Аудандық оқу бөлімі жұмысқа қызу кірісті.
Кісі аты, фамилиясы, жолдас, азамат дегендей қосалқы айқындауыштармен тіркесіп, күрделі бастауыш болады: Жамалбек Тұрғанов жолдас баяндама жасады.
Үйірлі бастауыштар да көп сөзден құралады. Оның күрделіден айырмашылығы мынау: Егер күрделінің құрамы түйдекті тіркесті болса, үйірлібастауыштардың құрамында бастауыш баяндауыш ыңғайындағы сөздер тобы болады, мысалы: Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар. (Мақал)
Cөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы түсінік
Бастауыш дегеніміз не?
Бастауыштың мағыналық жəне тұлғалық белгілері
Күрделі жəне үйірлі бастауыштар туралы түсінік
Бастауыштың жасалу жолдары
Жаттығулар жасау
Пайдаланатын əдебиеттер
Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы Алматы. 1994.
Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997.
Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006.
БАЯНДАУЫШ
Жоспары
Баяндауыш туралы түсінік
Баяндауыштың жасалу жолдары
Есімді жəне етістікті баяндауыш
Тірек сөздер: баяндауыш, баяндауышты; жасалуы, есімді жəне етістікті баяндауыштар.
Баяндауыштың жасалуы. Сөздердің түбір күйінде баяндауыш болуы. Қай сөздің болса да сөйлемде баяндауыш қызметінде тұруы сол сөйлемдегі субьектілік, предакаттық қатынастан көрінеді. Сондықтан баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, əсіресе бастауышпен, қатар қойып айтқанда айқын болады: қара, керек сөздерін сен малға қара, мысыққа ойын керек дегендей тіркесте айтқандай болмаса, олардың баяндауыш екендігі белгілі юолмайды. Рас,бір қатар сөздердің атау, түбір күйінде маңында басқа сөздер болмасада баяндауыш қызметінде екені айқын болатыны бар. Көтеріңкі дауыспен Шық! Мақұл! Дұрыс! Масқара! дегенде, олар жеке тұрып ақ баяндауыш қызметінде жұмсалуы мүмкін. Бірақ ондайда олар с6йлемдік əуенмен айтылуға тиісті не маңында басқа сөздер болуы керек.
Сондай дара тұрып, түбір күйінде көбірек баяндауыш болатын сөздер- етістіктер. Олардың түбір күйінде баяндауыш бола кетуінің себебі олардың II жақтық грамматикалық мағынаны да білдіруімен байланысты болу керек. Сондай сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы олардың айтылу жағдайымен де байланысты.
Есім сөздер де түбір күйінде, ешқандай баяндауыштық жалғау жалғанбай-ақ баяндауыш бола береді. Бірақ ол үшін бастауыш пен баяндауыш қатар айтылу керек. Сонда олардың сол қызметте жұмсалуына себеп болатын жағдай олардың сөйлемде белгілі орнында тұруы болады. Оның үстіне баяндауыш бастауыштан дауыс ырғағы арқылы бөлініп, онымен қарсыласа қабаттасып келеді. Ондай амалмен баяндауыш болған сөздің де бастауышпен байланысы əрі мағыналық, əрі грамматикалық болады.
Оларды бастауышсыз айтуға болмайды, бұл- бір; екіншіден, бастауыш көптік мағынада, көптік жалғауында айтылғанымен, оның есім баяндауышы, көптік жалғауында тұрса да, тұрмаса да. Бастауыш пен грамматикалық байланыста бола береді
Баяндауыш қызметі жіктік жалғаулардай болғанмен, көбінесе баяндауыш болған сөзге жалғанатын қосымшаның бірі- діңкі, -нікі,-(ның-кі). Ол тұлғадағы есімдердің қазақ тіліндегі предикаттық мағынасы басқа түркі тілдеріндегідей деуге болады. Ол қосымша жалғанған баяндауыштар, жоғарыда айтылғанындай, басқа затқа меншіктелмейді, басқа затты өзіне тəуелді етіп, өзі меншік иесі болады.
-Нікі,- дікі қосымшасы жалғанған сөздердің баяндауыш болу амалы да оның сөйлемдегі орнымен байланысты. Солай болғандықтан ондай тұлғадағы баяндауыштар бастауыштардан соң тұрады, бастауышсыз айтылмайды. Өйткені ондай баяндауыштардың меншікпен тұратын заттарды сол сөйлемдегі бастауыштар болады. Баяндауыштардың негізгі түрлері. Сөз табының бəрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты-басты негізгі екі салаға бөлінеді:
Етістік баяндауыштар: 2. Есім баяндауыштар. Етістік баяндауыштар да, есім баяндауыштар да дара күрделі жəне ол екі түрі аралас айтылған құрама болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |