Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет15/83
Дата21.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#204841
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Жатыс жалғаулы сөз тіркестері. Басқаларына қарағанда, жатыс жалғаулы есімдерді меңгере алатын етістіктердің саны онша көп емес.Олардың көпшілігі заттың күйін білдіретін салт етістіктері: отыру, тұру, жүру. Жату, кездесу, ойнау, қону, көру, көрсету,ұйықтау, қалғу, сүйену, жылау, ескеру, үйрету, ұнау, кұру,т.б. Мұндай етістіктермен тіркесетін жатыс жалғаулы есімдер мынадай қатынастарда жұмсалады:
а) Объектілік (Толықтауыштық). Объектілік қатынастағы ондай сөз тіркестерінің мағыналары қимыл процесінің қандай заттың үстінде не қандай затпен байланыста болатын, бірдеңенің кімде екенін білдіреді, мысалы:өмірде кездесу, заңда көрсетілу, ойда сақтау, күресте озу, сөзде тұру.Бүгінгі күресте көрсеткен күшіңді өлеңге шығар(С.Мұқанов).
ə) Пысықтауыштық. Пысықтауыштық қатынастағы жатыс жалғаулы сөз тіркестері мекендік жəне мезгілдік мағынада жұмсалады:1.Мекендік мағынадағы сөз тіркестері зат есімдер мен отыру, тұру, жүру, қараллу сиякты заттың күйін білдіретін етістіктерден не солар қатысты күрделі етістктерден құралады. Аппақ кең далада ауыл көсіле ұйықтап жатыр (Ғ.Мұстафин). 2.Мезгілдік мағынадағы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары шақ, мезгіл мəнді есімдер неесімдер тіркесі болады да, басыңқылары жоғарғыдай етістіктің бірі болады: Мысалы: Оның бұл қылықтары Гүлнараға алғашқы кезде ұнамады.(С.Мұқанов).
Көмектес жалғаулы сөз тіркестері. Сабақты жəне кейбір салт етістіктер көмектес жалғаулы есімдерді меңгеру арқылы сөз тіркесінің үлкен бір тобын құрайды. Көмектес жалғаулы есімдер етістіктерге меңгеру арқылы объектлі жəне пысықтауышты қатынастарда түрлі-түрлі мағынада жұмсалады:
а) Объектілік қатынастағы сөз тіркестері. Көмектес жалғауда тұрып етістіктермен обьектілік қатынаста айтылатын сөздер-зат есімдер мен олардың орнына жүретін есімдіктер. Олардың обьектілік мағынасы əр түрлі болады. Оның себебі, біріншіден, көмектестегі бағыныңқы сөздердің нені білдіретінімен байланысты болса, екіншіден, оларды керек ететін етістіктердің мағыналарының əр қилы болумен байланысты. Сол негізінде жоғарғыдай сөз тіркестері мынадай мағыналарда айтылады:

  1. Құралдық. Құрал-сайманның атын білдіретін көмектестегі зат есімдер кісінің қимыл əрекетін білдіретін етістіктермен тіркесіп, құралдық мағыналы сөз тіркестері жасалады. Мысалы: балтамен шабу, арамен кесу, балғамен соғу, қармақпен ұстау.

Мұндай сөз тіркестерінде көмектес жалғаулы зат іс-əрекеттің тіккелей не сол арқылы істелу құралы болады. Мысал: Таяқтай қарумен салып та кетеді. Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

  1. Материалдық. Етістікті сөз тіркесінің құрамындағы көмектес жалғаулы зат есім істелетін істің неден, қандай заттан істелетінін немесе соның қатысымен істелетін білдіреді. Мысалы: балшықпен сыйлау, бояумен сырлау, қамыспен қоршау, былғармен қаптау.

  2. Заттық. Бірқатар зат есімдер көмектес жалғауда еңістіктермен тіркескенде, олар қимылдың заттық объектісі ретінде жұмсалады.

  3. Бірлестік. Көмектес жалғаулы кісі аттары жəне кім? деген сұрақ қоюға болатын бала, студент, əкем сияқты сөздер көбінесе ортақ етіс тұлғалы салт етістіктермен тіркесіп бірлестік мағынада жұмсалады, мысалы: Асқармен сөйлесу, Көбеймен қоштасу, баламен ойнау. Кузнецов Асқармен тез танысты (С. Мұқанов). Жабай Көбеймен қоштасып, Баяндымен бірге кетті (Ғ.Мүсірепов). Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (Абай).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет