Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы


Салыстырмалы салалас сөйлем



бет68/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Салыстырмалы салалас сөйлем. Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің бұл түріне бір-біріне антитеза немесе аналогия ретінде алынга екі түрлі субъектінің іс-əрекеттерін, қасиеттерін, жай-күйлрін салғастыра баяндайтын сөйлемдер жатады. Салыстырмалы салалас сөйлем мақал, мəтелдерде өте жиі кездеседі. Мысалы: Саналы адам сағыңды сындырмас, санасыз адам жағыңды тындырмас. Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. Ынтымақты елге ешкі жетпес, ынтымақсыз елдің өкінші кетпес. Тозар елдің жанжалы бітпес, озар елдің арманы бітпес. Мысалдағы сойлемдердің бір компонентінде жақсылықтың, ізгі қасиеттің жақсылығы, артықшылығы айтылса, екіңші компонентте оған жамандықтың жағымсыз нəтижелері, кесапат қылықтары қарама-қарсы қойыла салгастырылган.

Бірақ салыстырмалы салалас сөйлемнің барлық түрібірдей бұлай болып келе бермейді. Ол кейде біріне аналогия ретінде алынған екі түрлі заттың құбылыстың іс- əрекетін, жай-күйін жай ғана баядайды. Мысалы: Қаратайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. Өнер-ағып жатқан бұлақ, ілім-жанып жатқан шырақ. Кең киім тозбайды, кеңесті ел азбайды. Міне, бұл келтірілген мысалдағы сөйлемдерде компонентте баяндалған іс-əрекеттің ешқайсысына, жоғардағыдай, артықшылық мəн берілмейді. Бір-біріне аналогия ретінде алынган субектілерінің қайсысының қандай қасиеті барлығы, қайсысы қандай əрекет
жасай алатындығы баяндалады. Сөйтіп, мұндагы салыстырудан, теңдестірудің, аналогияның негізгі компоненттер суъбектілерінде болады.

  1. Шартты салалас сөйлем. Компоненттер мағыналары өз ара шарттас болып келетін салалас құрмалас сөйлем шартты салалас сөйлем деп аталады. Мысалы: Бүгін өзің қоншы осы жерге, бəрін де көзіңмен көресің. Тағы да екі-үш күн бөгейтін амалын тапшы өзің, қозыдай көгендеп қолыңа берейік. Кəрімғали тезірек қымыз əкеле қойса жарар еді, ең болмаса қымызга қосып ішер едік. Келтірген мысалдың бəрінде де бірінші компоненттердегі іс-əрекеттер екінші компонентегі іс-əрекеттердің алдагы уақытта болуына шарт ретінде алынған.

Сөйтіп, компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан да, шартты білдіретін жай сойлемнің орналасу тəртібі жағынан да шартты салалас сөйлемнің шартты сабақтас сөйлемнен ешқандай өзгешелігі жоқ.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет