2-ші рет қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жҧмысы жҥргізіледі. Оқу техникасы (шапшаң, жай) дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту, т.б. жҧмыстар.
Дауыстап оқуға ҥйрету ҥшін қойылатын талаптардың бірі - мәнерлеп оқу. Ол дауыс интонациясы арқылы дҧрыс оқу, мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, автордың кӛзқарасын беру, кейіпкерлердің кӛңіл-кҥйін сезіну. Сондықтан
әр сӛз, сӛйлем дҧрыс оқылуы керек. Мәнерлеп оқуға дауыстың да қатысы бар. Оған дауыстың кҥші мен дауыстың қарқыны жатады.
Ӛлең шумақтары бір-біріне байланыссыз тҧрады. Мҧндай ӛлеңдердің бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез ауысып, тез ӛзгеру себептері баланық жастық ерекшеліктері мен білім деңгейіне байланысты. Екіншіден, баланы қоршаған ортанық әр алуан жақалықтарына байланысты ӛзгереді. Ҥшіншіден, табиғат байлықтары мен ондағы тҥрлі қҧбылыстардан, тез әсер алуына байланысты бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез ауыса береді. Тӛртіншіден, езін қоршаған ортанық және табиғат сырларын білуге ынталанған бала тілі жаңа шыға бастағанда-ақ шамадан тыс кӛп сҧрақтар қояды. Шамамен айтқанда бала ата-анаға бір кҥнде ең кемі 250-300-ге дейін сҧрақтар қояды. Бала сӛзі сҧрақтан басталады. Баланық бір сҧрақтан екінші сҧраққа тез ауысып оты-руы оның әр нәрсенің себеп-салдарын білуге тырысатынына байланысты. Балаларға арналған ӛлең-тақпақтары да әр алуан болып келеді. Мҧндай ӛлеңдерде тҥсінікті болуы ҥшін қайталаулар да жиі кездеседі. Қайталау, ӛлең айырмасы, ӛлең қҧрылысы, формасы, кӛлемі, ӛлшемі, варианттары, портрет, пейзаж, гипербола, кейіптеу секілді суреттеу тәсілдері балаларға арналған халық ӛлеңдерінде ерекше орын алады. Бҧл әдебиеттік тҥсініктерді бастауыш сыныпта беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |