Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет12/83
Дата21.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#204841
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер – сабақты етістіктер. Қазақ тілінде сабақты, салт етістіктің тұлғалық айырмашылығы болмағанмен, оларды мағыналық ерекшеліктеріне қарап, табыс жалғаулы есімдердің олармен тіркесе алатын не тіркесе алмайтынына қарап айыруға болады. Мысалы, кес, ұр, шап, ал, бер, шақыр, сұра, сой, қама сияқты кісінің қимыл-əрекетін, ісін білдіретін етістіктер сабақты болады да, күл, қуан, қайғыр, жыла, шошы, есіне, жалық, ауыр, терле, тон сияқты
заттың қимылдық күйін білдіретін етістіктер салт болады. Бұларға етіс жұрнақтары жалғанып, сабақты етістік салтқа, салт етістік сабақтыға ауыса береді;
С а л т с а б а қ т ы Қуан қуант
Шарша шаршат
Күл Күлдір
Барыс жалғаулы сөз тіркестері. Барыс жалғаулы сөз тіркестері өзара меңгеріле байланысады да, жанама толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады. Барыс жалғаулы есімдер қатысқан етістікті сөз тіркесінің қарым-қатынасының əр түрлі болуы сөз тіркесі құрамының түрлі-түрлі болуымен байланысты, мысалы, тауға шығу (беталыс), тоғайға кіру, үйге келу (мекен), балаға беру (арнау). Барыс жалғаулы есімдер кез келген етістіктермен тірқесе бермейді, олар мен мағыналық үйлесімде бола алатын етістіктермен ғана тіркеседі. Олар мынадай етістіктер: беру, кету, келу, жату, отырыу, ұмыту, сену, нану, жалыну, ұнау, сіңу, қуану, таяну, қамау, беру, беттеу, шығу, түсу, тою, қарау, салу, жету, жүру, шабу, кіру, кірісу, қону, айту, толу, қамау, қою, жақындау, бату, қызығу, көріну, дайындалу,т.б.
Бұл етістіктердің көпшілігі –күйді, қимылды, сезімді білдіретін салт етістіктер. Салт етістіктердің жетегінде айтылатын барыс жалғауылы есімдер (зат есім, есімдік, сын, сан есім, есімше) басыңқы сөздерге тіккелей жəне демеулер арқылы қатыста болады.
Бұл сөзге Абай жеткенде, Тəкежан қатты сескеніп қалды.(М.Əуезов) Байжан іске кірісті.(С.Мұқанов). Абайға агашты таулар… шидем айналдырып киген кəрінің өңдей көрінеді.(М.Əуезов). Парома мініп ар жаққа бұлар да өтті.(С.Мұқанов).Олар заңға бағынады. (Ол) Нұрланды көрген соң, табалдырықтан əрі аттамай тұра қалды. (З.Шашкин).
Сабақты етістіктер ден барыс жалғауы есімді меңгере алады, бірақ олардың көпшілігі жоғарғы тізімде саналған салт етістіктерден жасалған сабақтылар болады. Олармен тіркесетін барыс жалғаулы есімдер тура обьект қызметіндгі заттармен де мағыналық байланыста тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет