«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті



бет3/4
Дата07.09.2020
өлшемі33,85 Kb.
#77473
1   2   3   4
Байланысты:
1 сынып

1) «Ғасырлар даналығы»;

2) «Ынтымақты отбасы»;

3) «Адам болам десеңіз...»;

4) «Әсемдік әлемінде».

  1. Аталған тақырыптар жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау, адамгершілік-рухани қасиеттерді дамытуға және үйлесімді тұлға дамуының тұтастай процесінің түрлі жақтарын, қоғамдағы адамның рөлін, адам мен табиғаттың, Әлемнің үйлесімі мен бірлігінің мәнін ашуға; басқа адамдармен өзара қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.

  2. «Ғасырлар даналығы» атты бірінші тарау оқушыларды әлем халықтарының даналығы арқылы «­Өзін-өзі тану» пәнімен таныстырады. Мұнда балалардың ертегілер, аңыздар, әңгімелер, адамзаттың рухани мұрасының даналығы арқылы адамгершілік өмірдің негіздерін тани алатын сабақтар қарастырылған. Олар мектеп ұжымында татулықта өмір сүру, бір-бірімен тіл табысу, мектептік тәртіпті сақтау, кішілерге көмектесу, үлкендерді сыйлау сияқты мәңгілік құндылықтарды ойға тоқиды. Бұл міндеттерді табысты орындауға балалардың адамгершілік құндылықтарды қызықты танымдық материалдар арқылы қабылдауы ықпал етеді. Осы тараудың бағдарламасында оқушыларды адалдық, әділдік, тәртіп, ұқыптылық, қоғамдық меншік, жақыныңа көмектесу, достық, өзара түсіністік, ынтымақтастық ұғымдарымен таныстыру қарастырылған.

  3. Баланың жаңа әлеуметтік рөлі – мектеп оқушысының рөлі – негізінде іс-әрекеттің (оқудың) жаңа түрін ғана меңгерумен байланысты емес, сонымен қатар қарым-қатынастың, қызығушылықтардың, құндылықтардың, бала өмірі әдеттерінің барлық жүйесінің өзгеруімен байланысты болады. Бұл жастағы балалар білімді негізінен ойын және шығармашылық іс-әрекеттер арқылы алады. Осыған байланысты оқытудың ойын әдістерін кеңінен қолдану қажет, саналуан шығармашылық әрекет түрлерін, жағдаяттарды ойлану тапсырмаларын ұсыну керек. Мұның барлығы бастауыш сынып оқушыларын оқытудың коммуникативтік-қызметтік тәсілін қамтамасыз етеді.

  4. Алған білім балаларға біріне бірі қамқорлық және жанашырлық көрсетудің қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді. Игерілген дағдылар мектеп өмірі процесінде балаларды жақсылыққа, мұқияттылыққа, кеңпейілділікке, ынтымақтастық дағдыларын тәрбиелеуге ықпал етеді. Осы тараудағы сабақтардың маңыздылығы – мектеп өміріндегі тұрақты тілектестік қарым-қатынастың келешекте ересек адамның тұлғалық жағымды қасиеттерінің орнығуына игі әсер ету болып табылады.

  5. Бағдарламаның «Тату отбасы» атты екінші тарауында: коммуникативтік біліктер мен дағдылар отбасында ғана емес, сонымен қатар сыныпта да, мектепте де дамуына (тыңдау, түсіну білігі, өзін және өзгелерді бағалай білу, бірге мазасыздану, көмектесу, өзара әрекеттесу); құрдастарымен тең құқылы, қайырымды қарым-қатынас орнату білігіне; өзін жағымды күйге келтіру білігіне; өз сезімін білдіруге және басқалардың сезімін тани білуге; тұлғааралық жанжалдарды шешу біліктерін игеруге; әлеуметтік белсенділікті дамытуға негізгі назар аударылады. Осы тараудың бағдарламасында оқушыларды сүйіспеншілік, жақсылық, қарым-қатынас мәдениеті, әдептілік, адамның көңіл-күйі, достық, достар, адамшылық, қайырымдылық, құрмет ұғымдарымен таныстыру қарастырылады.

  6. «Ынтымақты отбасы» тарауының сабақтары отбасында және мектеп ұжымында тілектестік ахуалды ұйымдастырудың жағымды аспектілерін ашуға, айналасындағыларды және бірін-бірі сыйлауға, ешкімді ренжітпейтін және назардан тыс қалдырмайтын эмоциялық жылылық пен өзара түсіністікке бағдарланған. Оқушыларды басқалардың тәртібін реттеудің әдепті тәсілдерін табуға, балалардың кешіре білу білігін дамытуға, шыдамдылық, мейірімділік, бекзаттық, төзімділік танытуға сабырлылықпен үйрету қажет.

  7. Баланың оқу процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастың этикалық нормаларын меңгеруі маңызды. Ол үшін баланың қарым-қатынас дағдыларын, ынтымақтастық пен ұжымшылдық рухын дамыту, басқалардың сезімін түсіне білуге, топта қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттесуге, басқа балалармен достасуға, олармен жетістіктері мен сәтсіздіктерін бөлісуге, өз мінез-құлқын бақылауға, оны саналы басқаруға, әр түрлі өмірлік жағдаяттарда батыл және өзіне сенімді болуға үйрету керек.

  8. Балаларды жаттығулар, ойындар, шығармашылық, эксперимент, әрекеттің түрлі практикалық формаларына тарту өскелең адамды тәрбиелілік нормаларына баулуға, өзіне, айналасындағыларға, құрдастарына және ересек адамдарға эмоциялық-мотивациялық қатынас орнатуды қалыптастыруға, отбасында, қоғамда және тұлғалық дамуда дұрыс мінез-құлық үшін қажет коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, қарым-қатынас білігі мен тәжірибесін дамытуға ықпал етуі тиіс.

  9. Осы тараудың сабақтарынан алған сыпайы қарым-қатынас жасау тәсілдері, құралдары мен әдістері туралы білім балаларға адами өзара қарым-қатынас өнері туралы түсініктер береді, олардың жақын адамдарға, сыныптастарына, таныстарына мейірімді және шынайы сезімдерін тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады деп болжанады. Бұл балаларды пікірлесінің эмоционалдық күйін түсінуге, өз ойлары мен сезімін дұрыс жеткізе білуге, жақсы қарым-қатынасты бағалауға және айналасындағы адамдармен қарым-қатынастан ләззат алуға, оларға қамқорлық жасауға және қолдан келерлік көмек көрсетуге үйретеді.

  10. «Адам болам десеңіз....» атты үшінші тарау балалардың жас жағынан дамуының психологиялық ерекшеліктерін: мінез-құлықтың өспелілігін ұғынушылықты, әсершілдікті, сезімнің қарқынды дамуын, жалпы эмоциялық күйін (ақжарқын, сергек), ерік-жігерлік қасиеттерінің дамуын ескере отырып әзірленген. Тарау балалардың адамгершіліктік құндылықтық бағдарларды қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал ететін материалдардан тұрады. Осылайша, оқушылар дербестік және жауапкершілік, еңбексүйгіштік, бауырмалдық, әділдік, ұят, ар, батылдық және тағы басқа адамгершілік түсініктерімен танысады. Мейірімділік, достастық, табандылық, мақсатқа ұмтылушылық, батылдық, өзін-өзі құрметтеу, ар-намыс, жанашырлық білігін, басқа адамдарға, жан-жануарларға, табиғатқа мұқияттылықпен қарауды, қоғамдық меншікті сақтауды дамытуға ықпал ететін баланың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге ерекше назар аударылады.

  11. Бағдарлама мазмұнында өзін-өзі тану, өз әрекеттерін салыстыра алу, талдай білу, олардың этикалық мазмұнын көре білу және бағалай алу біліктерін дамыту қарастырылған.

  12. Оқытудың мазмұны мен әдістері балалардың эмоционалдық ықыластылығын дамытуға, өзін-өзі құрметтеуге тәрбиелеу үшін жағдай жасауға, өз қадір-қасиетін сезінуге, эмпатия сезімін көрсетуге бағытталған. Білімдік процесс баланың өз ұстанымы, оның өмірлік тәжірибесі тұрғысында құрылуы тиіс, сондықтан білім беру және тәрбие процесінде оқушыларға берілетін ақпаратты бала қабылдап қана қоймай, эмоциялы түрде бастан өткеруі тиіс. Өмірлік жағдаяттарды шешудің адамгершілік тәсілдеріне үйрететін қолда бар тәжірибені қолдану қажет.

  13. Тарауды оқытуда жетекші әдіс ретінде этикалық әңгімені қолдану тиімді. Адамгершілікті көрсету фактілерін талқылау процесінде мұғалім балалардың жағымды эмоцияларын оятуы, өзіндік қадір-қасиетті сезінуін дамытуы қажет. Этикалық әңгімелердің мазмұны балалардың әртүрлі әрекеттерімен байланысты, яғни, олар қоғамдық құбылыстарды бағдарлай алатындай, өз тәртібін сезінетіндей, өз әрекеттерінің адамгершілік нәтижелерін көре алатындай болуы тиіс. Адамгершілік тәрбиенің ұтымды тәсілдері мен құралдары арнайы құрастырылған танымдық тапсырмалар болып табылады. Оларды шешу барысында бастауыш сынып оқушылары әрекеттерді қарастыру, жағдаяттарды талдау, оларға өзінің жеке қатынасын білдіру кезінде өздеріне таныс адамгершілік ұғымдарды қолданады. Сабақта ойлануға және қиялды дамытуға уақыт бөлу қажет – бұл тыныштық және өзің туралы ойға бату сәті. Осындай жұмыстың нәтижесінде балалар әділеттілікпен әрекет етуге, өз тілегін ортақ іске бағындыруға, өздігімен әрекет етуге және қойылған міндеттердің шешімін табуға үйренеді.

  14. Адамгершілік құндылықтар туралы түсініктер бастауыш сынып оқушыларына жағымды мінез-құлықтың ішкі түрткілерін қалыптастыру, өз бойында жақсы үлгілерге еліктеу ниетін дамыту мүмкіндігін береді. Білім мен тәрбиенің қаланған негіздері балаға өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін, өзіне қатысты талап қоюшылықты, өзін-өзі дұрыс бағалауды қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл баланың тұлғалық негізгі сипаттарын дамытуға көмектеседі.

  15. «Әсемдік әлемінде» атты төртінші тараудың мазмұны бастауыш сынып оқушыларының қоршаған әлеммен адамгершілік қатынас тәжірибесін қалыптастыруға бағдарланған. Табиғатқа қамқорлық қатынасты тәрбиелеу және балалардың денсаулығын нығайту мақсатында экологиялық шығармашылық іс-әрекеттер ұйымдастыру қажет. Сабақтың мазмұндық толықтығы бастауыш сынып оқушыларын еліктіретін танымдық, сюжеттік-рөлдік ойындар, мерекелер, табиғи материалдарды қолдана отырып жүргізіліген практикалық жұмыстар, экскурсиялар, осы жастағы балалардың шамасы келетін табиғатты қорғау іс-әрекет шараларын қолдануды қамтамасыз етеді.

  16. «Әсемдік әлемінде» тарауының мазмұндық құрылымы рухани-адамгершілік және зияткерлік білім элементтері арасында байланыс орнату үшін жағдай жасайды. Тарау мазмұнын құрайтын бұл білім компоненттері мазмұны жағынан ізгіліктік жалпыадамзаттық құндылықтармен байланысады. Осылайша, өмір құндылығын және адам денсаулығын ашуға арналған сабақтарда оқушылар адам өмірі мен табиғаттың өзара байланысы туралы, денсаулықтың дұрыс әрекет етумен ғана емес, сонымен бірге дұрыс ойлау және сөйлеумен байланысты екендігі туралы, әркімнің басқа халықтардың мәдениетін құрметтеу жауапкершілігі жайында біледі, экологиялық мәселелерді шешу жолдарымен танысады.

  17. Адамгершілік қасиеттер іс-әрекеттен тыс туындамайды. Сондықтан балалардың жеткілікті көлемде өзіндік қоғамдық пайдалы еңбегінің және басқа да риясыз іс-әрекет түрлерінің болуы аса маңызды, бұл мораль нормалары мен ережелері туралы өз білімдерін жүзеге асыруға, өз іс-әрекеттерін қоғамға қызмет етуге бағыттауға мүмкіндік береді.

  18. Адамгершілік және экологиялық бағдарланған мінез-құлықтың қалыптасқан тәжірибесі бастауыш сынып оқушыларына өзімен-өзі және қоршаған әлеммен үйлесімді өмір сүруге көмектеседі, өз денсаулығын нығайтуға және сақтауға, өзінің өмірлік әрекеттері – еңбек, демалыс, тамақтану үшін экологиялық жағдайды қамтамасыз етуге, оқушыларда қоршаған ортада адамгершілік тәртіп, экологиялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға үйретеді.

  19. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-рухани білімінің тиімділігі көбінесе мұғалім мен отбасының үйлескен, келісілген жұмыстарына байланысты болады. Ата-аналар мұғалімнің қандай адамгершілік нормаларына тәрбиелейтінін, бала тәртібіне қандай талаптар қоятынын, олардың әрекеттері адамгершілік өлшемшарттар бойынша қалай бағаланатынын, сынып ұжымындағы қоғамдық пікірдің қандай екендігін білуі тиіс. Ата-аналар мен педагогтердің тәрбиелік әсерінің бірлігі тәрбиенің мақсаты мен нақты міндеттерін бір мағынада түсінуінен, оларды әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып жүзеге асыру білігінен көрінеді. Бастауыш сынып оқушыларына рухани-адамгершілік білім берудің тиімділігін арттыруда ата-аналар мен мұғалімдер балалар еліктеуге лайық үлгі болуы қажет. Бағдарламаны жүзеге асыруға ата-аналарды тартудың түрлі тәсілдері арқылы қол жеткізіледі. Бірлескен үй тапсырмалары (балалар мен олардың ата-аналары үшін), курстың мақсатын, міндеттері мен әдістерін ашатын әдебиеттер ұсыну, таныстыру сабақтары мен тренингтер, әңгімелер өткізу кеңінен қолданылады. Бұл балаларды мектепте де, үйде де үздіксіз тәрбиелеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  20. Бұл бағдарламаға адамзаттың адамгершілік-рухани мәдениеті, адам және қоршаған әлем, оқушылардың ішкі ізденістерін белсендіретін, терең ойлану қабілеттілігін дамытатын, өмірлік мәнді мәселелердің мәнін ажырату және интуитивті ұғыну туралы мәліметтер кеңінен енгізілген. Мұның барлығы оқу материалдарын құрудың сабақтастығын сақтауға ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет