Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет66/83
Дата21.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#204841
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Себептес салалас сөйлем. Бір компонент екінші компоненттегі іс-əрекет, жай күйдің себебін білдіріп, екіншісі сол себептен туған нəтижені білдіретін, немесе, керсінше, біріншісі нəтижені, екінші соның себебін білдіретін сөйлемдер себептес салаласқа жатады. Сəуленің Бөлекбас арқылы Нұрланның сырын білмек болған манағы ойы əлі арыыыылып кеткен жоқ еді, соны есіне алып Бөлекбастың бірге қайтқанын мақұл көрді. Соқпақтың екі жағындағы қар да малдың белуарынан келерліктей, қалың, қарсы келген сиырлар бір-бірімен сүзісе, бірін-бірі қырға жыға, сығылысып əрең өтеді.

Село алыс емес еді, бұлар оған андағы-мұндағы көзден жасырынып жетпеген кезде келіп жетті. Шешесі тағы екі-үш бауырсақ беріп еді, басқалары қаспақ тұрмысқа көздерін аларта қарады. Аяп кеттім, менің де көзіме жас келді. Жабайды сойылға жыққан Игіліктің жігіттері екенін Жұман білген жоқ, əлдеқалай аттан құлаған шығар деп ойлады.
Бұл келтірген мысалдағы сөйлемдердің бəрінде де бірінші компонент себепті білдіріп тұр да, екінші компонент сол себептен туған нəтижені білдіріп тұр. Ең соңғы сөйлемдегі Жұманның Жабайды əлдеқалай аттан құлаған болар деп ойлауының себебі- оның Жабайды Игілік жігіттерінің сойылға жыққанын білмеуінен, сол білмеудің нəтижесінен туған қорытынды. Жоғарыда келтірілген сөйлемдердің қай-қайсысына болса да сондықтан, сол себепті деген жалғаулықтарды қосып айтуға болады. Бұл жалғаулықтар айтылмаса да сөйлем мағынасынан, компоненттер байланысынан байқалып тұр.
Жалғаулықсыз салаластың бұл түрінде, келтірілген мысалдың керсінше, бірінші компонент нəтижені, екінші компонент сол нəтижеге жеткізген себепті білдіріп те құрмаласады.Мысалы: Шалабай ұзақ жүре алмас, үкімет құрығы ұзын. Мен қорықпаймын, əжем кеше сұрап алған. Оларға рақмет айту керек, ұмытқанымызды еске салды. Бұлардағы екінші компоненттер бірінші компоненттегі іс-əрекеттің неліктен солай болғандығын я болатындығын білдіреді. Неліктен Шалабай ұзақ жүре алмайды? Оның ұзақ жүре алмайтын себебі үкімет құрығы ұзын. Мысалдағы басқа сөйлемдер осы тəріздес.
Сөйлемде айтылмағанымен, компоненттердің мағыналық қатынастарынан олардың арасына өйткені, себебі деген жалғаулықтарды келтіріп айтуға болатындығы байқалып тұр. Бұл жағдайлар себептес салаластың жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрінің бірлігін, бұл екеуінің арасындағы өзгешелік бірінде бар жалғаулықты екіншісінде түсіріп айту ғана екендігін байқатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет