Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы


Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің мағыналық түрлері



бет65/83
Дата21.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#204841
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің мағыналық түрлері.


Компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан алғанда, жалғаулықсыз салалас сөйлем мен жалғаулықты салалас сөйлем арасында айтарлықтай онша алшақтық жоқ. Өйткені жай сөйлемдердің жалғаулық арқылы құрмаласуы мен жалғаулықсыз іргелесе құрмаласуы, айналып келегнде, құрмалас сөйлемнің бір түрін жасаудың екі түрлі тəсілі ғана. Сондықтан да салалас құрмалас сөйлемнің бірсыпыра түрін жалғаулық арқылы құрмаластырып айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулықсыз етіп айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулықсыз етіп айтуға да болады. Мысалы: киіз үстін кісі келгенде сыпырып өту Биғайшаның ежелгі əдеті еді, бірақ бұл жолы оның осы ниетіне басқа нəрсе араласты. Замандастың тілін кім алмайды, сондықтан мен ертіп бармақ болдым.
Бұл келтірген мысалдағы жалғаулықтарды түсіріп, оларды жалғаулықсыз түрде: Киіз үстін кісі келгенде бір сыпырып өту Биғайшаның ежелігі əдеті еді, бұл жолы оның осы ниетіне басқа нəрсе араласты. Замандастың тілін кім алмайды, мен ертіп бармақ болдым деп құрсақ, одан сөйлем байланысына да, компоненттердің мағыналық қатынастарына да нұқсан келмейді. Алғашқы вариантта қарсылықты, себептес салаластардың жалғаулықты түрі болса, кейінгі вариантта сол екеуінің жалғаулықсыз түрі болады.
Бірақ салалас сөйлемнің жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі абсолюттік теңдікте, барлық жағдайда да жалғаулықты салаластың жалғаулығын алып тастап жалғаулықсыз түрін жалғаулықты етіп айтуға бола береді деген қортынды шықпайды.
Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынасына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады: 1) Мезгілдес салалас сөйлем. 2) Себептес салалас сөйлем. 3) Қарсылықты салалас сөйлем. 4) Түсіндірмелі салалас сөйлем. 5) Салыстырмалы салалас сөйлем. 6) Шартты салалас сөйлем. 7) Көп компонентті салалас сөйлем.

  1. Мезгілдес салалас сөйлем. Мезгілдес салалас сөйлем компоненттері бір мезгілде немесе біріне-бірі жалғаса іркес-тіркес болған іс-əрекеттерді я бір мезгіл ішіндегі көріністі, жай-күйді баяндайды. Тек компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолындағы өзгешелігі ғана болмаса, компоненттердің мағыналық қатынасы жағынан мезгілдес салаластың жалғаулықсыз түрі мен жалгаулықты түрі бірдей. Мезгілдес салалс сөйлемге компоненттері бірыңғай, бірёктес іс-əрекет, жай-күйлерді санамлап, тізбектеп, жарыстыра көрсететін сөйлемдер де жатады. Мезгілдес салалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары шақтық, жақтық жағынан кейде бірыңғай, бірёктес болдып келеді. Соған қарап кейбір əдебиеттерде ол ыңғайлас салалас деп те аталып келді, бірақ бұлай атау компоненттердің мағыналық қатынасын білдіре алмайды.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет