Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет77/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Бағыныңқы компоненті басыңқы компонентегі і-əрекеттің, оқиғаның болу я болмауындағы мақсатты білдіретін сабақтас құрмалас сөйлем мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлем.

Мақсат бағыныңқылы сабақтастағы бағыныңқы жай сөйлем басыңқы сөйлемнің жетегіне айтылып, оған меңгеріле, бағына байланысады да, басыңкы компоненттің немесе оның баяндауышының жетегіндегітұрлаусыз мүше тəріздес болып тұрады. Мақсат бағыныңқының басыңқы компонентпен мағыналық қатынасы жағынан сөйлемнің тұрлаусыз мүшесіне, əсіресе мақсат пысықтаушына, ұқсастығына қарай кейбір əдебиеттерде сабақтастың бұл түрі мақсат пысықтауыш бағыныңкылы сабақтас сөйлем деп те аталады.
Біреу-міреу секем алып жүрмесін деп, біз екі-үштен бөлініп кеттік. Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік. Оқытушы беделді болу үшін, ең алдымен, ол марксизм-ленизм ғылымын терең меңгеру керек. Мысалдың бірінші сөйлеміңдегі біреу-міреу секем алып жүрмесін деп деген бағыныңқы компонент не мақсатпен? не үшін? деген сұрауларға жауап болып, басыңқы компоненттегі екі-үштен бөлініп кетудің мақсатын білдіріп тұр. Мысалдың кейінгі сөйлемдері де сондай. Не үшін жыраның ішімен кеттік? Күзетші сезіп қалмау үшін т.б.
Мақсат бағыныңқылы сабақтаста бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен өзінің мынадай баяндауыш формалары арқылы құрмаласады.

  1. Бағыныңқы компонент үшін шылаулы тұйық етістікке аяқталады. Қыстың ызғары өтпеу үшін, қоңыз інді терең қазды.

  2. Бағыныңқы компонентде көмекшісіне тіркесіп келген етістік түрлеріне аяқталады. Деп көмекшісіне тіркесіп айтылған етістік бұйрық райдың 1,3-жағында тұруы да, есімше формада тұруы да мүмкін:

Аяғымның сырқыраған басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырды.

  1. Бағыныңқы компонентбол көмекшісіне тіркесіп келген-мақ, мек,-пақ,-пек,- бақ,-бек жұрнақты етістікке аяқталады: Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, аттарын шоқыта, сар желіске сала жөнеледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет