Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы


Зат есімдер мен есімдіктерден болған бастауыштар



бет18/83
Дата21.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#204841
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Зат есімдер мен есімдіктерден болған бастауыштар. Сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздер, негізінде, зат есімдер болғанмен, олардың барлығының бастауыш болу қабілеті бірдей емес. Бастауыш-суьбекттінің грамматикалық баламасы. Ол іс істеуші қимыл иесі болатындықтан, сол қызметі өтей алатын заттардың аты арнаулы бастауыш болуға бейім болады. Сондықтан ондай зат есімдер арнаулы бастауыш болатын сөздер делінеді. Мысалға: Жарас ағаш екті деген сөйлемді алайық. Мұнда Жарас, ағаш деген екі зат есім бар.Ол екеуі сөйлемде екі түрлі қызметте айтылған. Жарас-қимыл иесі, бастауыш, ағаш-қимылдың объектісі, толықтауыш.Олардың орнын ауыстырғанмен бірінің қызметінде екіншісі жұмсала алмайды. Оның себебі-ол екі зат есімнің екі түрлі синтасистік қызметті атқаруға бейімділігінде: Жарас-арнаулы бастауыш болатын сөз де, ағаш-арнаулы толықтауыш болатын сөз.
Зат есімдердің ол айырмашылығы қазақ тілінде кісі, кісі емес деген ұғыммен байланысты. Ол айырмашылықты зат есімдерге қойылатын екі түрлі сұратан да аңғаруға болады. Жалпы алғанда, кім? деген сұрақты қоюға болатын зат есімдер (олардың орынбасар сөздері –жіктеу есімдіктері де)-арнаулы бастауыштар, не сұрағын қоюға болатын зат есімдер- арнаулы толықтауыштар.
Сонымен қатар кейбір жанды-жансыз заттарға ғана тəн іс-əрекет, қимыл, күй болуы мүмкін. Мысалы: құс ұшты, бұлбил сайрады,, сиыр мөңіреді, жауын жауды, жел уіледі.
Осыдай сөйлемдерде бастауыш қызметіндегі зат есімдер баяндауыштар арқылы айтылған хабардың бірден-бір арнаулы иелері болып тұрады. Бірақ олардың мұндай əрекеті тар көлемдегі тіркестер арқылы ғана айтылады. Сондықтан мұндай сөздер бастауышболып көп жұмсалмайды.
Осылардай, зат есімдердің бастауыш болу қабілеті бірдей болмағанмен, олардың бастауыштық тұласы бəріне бірдей. Ол-атау септігі.
Атау септігіндегі зат есімдер жекеше, көпше жəне тəуелді тұлғада бастауыш болуына мысалдар: Лиза Рахметке бұрылды. Кештетіп Қожаш үйіне келді. Батырлық майданда сыналады.
Өздерінің лексикалық мағыналарында көптік ұғымы бар зат есімдер жекеше тұлғада бастауыш болыпта көптік мағынада жұмсалуы мүмкін: Қалың қой қыбыр етпей тыныштық алып, үнсіз ғана тыным алды. Сиыр атаулы … шалшық суларға кіріп, көлбей-көлбей жатып апты.
Тəуелдік жалғауы зат есімдер бастауыш қызметінде заттың кімге, неге тəн екенін білдіреді де, ондай сөздің бастауыштық икемі арта түседі: Шешем қатты сағынып жүрген сиақты. Əкеңіз кім болған еді? Кімнің ісі көп болса, соның күші көп болады.
Есімдіктердің ішінде бастауыш қызметінде көбірек жұмсалатындары-зат есімдердің орнын басатын есімдіктер. Олар жіктеу,сілтеу жəне кім? не? Деген сұрау есімдіктері. Бұлардың ішінде əсіресе жіктеу есімдіктерін бастауыш қызметінде жиі кездестіруге болады. Сонымен қатар олар сөйлемнің жақтық мағыналарын түрлендіруші сөздер болып табылады. Жіктеу жəне өздік есімдіктерінің бастауыш болуына мысалдар: Мен көрдім ұзын қайың құлағанын…Біз барлаушылармыз. Сіз кейін қалған соң, мен алдыңызды оралта беремін. Біз сірə, атты мықтап шаршатып алатын шығармыз… Қалқам, Айша, сен шаруаңа бар, мен де демалайын.
Сілтеу, сұрау жəне басқа есімдіктердің бастауыш болуына мысалдар: Бұл - Байжанның талай келген үйі. Мынау- қай ауыл? Əркім əр түрлі шаруамен қарбаласады.
Заттың сындық, сандық, қимылдық сапасын білдіретін сөздер де сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсала береді. Ол үшін сапалық есімдер субстантивтеніп (заттан) айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет