Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы


Зат есімді сөз тіркестері



бет11/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Зат есімді сөз тіркестері. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің үлкен бір тобы зат есімді тіркес болады. Зат есімдер сабақты етістіктермен қабыса тіркесу арқылы əрі мағыналық, əрі грамматикалық тығыз байланыстағы сөздер тобын құрайды.Сөз тіркестерініңбұл түрі тура обьектілік қатынаста жұмсалады.Жалғаусыз
табыс септіктегі зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте қайнасқан байланыста түрады. Мысалы: жер жыртыу, киім тігу, бала оқыту. Кейбір зат есімдер етістіктермен бір тіркесте жиі қолданылуының нəтижесінде жəне керсінше, өздерінің бұрынғы дербестілігінен айрылып, түйдекті тіркес қалпында баяндауыштың не басқа бір мүшеннің құрамына еніп кетеді. Қабыса байланысқан зат есім мен етістікті сөз тіркестерін тіркесу ерекшелігіне қарай екі топқа бөлуге болады.
Нақтылы зат есімдердің қимылды, қозғалысты білдіретін етістіктермен тіркесі.
Мысалы: ағаш кесу, пішен ору, таяқ ұстау, ет турау.
Абстракт зат есімдерінің күйді, сезімді, білдіретін етістіктермен тіркесі. Сөз тіркесінің бұл түрі сирек құралады. Себебі ақыл, мінез, қылық, тамаша, жақсылық тəрізді абстракт зат есімдердің обьектілік қызметі солғын болады. Оның үстіне, бұндай сөздері бар тіркестер сөйлем құрамында көбінесе лексикалық тіркес ретінде ұғынылады. Бұлар- жақсылық қылу, сыр білдіру, ақыл беру тəрізділер. Мысалы: Дем алысы – үскірік, аяз бен қар. Кəрі құдаң – қыс келіп əлек салды (Абай)
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері. Етістіктермен меңгеріле байланысып, əр түрлі қарым-қатынаста жүмсалатын сөздер-есімдер.
Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысу үшін табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес, жалғауларының бірінде айтылады. Бұл жалғаулар есімдерді етістіктермен ұластырыушы ғана емес, сөздердің синтаксистік қызметтерін саралайтын да тұлғалар. Сондықтан меңгерудің етістікті сөз тіркесін құрауда мəні ерекше.
Аталған септік жалғаулардың синтаксистік қызметі, негізінде, етістіктердің лексикалық магыналарымен байланысты болады да, сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларына септік жалғауы басыңқы сөздердің ыңғайына қарай жалғанады. Мысалы, шық, түс, қара, жібер етістіктері барыс, шығыс, көмектес жалғауларындағы сөздері керек етіп, оларды өздеріне бағындырып (меңгеріп) тұрады: Шық-тауға шық, үйден шық, сатымен шық; Түс-суға түс, аттан түс, арқанмен түс.
Меңгеру-синтаксистік байланыс формаларының ең жиі ұшырайтын түрі. Меңгеруде де сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары, қиысудағыдай, басыңқы сөздің ыңғайына еріп, белгілі жалғауда тұрады. Бірақ ол екеуінің үлкен айырмашылығы бар. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына қарай райлас болып тұлғаланса, меңгеруде сөз тіркесіндегі сөздердің арасында тұлғалық райласу болмайды, тек бағыныңқы сөз басыңқы сөздің лексикалық мағынасының əуеніне қарай тұлғаланады. Түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде, кейбір жалғаудағы сөздерді меңгере алатын етістіктерге етіс қосымшасын жалғап айтқанда, олардың меңгеретін сөздерінің де тұлғалары өзгерілетіні бар. Мысалы: Ол мені көрді – ол маған көрінеді. Ол сені байқамады – ол саған байқалмады.Мен мақала жаздым – мен газетке жазылдым. Мұндайда септік жалғаулары етіс қосымшаларына бейімделіп, өзгерілмейді, сол қосымшалар арқылы етістіктердің мағыналары өзгертілетіндіктен, олардың меңгеру тұлғасы да басқа болуы мүмкін. Мысалы, сұра табыс жалғауын керек етсе, сұран – керек етпейді, түсіндір – барыс жалғаулы сөзді меңгерсе, түсін меңгермейді.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай былай бөлінеді; 1) табыс жалғаулы сөз тіркестері. 2) барыс жалғаулы 3) шығыс жалғаулы 4) жатыс жалғаулы 5) көмектес жалғаулы сөз тіркестері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет