Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет67/83
Дата21.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#204841
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Қарсылықты салалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бұл түріне компоненттерінің мағыналары бір-біріне қайшы келетін жалғаулықсыз салалас сөйлемдер жатады. Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан қарсылықты салаластың жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі арасында ешқандай өзгешелік жоқ, бұл екеуі-қарсылықты салалас деген атпен аталатын бір ғана сөйлем компоненттерінің құрмаласуындағы екі түрлі тəсіл ғана.

Компоненттер мағынасы арасындағы қайшылық түрлі-түрлі болады.

  1. Заттың, құбылыстың,оқиғаның бұрынғысы мен қазіргі күйі салыстыра қарсы қойлылады.

  2. Бірінші компоненттегі субьектінің іс-əрекетіңе, ой-ниетіне екінші компоненттегі субъекттің əрекетті, ісі қайшы келеді: Қасындағы ұсақ қыздар мен қалыңдыта клп алдаусыратпа болып ед, Абай мен Ербол оған көнген жоқ.

  3. Бірінші компоненттегіс-əрекеттің логикалық қортындысы ретінде екінші компонентте болуға тиісті əрекет болып шығады немесе басқаша болады: Кірпіш үй сыртынан қораш еді, ішіне енгенде бұған да көңілі тойып қалды.

  4. Қарсылықты мағына компонент баяндауышы қызметіндегі етістіктердің бірінің болымды, екіншісінің болымсыз түрде айтылуы арқыулы да жасалады. Мысалы: Күлаш, мен сенімен сөйлесіп тұрғаным жоқ, мына Əйтекеңмен сөйлесіп тұрмын.

Компоненттері жалғаулықсыз байланысатын қарсылықты салалас сөйлемдердің көпшілігіне қарсылық жалғаулығын қосып айта беруге болады, бірақ мұндай өзгерісті жалғаулықсыз қарсылықты салаластың кез келген түрі көтере бермейді.

  1. Түсіндірмелі салалас сөйлем. Түсіндірмелі салалас сөйлемде бірінші компонент жалпылық мəнде айтылады да, кейінгі компонентте я компонентерде оның мəні я себептері сараланып ашылады, талданып түсіндіріледі. Компоненттерінің

мағыналық қатынастары жағынан алғанда, бірінші жай сөйлем баяндауышы сол, сонша, сошама, соншалық, сондай деген есімдіктер мен үстеу сөздерден болған сөйлемдер де осы түсіндірмелі салалас сөйлемге жатады, өйткені мұнда да бірінші компоненттің сыры кейінгі компоненттерде мұнда да бірінші компоненттің сыры кейінгі компоненттерде ашылады, түсіндіріледі. Дегенмен салалас сөйлемнің бұл түрінің өзіндік біраз өзгешеліктері де жоқ емес. Ол өзгешеліктер мыналар:
Бірінші жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарушы жəне сол арқылы екі жай сөйлемді құрмаластырушы болып тұрган сол, соншалық, сондай, соншама сөздері өз бастауыштарының іс-əрекет, жай-к6йлерін өздері ашпайды, сол баяндалатын əрекетке, жағдайда ерекше мəн беру, көңіл аударту мақсатымен соға сілтейді де, оның сыры кейінгі сөйлемде ашылады. Соның нəтижесінде кейінгі жай сөйлем тұтасымен алдыңғы жай сөйлемнің баяндауышы орнына қолданылады да, соның білдіруге тиісті мағынасын білдіреді. Мысалы: Менің де ойлап жүргенім сол-енді біз татуласайық деген сөйлемдегі енді біз татуласайық деген екінші компонент бірінші компоненттің баяндауышы білдіруге тиісті мағынаны білдіріп тұр. Сөйтіп, бір ой екі рет айтылады. Бірінші ретте оның сыры нақтылы ашылмай, соған меңзеу, сілтеу түріндегана айтылса, екіншісінде ол талдап ашылады.
Ал енді бірінші компонентінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай, соншама сөздерінен болатын құрмаластағы жай сөйлемдердің мағыналық қатынасында сол сөзі арқылы жасалатын құрмаластан гөрі біраз өзгешеліктері болады. Оны байқау үшін мына мысалдарды талдап көрейік. Жұрттың бəріне өлең сөздерінің қазіргі жағдайға үйлесімді көрінгені соншалық-өлеңді олар сақ-сақ күліп қарсы алды. Ақырында хутордың іруінің қатты етек алғаны сондай-жалаң аяқ, сымбатты, білімді балаларға хутор қыздарының сызылған назы да əсер етпеді. Мұндай санасыз қондырыла салатын тəртіптен тарткан азабым соншама-ақыры тіпті Россияға қайта қашып кетпек болдым. Оның үстіне киген қытайдың кызыл шайысынан тігілген ақалы көйлегінің ұзындығы сонша-оның етегін бірнеше қыздар саусақтарынын ұшымен ұстап көтеріп келеді. Мысалдардан байалып тұрганындай, бұл сөйлемдердің барлығында да бірінші компонентте сол компоненттің бастауышы болып тұрған сөздің мағынасы арқылы байқалатын əрекеттің, жай-күйдің ерекше мəнді, əсерлі, күшті болғандығына назар аудартып, соған ой салмағын түсіре сілтесе, екінші компонент біріншідегі сол ерекше жағдайдың нəтижесінде не болғанын баяндайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет