Шылау сөзді тіркестер. Үйге барайық, үйге таман барайық деген етістік сөз тіркестері мəндес болғандықтан, бірін екіншісінің орнына айтса да болар еді, бірақ аздап та болса ол тіркестердің айырмашылығы бар; ең алдымен, үйге барайық пен үйге таман барайық дегендердің мағынасы бірдей емес: алдыңғыда қимылдың жалпы бағыты, бет алысы айтылса, соңғыда ол бет алысты бұрынғысынан дəлдеп көрсеткен.Сол дəлдік үйге сөзінен кейін таман шылауын қойып айтудан болып тұр. Егер бұлардың білдіретін көлемдік мағанасынан əлі де түрлендіргіміз келсе, оны үйге дейін, үйге қарай, үйге жуық, үйдің қасына, ұйдің маңына дегендей етіп, оларды тісті етістіктермен тіркестірер едік. Сонда сөз тіркестерінің құрамы бұрынғыдай есім жəне етістіктен ғана құралған болмайды, есім мен етістіктің арасына дейін таман, қарай, қасына, жуық, маңына тəрізді шылау сөздер қойылады.Ондайда шылау сөз тіркестерінің грмматикалық мағыналарын толықтырып, есім мен етістікті өзара байланыстырушы аралық дəнекер болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Етістікті сөз тіркесі қалай жасалады?
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркесі қалай жасалады?
Пайдаланатын əдебиеттер:
Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы Алматы. 1994.
Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997.
Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006.
Сөйлем мүшелері. Бастауыш.
Жоспары
Сөйлем мүшелері туралы түсінік
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Бастауыштың жасалу жолдары
Қорытынды
Тірек сөздер: сөйлемнің құрамы, сөйлем мүшелері, бастауыш туралы түсінік, бастауыштың жасалуы, зат есімдер мен есімдіктерден болған бастауыштар.
Тіл-қарым-қатнас жасаудың қуралы да, сөйлем сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Кісінің ойы əр əлуан, əр қилы болатындықтан, соларды айту үшін жұмсалатын сөйлемдер, олардың құрамы да түрлі-түрлі болады. Кейда бір сөз бір сөйлем қызметінде жұмсалса кейде екі не одан да көп сөздерді, сөз тіркестерін құрастыру арқылы сөйлем жасалады. Сөйлем құрамындағы сөздің саны аз болуы, көп болуы ой ерекшелігімнен байланысты. Сөйлем құрамындағы сөздер өзара тіркесу арқылы белгілі қызметте жұмсалады, басқаша айтқанда, сөйлемдегі бір сөздің сөйлем мұшесі болуына соныен тіркескен басқа сөз себепкер болады.Мысалы, бастауышты баяндауышпен байланысына қарап (жəне керісінше), анықтауышты анықталатын сөзіне, қатнасына қарап сөйлем мүшесі деп танимыз. Сөйтіп, көп құрамды сөйлемдерді бөлшектегенде, олардың ішіндегі сөздердің лексикалық мағыналарына қарамай, лексикалық мағыналары толық сөздердің тіркесу нəтіжесінде пайда болған грамматикалық мағыналарға қараймыз.Ол мағыналар: бастауыш-баяндауыштық, толықтауыштық, анықтауыштық жəне пысықтауыштық болады. Сөйлемде осылардай грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Жай сөйлемдер құрамдық ерекшеліктеріне сəйкес жалаң жəне жайылма болып бөлінеді. Жалаң сөйлем бастауыш пен баяндауыштан не оның бірінен құралады. Ал сөйлем құрамына бастауыш, баяндауыштан басқа тұрлаусыз
мүшелер не олардың бірі болса, сөйлемнің іргесі кеңіп, ол жайылмаға айналады. Мысалы, Жел өршелене түсті-жалаң, Ызғарлы жел өршелене түсті-жайылма. Толқын күшейді-жалаң. Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер не бастауыштың, не баяндауыштың (кейде екеуінің де) маңына топтатылады:1. Ызғарлы жел өршелене түсті.2. Өзін көтермейтін сөзді басқаға айтпа.
Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер-тұрлаулы мүшелер-сөйлем атаулының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып не тікелей соларды, не бірін-бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұрады. Мысалы: Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме толқынды теңізді тіліп келеді.Бұл сөйлемнің бастауышы-кеме, баяндауышы-тіліп келеді. Олардан басқа мүшелер сол екеуінің маңына топтанып, екі шумақ құралған да, əр шумақтағы сөздер біріне-бірі бағынып барып, не тікелей бастауышқа, не баяндауышқа бағынған.
Тұрлаусыз мүшелер-толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып үшке бөлінеді.Сөйлем мүшелерінің құрамы дара, кұрделі, үйірлі болады.Мысалы: Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ел көгерер.Сөйлемнің мүшелері өзара синтаксистік байланыста айтылады. Сөйлем мүшелерін сұрақтар қою арқылы талдау жасағанда, олардың сол байланыс желісі үзілмегені мақұл. Мысалы: Көл жағалай қонады қу менен қаз (Абай) деген сөйлемнің мүшелерін ажыратып тану үшін талдауды бастауыш баяндауыштан бастап, сұрақты былай қоямыз.Не қонады? - Қу менен қаз қонды.Қалай қонады?-Көл жағалай қонады.
Сөйлемнің құрамында сөйлем мүшелерінен басқа да сөздер болады, олар- қаратпа, қыстырма, од ағай сөздер. Бұлар жинақталып, сойлемдегі оқшау сөздер деп аталады. Оқшау сөздерсөйлемнен не сөйлем мүшелерімен тек мағаналық байланыста айтылады да, олармен синтаксистік байланыста болмайды. Сонлықтан оларды сөйлем мүшелері деп атаймыз. Сөйлемнің құрамында əр алуан сөздер болады. Олардың көпшілігі өзара мағаналық, синтаксистік байланыста айттылу арқылы мүшелік қызметке ие болады.Сөйлем құрамының негізі-бастауыш пен баяндауыш болғанмен сөйлем болғанмен сөйлем құрамында баяндауыштың синтаксистік қызметі басым ерекше (ол кейін айтылады).Сөйтіп мағыналық, синтаксистік қарым-қатнасы дербес синтаксистік қызмет атқаратын сөздері, күрделі сөздер тобын сөйлем мүшесі дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |