«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті


«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті



бет2/4
Дата07.09.2020
өлшемі33,85 Kb.
#77473
1   2   3   4
Байланысты:
1 сынып

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті:

1) әрбір адамның табиғатына қаланған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау;

2) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру;

3) адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысы ескерілген оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық негіздерін қалыптастыру.


  1. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жалпы мақсаттарға қол жеткізу арқылы жүзеге асырылады, яғни:

1) әрбір оқушының өз рухани-адамгершілік табиғаты мен өмірлік мұратын ұғынуына ықпал ету;

2) өскелең адамның үйлесімді қалыптасуына көмектесу.



  1. Бұл келесі міндеттерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі:

1) өзіне, адамдарға және қоршаған ақиқатқа құндылықты қатынасын; айналасындағыларға риясыз сүйіспеншілік пен тілектестік қабілеттілік танытуын, оларға қамқорлық жасауын ашып көрсету;

2) өзін-өзі тану, өмірлік мақсаты мен өзінің мұратын түсіну уәждемелерін дамыту;

3) өзіндік қадір-қасиет сезімін, өз-өзіне сенімділік, өз ойына, сөзіне және әрекеттеріне жауапкершілікті дамыту;

4) адамның ішкі және сыртқы әлемінің өзара байланысын, оның табиғатпен тұтастығын, физикалық, психикалық және рухани денсаулығының өзара тәуелділігін түсіну қабілетін; салауатты өмір салтын жүргізудің негізі ретінде өзінің физикалық және психикалық күйін реттеуді дамыту;

5) әлеуметтік ұстанымдар мен рөлдердің көптүрлілігі тұрғысынан позитивті ойлау және өз әрекеттері мен мінез-құлқын реттеу мүмкіндіктерін ұғыну қабілетін дамыту;

6) дұрыс өмір сүру үшін білім, білік және дағдыларын қолдану қабілеттерін ашу, әртүрлі өмірлік жағдаяттарды бағалау кезінде өзінің ар-ұжданына жүгіну, жалпыадамзаттық құндылықтарға қайшы келмейтін шешімдер қабылдау;



7) адамгершілік нормаларына сәйкес келетін міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда қызмет ету, сондай-ақ топта, командада жұмыс істеу біліктерін дамытуда өзіне және басқаларға жәбір көрсетпеу.

  1. Бастауыш мектепке арналған өзін-өзі тану бағдарламасы білім берудің құндылықты мәнін күшейте отырып, адамның сүю, өзіне сену, жақсылық жасау, тілектестік таныту, өзіне және басқаларға қамқорлық жасау, позитивті ойлау, адамгершілікті таңдау жасау, дәстүрлерді бағалау және еселеу, жасампаздық, өзіне жауапкершілік алу, ынтымақтасу, кемелдену қабілеттерін ашуды көздейді.

  2. Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып төмендегі тарауларда ашылады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет